1. Қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық анықталған жағдайда тауарлар шығару іс бойынша іс жүргізу аяқталғанға немесе әкімшілік процесс аяқталғанға дейін, егер мұндай тауарлар алып қойылмаса немесе оларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тыйым салынбаса, жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Қосымша есепке жазылуы мүмкін кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсыну қажеттігі көзделуі мүмкін.