4. ГАЗДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ТӘРТІБІ
4.1. Газ көлемінің есебінсіз оны жеткізуге және алуға рұқсат етілмейді. Өнеркәсіптік және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылармен пайдаланылатын Газдың көлемін есепке алу:
1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік стандартының уәкілетті органында тиісті аттестацияланған, Тараптармен комерциялық деп танылған, №5 Қосымшада көрсетілген, Газды қабылдау (беру) пункттерінде орнатылған есепке алу аспаптары бойынша;
2) есепке алу аспаптары болмаған жағдайда, олар бұзылған немесе газ жабдығының параметрлеріне сәйкес болмаған, сондай-ақ байқауаралық интервалдың мерзімі өткен кезде – газ тұтыну жабдығының қуаттылығы бойынша жүргізіледі.
4.2. Есепке алу аспаптарының көрсеткіштері олар техникалық түзу болғанда, барлық өлшеу құралдарының лейблі, пломбалары, тексеру туралы сертификаты, паспорттары болса және Қазақстан Республикасында қабылданған стандарттардың және нормативтердің талаптарына сәйкес барлық рәсімдер дұрыс жүргізілген жағдайда, жарамды деп танылады.
Егер Тараптардың бірінде есепке алу аспабының көрсеткішінің дұрыстығына күмән болған жағдайда, есепке алу аспабын кезектен тыс тексеруден өткізуге байланысты барлық шығындарды бастама жасаған Тарап өзіне алады.
4.3. Жеткізілген газдың көлемі есепке алу аспаптары бойынша есепке алынған жағдайында, Тараптар:
1) есепке алу аспаптарының кез келген торабын және элементін, Газ есебіне қатысы бар бекіткіш арматурасын олардың қалыпты жұмысын бұзбау үшін оларды пломбалауға құқылы. Пломба салу барлық қажетті мәліметтер көрсетілген Актімен ресімделеді. Пломба салу туралы Актілер Тараптарға беріледі.
2) есепке алу аспаптарының көрсеткіштері жазбасы 8.146-75 Мемлекеттік стандартқа сай келуі тиіс болатын картограммада тіркелетін болса, онда Жеткізуші Тұтынушымен қолданылатын картограммаларға өзінің қолы мен мөрін басуға құқылы, ал Тұтынушы Жеткізушінің қолы қойылған картограммаларды ғана пайдалануға міндетті.
4.4. Тараптар:
Тараптардың келісімі бойынша жоспарлы;
есепке алу аспаптарының иесіне ескертпей, жоспардан тыс Газды есепке алу аспаптарын өзара тексеруге құқылы.
Жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер тексерушілердің газ тұтыну жүйелерінің объектілеріне және ондағы есепке алу аспаптарына, Газдың көлемдерін беруге және есепке алуға байланысты басқа жабдықтарға және құжаттамаларға кедергісіз қол жеткізуін қамтиды.
Тараптардың бірінші басшылары немесе өкілетті тұлғалары жоспардан тыс тексеру жүргізуге құқыға бар тұлғаларды тағайындайды. Жоспардан тыс тексеруге өкілетті тұлғалардың тізімі қолмен және мөрмен расталып, Тұтынушыға беріледі.
Ескі тізім жойылғаннан кейін тізім жаңартылады.
Газды есепке алу аспаптары орнатылған күзетулі аймақ пен ғимаратқа өту жеке куәліктің көрсетілуімен жүзеге асырылады. Күзетші және өкілетті өкіл есепке алу аспаптарына тексерушінің кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге және өз аумағында ертіп жүруге, сонымен қатар, тиісті актілерге қол қоюға міндетті.
4.5. Газды жеткізу айында нақты жеткізілген Газдың көлемі Газды жеткізу актімен (бұдан әрі- Акт) расталады.
Тараптар есепті кезеңнен кейінгі айдың 1 күніне дейін осы Шарттың №2 Қосымшасына сәйкес осы Актіні құрады және Акт ресімделген күннен бастап бір күннің ішінде газ жеткізу айының соңғы күні қойылатын, осы Актіге қол қоюға
4.6. Тұтынушы жеткізілген Газдың көлемдерін анықтаумен келіспеген жағдайда, бір күндік мерзімде Жеткізушіге жазбаша түрде Актіге қол қоюдан дәлелді бас тартуды жолдайды. Тұтынушы дәлелді бас тартуда міндетті түрде Газдың даусыз көлемін, сондай-ақ Газдың даулы көлемі бойынша негіздемелерді көрсетеді.
4.7. Тұтынушы көрсетілген мерзімде дәлелді бас тартуды бермесе не осындай бас тартуды Газдың даусыз көлемін, сондай-ақ Газдың даулы көлемі бойынша негіздемелерді көрсетпей берсе, көлемдер Тараптармен қабылданды деп саналады және олар толық көлемдегі Актіле қол қоюға міндетті.
4.8. Газды жеткізу акті осы Шарттың ажырамас бөлігі және Тараптар арасындағы өзара есептесулер үшін негіз болып табылады.
