Тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу туралы негізгі ережелер тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу


Тауарларды уақытша сақтау орындары



бет19/57
Дата09.06.2020
өлшемі90,81 Kb.
#72794
түріКодекс
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   57
Байланысты:
ТАУАРЛАРДЫ КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ КЕДЕНДІК ШЕКАРАСЫ

Тауарларды уақытша сақтау орындары

      1. Мыналар:

      1) уақытша сақтау қоймалары;

      2) өз тауарларын сақтау қоймалары;

      3) кедендік және еркін қоймалар;

      4) үй-жайлар, ашық алаңдар және уәкілетті экономикалық операторлардың өзге де аумақтары;

      5) осы Кодекстің 265-бабына сәйкес өзге де орындар тауарларды уақытша сақтау орындары болып табылады.

      2. Тауар иесінің өз тауарларын уақытша сақтауға арналған, кедендік бақылаудағы үй-жайы және ашық алаңы өз тауарларын уақытша сақтау қоймасы болып табылады.

      Өз тауарларын сақтау қоймалары мынадай талаптарға сай болуға тиіс:

      1) меншігінде, шаруашылық жүргізуінде, жедел басқаруында немесе жалдауында үй-жайлар және ашық алаңдар болуға;

      2) қажетті тиеу-түсіру механизмдері және арнаулы техникасы болуға, сондай-ақ орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сәйкес келетін сертификатталған таразы жабдығы, ал арнаулы сақтау орнына газ орналастырылатын жағдайда тиісті есепке алу аспаптары болуға;

      3) жапсарлас тиеу-түсіру алаңдарын қоса алғанда, аумақ осы Кодекстің 186-бабының 3-тармағына сәйкес белгіленуі және онда бетон немесе асфальт төсемі болуға;

      4) техникалық жарамды кіреберіс жолдар, сондай-ақ тауарларды тексеріп қарауға арналған орындар, оның ішінде электр жарығымен жарақтандырылған жабық алаңдар болуға;

      5) аумақ, жапсарлас тиеу-түсіру алаңдарын қоса алғанда, біртұтас және ажырамас кешен болуы, бір почта мекенжайы бойынша орналастырылуы және барлық периметрі бойынша тұтас қоршауы болуға тиіс.

      Кеден және еркін қойма үй-жайларның бір бөлігі өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізбесіне енгізілместен өз тауарларын сақтау қоймасы ретінде пайдаланылуы мүмкін.

      Кеден немесе еркін қойма үй-жайының бір бөлігін өз тауарларын сақтау қоймасы ретінде пайдаланған жағдайда ол үй-жайдың қалған бөлігінен тұтас қоршаумен оқшаулануға тиіс.

      Өз тауарларын сақтау қоймалары осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес қана пайдаланылуға тиіс. Көрсетілген қоймаларды өзге мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді.

      3. Уақытша сақтау орындары кедендік бақылау аймағы болып табылады.

      4. Басқа тауарларға зиян келтіруі мүмкін немесе ерекше сақтау жағдайларын қажет ететін тауарлар мұндай тауарларды сақтау үшін арнайы лайықталған уақытша сақтау орындарында сақталуға тиіс.

      Кеден органының қызмет аймағында мұндай тауарларды сақтау үшін лайықталған уақытша сақтау орындары болмаған жағдайда, алушының жазбаша өтініші бойынша кеден органының рұқсатымен осы тауар алушы айқындаған уақытша сақтау орындарына оның жауапкершілігімен, кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу міндетті түрде қамтамасыз етілген кезде орналастырылады.

      5. Тауарларды уақытша сақтау орындарына орналастыру кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен расталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет