Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Тұтас педагогикалық үдеріс құрылымы



Pdf көрінісі
бет143/282
Дата06.12.2023
өлшемі2,48 Mb.
#195317
түріОқулық
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1)

1.6.Тұтас педагогикалық үдеріс құрылымы. 
Тұтас педагогика-лық 
үдерістің негізгі бір бөлігі - 
оқыту үдерісі.  
Оқыту құбылысының әртүрлі деңгейде: 
жалпы педагогикада, 
дидактикада, әдістемеде, психологияда 
бейнеленуінің өзіндік ерекше-
ліктеріне тоқталайық. 
Педагогика деңгейінде оқыту
– қоғамдық тәжірибені өскелең ұрпаққа 
беру әрекеті педагогикалық әрекеттің тұтас қыры. 
Дидактика деңгейінде оқыту
– білім беру мазмұнын үйрету мен 
үйренудің бірлігі. 
Әдістеме деңгейінде оқыту
– оқыту (сабақ беру) әрекеті мен нақты 
оқу пәнінің материалдарын оқып–үйренудің бірігуін жүзеге асыру формасы. 
Психология деңгейінде оқыту
–нәтижесінде оқушының интеллектісін 
байытып, психикалық дамуы жүзеге асатын мұғалім мен оқушының өзара іс-
әрекетінің жиынтығы. 
Педагогикалық әдебиеттердегі анықтамаларда оқыту жеке су-
бъектілер – оқушы мен мұғалімнің әрекеті ретінде көрсетілген: «Оқы-ту – 
оқушы мен мұғалім жүзеге асыратын екі жақты үдеріс»; «Оқыту үдерісі 
мұғалімнің, сол сияқты оқушының да әрекеті»; «Оқытуда бар-лық уақытта 
екі жағы: оқыту мен оқу айқын көрінеді. Оқыту – мұ-ғалімнің материалды 
балаға түсіндірудегі, пәнді оқыту барысындағы оқушының әрекетін 
бақылаудағы, оқушының материалды оқып–үйре-нуі мен алған білімдерін 
қолдана білуіне басшылық жасаудағы, олар-дың білімдері, біліктері мен 


163 
дағдыларын тексерудегі іс- әрекеті. Оқу (үйрену) – оқушылардың белгілі бір 
пәнді және оқытушының түсін-діргендерін қабылдаудағы, өтіліп отырған 
фактілер мен құбылыстар-ды, олардың арасындағы байланыстарды ойға 
тоқудағы, білімді бекіту мен қолданудағы мұғалім басшылығымен жасайтын 
саналы қызметі». Оқыту өзара байланысты, бірақ 
екі дербес субъектінің – 
мұғалім мен оқушының жеке әрекеттерінің жиынтығы
ретінде көрсетілген. 
Тұтас педагогикалық үдерістің келесі бөлігі – 
тәрбие үдерісі.
Орта 
білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының басты міндеттерінің бірі – 
еліміздің болашағының біртұтас іргетасын және жал-пыазаматтық 
біріктіруші мақсат жүйесінің негізін құрайтын жаңа идеологиялық 
тұжырымдама «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы мен 
Патриоттық Актісін жүзеге асыру болып табылады. 
«Мәңгілік Ел» – ұлттық сана-сезім мен отаншылдықтың дамуы-ның 
жоғары деңгейіндегі, инновациялық экономика жағдайында та-бысты еңбек 
ететін, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, 
елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар қоғам-ның әлеуметтік 
белсенді мүшелерін тәрбиелеу. «Мәңгілік Ел» жал-пыұлттық патриоттық 
идеясы құндылықтарының қоғамдық санада, білім беру және тәрбие 
жүйесінде бекуін қамтамасыз ету керек 
Педагогикалық үдерістің 
психологиялық құрылымы
: танымдық 
үдерістер (қабылдау, ойлау, еске сақтау, ақпарат сіңіру), оқуға қызы-
ғушылық (оқуға қызығуды, қабілетті ынтаны айқындау), қуат (көте-ріңкі не 
түсіңкі дене мен күш-қуаты, белсенділік, еңбекқорлық не шаршау 
динамикасы) деп педагогикалық үдерістің құрылымын жан-жақты ашуға 
тырысқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   282




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет