Тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу туралы негізгі ережелер тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу



бет55/57
Дата09.06.2020
өлшемі90,81 Kb.
#72794
түріКодекс
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Байланысты:
ТАУАРЛАРДЫ КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ КЕДЕНДІК ШЕКАРАСЫ
Байболатова Тұмар Курсстық жұмысы
Шартты түрде шығарылған тауарлар

      1. Мыналарға қатысты:

      1) тауарларды пайдалану және оларға билік ету бойынша шектеулермен ұштасқан кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер берілсе;

      2) пайдалану және билік ету жөніндегі шектеулер тауарлар шығарылғаннан кейін құжаттарды табыс етуге байланысты болса;

      3) мөлшері Бірыңғай кедендік тарифпен белгіленген кедендік әкелу баждары ставкаларының мөлшерінен аз кедендік әкелу баждарының ставкалары қолданылса, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар шартты түрде шығарылған тауарлар болып саналады.

      2. Шартты түрде шығарылған тауарлар жеңілдіктер беру шарттарына сәйкес келетін мақсатта ғана пайдаланылуы мүмкін.

      Шартты түрде шығарылған тауарларды үшінші тұлғаларға, оның ішінде оларды сату немесе өзге де тәсілмен иеліктен шығару жолымен беруге тыйым салынады, ал егер көрсетілген тауарларды әкелуге шектеулер осы тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін тексеруге байланысты белгіленсе, оларды кез келген нысанда пайдалануға тыйым салынады

      Шартты түрде шығарылған тауарлар Қазақстан Республикасының аумағы шегінде ғана пайдаланылуы мүмкін.

      3. Шартты түрде шығарылған тауарлардың шетелдік тауарлар мәртебесі бар және олар кедендік бақылауда болады.

      4. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, кедендік баждардың, салықтардың тиісті сомаларын төлеу бойынша міндет тоқтатылған кезге дейін шартты түрде шығарылған болып саналады.

      4-1. Арнайы инвестициялық келісімшарттарды іске асыру шеңберінде Кеден одағының кедендік аумағына әкелінген тауарлар оларды нысаналы пайдалану тоқтатылған кезге дейін шартты түрде шығарылған болып есептеледі.

      Мерзімдерін қоса алғанда, осындай тауарларды нысаналы пайдалануды тану тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының индустрия және индустриялық-инновациялық даму және өнеркәсіптік кешенді дамыту салаларындағы уәкілетті органдары айқындайды.

      5. Шартты түрде шығарылған тауарлар:

     тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарының, салықтардың тиісті сомасын төлеу жөніндегі міндеттерді тоқтатқаннан кейін;

тауарларға қатысты құжаттарды табыс еткеннен кейін;

      тауарларға қатысты Бірыңғай кедендік тарифпен белгіленген кедендік әкелу баждарының ставкалары бойынша есептелген кедендік әкелу баждары сомаларының және тауарларды шығарғаннан кейін төленген кедендік әкелу баждары сомаларының айырмасы мөлшерінде кедендік әкелу баждарын төлегеннен кейін Кеден одағы тауарлары мәртебесіне ие болады.

      Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен және Комиссияның шешімімен өзге де жағдайлар белгіленуі мүмкін, ол кезде шартты түрде шығарылған тауарлар Кеден одағы тауарлары мәртебесіне ие болады.

      6. Кеден одағы тауарларының мәртебесін алу үшін шартты түрде шығарылған тауарлар ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен қайта орналастырылуға жатпайды.

      Кедендік баждарды, салықтарды төлеу тәртібі құжаттарды табыс ету осы Кодексте айқындалады.

      7. Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарымен немесе Қазақстан Республикасының кеден заңнамасымен тауарларды шартты түрде шығарылғандар қатарына жатқызудың өзге де жағдайлары мен тәртібі белгіленуі мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет