1) үй-жайды немесе ашық алаңды тиісінше, осы Кодекстің 260-бабында белгіленген талаптарға сәйкес кедендік бақылауды қамтамасыз ету үшін қажетті түрде жайластыруға;
2) үй-жайдан немесе ашық алаңнан кедендік бақылаудан басқа уақытша сақтаудағы тауарлар мен көлік құралдарын алып қою мүмкіндігін болдырмауға;
3) үй-жайдағы немесе ашық алаңдағы тауарлардың және көлік құралдарының сақталуын қамтамасыз етуге;
5) есепке алуды жүргізуге және келіп түсетін, сақталатын, әкетілетін тауарлар және көлік құралдары туралы есептілікті кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен кеден органына ұсынуға;
6) сақталатын тауарларға және көлік құралдарына бөтен тұлғалардың кеден органдарының рұқсатынсыз қолжетімділігін болдырмауға;
7) кеден органдары лауазымды адамдарын олардың талабы бойынша сақталатын тауарларға және көлік құралдарына қолжетімділігін қамтамасыз етуді қоса алғанда, кеден органдарының талаптарын орындауға;
8) тауарларды жоғалтқан не кеден органының рұқсатынсыз басқа тұлғаларға берген кезде кедендік төлемдерді және салықтарды төлеуге;
9) кеден органын жөндеу жұмыстарын жүргізу, өз тауарларын сақтау қоймасы алаңының ұлғаюы не азаюы туралы, осы жұмыстарды, оның ішінде орындау жоспарлаған мерзімді көрсете отырып, жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті.