Байланысты: ТАУАРЛАРДЫ КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ КЕДЕНДІК ШЕКАРАСЫ
Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен шығару
1. Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен шығару үшін:
1) осы Кодексте белгіленген талаптар мен міндеттерді қатарынан алты ай ішінде бірнеше рет бұзу;
2) заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таратылуы;
3) қайта құруды қоспағанда, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы;
4) шешімнің қолданылуын бұрын тоқтата тұрған себептердің осы Кодекстің 263-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген мерзім ішінде жойылмауы;
5) өз тауарларын сақтау қоймасына қатысты мүліктік құқықтардың тоқтатылуы немесе өзгеруі;
6) өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің өтініші негіздеме болып табылады.
2. Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен шығару туралы шешім, мұндай тоқтатудың себептері көрсетіле отырып, қызмет аймағында қойма құрылған кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі басшысының бұйрығымен ресімделеді.
Бұйрық қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті ақпарат жазбаша нысанда иесінің назарына жеткізіледі.
3. Тұлға өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен шығарылған кезде оларда сақтаудағы тауарлар осы баптың 2-тармағында айқындалған бұйрық қабылданған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде уақытша сақтау қоймасына орналастырылуға тиіс.