4.9. Уәкілетті органмен белгіленген Газды есепке алу аспаптарын аралық тексеруден өткізу интервалының аяқталуына байланысты не Жеткізушінің берген ұйғарымы (хабарламасы) негізінде және Газды есепке алу аспаптарын тексеруді жүргізу үшін Газ беудің тоқтатылуына байланысты Жеткізушінің есепке алу аспабы жоспарлы тексерілген жағдайда, Жеткізуші Тұтынушыда өндірістің уақытша тоқтауына байланысты Тұтынушының шығындарына (алынбаған пайдаға) жауапты болмайды.
4.10. Жеткізушінің өкілдерімен Тұтынушының газбен жабдықтауға өз еркімен қосылғаны; орнатылған газ жабдығының қуаттылығын арттырғаны; есепке алу аспабынсыз газды тұтыну; пломбаны үзу (дайындаушы зауыттың (тексеру зертханаларының) пломбалары, Жеткізушінің индикаторлық пломбасы); газбен жабдықтау схемасын өзгерткені; Тұтынушының газды рұқсатсыз алуына (ұрлау) мүмкіндік беретін, көрсеткішті жалтару мақсатында есепке алу аспабына қандайда бір ықпал еткені, Жеткізуші өкілінің алдыңғы тексеру кезінде табуы мүмкін болмаған басқа бұзушылықтар айқындалса, Жеткізуші, егер Тұтынушының газ тұтыну жүйелері объектілерінің жұмыс регламентімен басқалар көрсетілмесе, газды есепке алу аспабы және (немесе) схемалардың қосылуы соңғы тексерілген күннен бастап бұзушылықтар айқындалған күнге дейінгі аралықтағы кезең, алайда талап қою мерзімінен артық емес кезең үшін, оның тәулігіне 24 (жиырма төрт сағатта) тұтынылу есебінен Тұтынушының орнатылған газ тұтыну жабдығының қуаттылығы бойынша газ шығынына қайта есеп жүргізеді.
Газбен жабдықтау желісіне қосылу схемасын тексеру Жеткізушінің өкілдерімен құрылған, газбен жабдықтау желісіне қосылу схемасын тексеру актісімен расталады.
4.11. 4.10-тармақта айтылған бұзушылықтар Тараптардың өкілдерімен қол қойылатын, айқындалған бұзушылықтар Актісімен ресімделеді. Тұтынушы құрылған Актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда, оған заңды күш беру үшін айқындалған бұзушылықтар Актісінде құрамында 3 (үш) адамнан кем емес Жеткізуші комиссиясының қолының болуы жеткілікті болып саналады. Айқындалған бұзушылықтар Акті әр Тарапқа бір дана бойынша, екі түпнұсқа данада құрылады. Айқындалған бұзушылықтар Акті негізінде Жеткізуші Шарттың 4.10- тармағына сәйкес Газ көлемінің қайта есебін жүргізеді.
4.12. Астана уақытымен сағат 00-00 - Газды жеткізуді есептеу сағаты болып табылады. Тұтынушы күн сайын сағат 14-00 дейін (аптаның жұмыс күндерінде Астана уақытымен) Жеткізушіге телефонмен, факспен, электрондық поштамен немесе басқа тәсілмен өткен тәуліктерде және өсімді нәтижемен нақты алынған Газ көлемдері туралы оперативті ақпаратты жолдайды.
4.13.Газ тұтыну жүйелерінің объектілеріндегі Газды есепке алу аспабын ұстауға, техникалық жағдайына және тексерілуіне есепке алу аспаптарының иелері жауапты болады.
4.14.Жеткізушінің Газды есепке алу аспабы Тұтынушының аумағында болған жағдайда, оның сақталуына соңғы жауапты болады.
4.15.Жеткізуші өкілімен Бөлу шекарасынан есепке алу аспабына дейінгі учаскеде газдың шығуы анықталған кезде, Газдың шығуы туралы тиісті акт құрылады. Бұл жағдайда есепке алынбаған газ көлемі тиісті әдістемеге сәйкес есептеледі және Тұтынушымен соңғы тексеру күнінен бастап қайтарылады.
4.16.Тауарлық газдың көлемінің өлшем бірлігін есептеу мақсатында Цельсий бойынша 20 градус температура және сынап бағанасы 760 мм. қысым кезіндегі газдың бір текше метрі қолданылады.
4.17. Егер сыртқы орта параметрлері Шарттың 4.16 т. көрсетілгеннен ерекшеленген жағдайда, ал есепке алу аспаптары тиісті корректормен жабдықталмаса, Жеткізуші
пайдалану жөніндегі басшылыққа, есепке алу аспабының паспортына сәйкес немесе заңнамамен белгіленген тәртіппен газдың жұмыс параметрлерін стандарттар шарттарына келтіру жолымен корректорларсыз есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін қайта есептеуді жүзеге асырады.
4.18. Тұтынушы Жеткізушімен тәуліктің кез келген уақытында Газды жеткізу режимдерін өзгертуге жедел ықпал ету үшін Газды тұтыну объектісін телефон байланысымен қамтамасыз етеді. Телефон байланысы болмаған жағдайда, Жеткізуші газды жеткізу режиміне жауапты болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |