Топтық оржолмен ашудың мәні үш-төрт кемер тобын олардың жалпы саны төрт-алты кезінде бір сыртқы немесе ішкі оржолды өту. Көбіне топтық үңгінің біреуі жыныстық келесісі өндірістік кемерлерді ашуды қамтамасыз етеді. Бұл тәсіл қалыңдығы үлкен едәуір тереңде жазық және көлбеу жатқан тақталарды өндіруде қолданылады.
Карьердің барлық кемерін бір ғана жалпылама оржолмен ашу (3– сурет) терең кенорындарын немесе таулы өлкеде орналасқан кенорындарында қолданылады.
Нақтылы жағдайлаға байланысты оржолды жүргізудің әртүрлі тәсілдері қолданылады: тасымалдық – үйіндіге жынысты жеткізу; тасымалсыз – оржол жағдауына жыныстарды орналастыру; аралас.
3 – сурет Карьер алаңын жалпылама бір ғана оржолмен ашу
5. Пайдалы кенорындарын ашық қазу жүйесі дегеніміз – жұмыс горизонтындағы кемерлерде ашу, өндіру және тау-кендік дайындау жұмыстарының бекітілген жоспармен орындалу тәртібі.
Ашық қазудың келесідей жүйелері бар (проф. Е.Ф. Шешконың жіктеуі бойынша):
I кенжардан ішкі үйіндіге аршу жыныстарын көлденең орналастыру (4 а – сурет);
II ішкі және сыртқы үйінділерге ашу жыныстарын бойлық бойымен орналастыру (4 б – сурет);
III бір карьер аумағында I және II – класс жүйелерінің ерекшеліктерін біріктіретін аралас жүйе (4 в – сурет).
4 – сурет Проф. Е.Ф. Шешконың жіктеуі бойынша қазу жүйесінің тасымалдау схемасы
Жыныстарды көлденең орналастыру мен аралас қазу жүйелері негізінен жазық және көлбеу кеншоғырларында қазылған кеңістікке үйінділерді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін сәйкес жабдықтардың болуына байланысты қолданылады.
II – класс жүйесінде жыныстарды сыртқы үйіндіге тасымалдау техникалық және экономикалық жағынан өте күрделі. Бірақта бұл жерде жыныстарды тасымалдау кемерден тыс жүргізіледі, сол себептен карьер мөлшерін шектемейді. Жүйенің параметрлері жабдықтардың жұмыстық мөлшеріне тәуелсіз. Нақты жағдайда жыныстарды сыртқы үйіндіге тасымалдайтын осы жүйені кең қолданылады және де ішкі үйінділер болу мүмкін еместігіне сай таулы өлкелердегі кенорындары мен құлама және күртқұлама кеншоғырларын қазудағы жалғыз қолданылатын жүйе осы.
Қазу жүйесінің негізгі параметрлері: кемер биіктігі; енбе және кенжар ені; блок ұзындығы; жұмыс алаңының ені. Кемер биіктігі әдетте экскаватордың жұмыстық мөлшеріне сай келеді. Бірақта бұл жерде әрбір кемерді біртекті жыныстар қалыңдығымен кесуге тырысу керек. Жыныс бойынша кемердің биіктігі әдетте 10 нан 15 м, ал көмір бойынша кемердің биіктігі тақта қалыңдығына байланысты және де 3 м немесе оданда көп болуы мүмкін. Кейбір жағдайда кемерлерді кемершелерге бөледі. Кемерлерді жеке жолақтармен немесе енбелермен қазады. Енбе ұзындығы кемер ұзындығына, ал енбе ені кенжар еніне тең. Енбелер бөліктерге бөлінуі мүмкін, оларды блоктар деп атайды. Блоктар ұзындығы 300 ден 500 м шамасында қабылданады. Әр блок өзінің экскаваторы, бұрғылау станогы және т.б. құралдармен қазылады. Жұмыс алаңы тау-кенкөлік жабдығын орналастыруға арналған. Жұмыс алаңы ені 25 – 30 дан 100 – 130 метрге дейін болады.
Тарау бойынша бақылау сұрақтары:
1. Ашық тау-кен жұмыстарының мəні неде?
2. Ашық тау-кен жұмыстарының қандай ерекшеліктері бар?
3. Карьер кандай элементтерден құралады?
4. Күрделі оржол деп қандай қазбаны атаймыз?
5. Жартылай оржол деп қандай қазбаны атаймыз?
6. Кен шоғырын игеру жүйесі деген қандай ұғым?
7. Аршу коэффициенті деген қандай ұғым?
8. Орташа, эксплуатациялық, қабаттық, контурлық, шектік аршу коэффициенттері
қалай анықталады?
9. Кенорнын ашу тəсілдері қалай жіктемеленеді?
10. Карьер алаңын ашу əдістері қалай таңдалады?
11. Игеру жүйелері қалай жіктемеленеді?
12. Жатыстары горизонталь жəне көлбеу кен шоғырлары қандай технологиялық
сұлбалармен игеріледі?
13. Жатыстары еңкіш жəне күртқұлама кен шоғырлары қандай технологиялық
сұлбалармен игеріледі?
14. Игеру жүйелерінің қандай элементтері мен параметрлері бар?
15. Бұзылған жерлерді рекултивациялау деген қандай ұғым?
16. Рекультивациялау кезінде қандай жұмыстар атқарылады?
17. Үйінділерді дамытудың қандай ықтимал сұлбалары бар?
Достарыңызбен бөлісу: |