Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


  Оқушылардың сабақ барысындағы жұмысын ұйым-



Pdf көрінісі
бет225/282
Дата06.12.2023
өлшемі2,48 Mb.
#195317
түріОқулық
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1)

10.5. 
Оқушылардың сабақ барысындағы жұмысын ұйым-
дастырудың дара түрі.
Бұл әр оқушы өзінің дайындығы мен оқу 
мүмкіншілігіне сәйкес арнайы таңдалған тапсырманы өз бетімен орың-дайды 
дегенді білдіреді. Ондай тапсырмалар ретінде кітаппен, басқа да ғылыми 
әдебиетпен, әр түрлі білім көздерімен жұмыс, есеп шығару, мысалдар қарау, 
шығарма жазу, мазмұндама, реферат, баяндама даяр-лау болуы мүмкін. Дара 
жұмыс бағдарланған оқытуда кең қолда-нылады. 
Педагогикалық әдебиетте оқытуды ұйымдастырудың даралық түрінің
 
дара 
және
дараланған
екі жолы ерекшеленеді. Алғашқысы - жалпы 
сыныпқа арналған тапсырманы оқушының басқа оқушылармен араласпай 
отырып бір қалыпты орындауы, екіншісі - оқушылардың оқу-танымдық 
әрекетінде арнайы тапсырмаларды орындауы болып та-былады. Ол әрбір 
оқушының оқу қарқынын реттеуге оның даярлы-ғына, оқу мүмкіндіктеріне 
сәйкес мүмкіндік береді. 
Оқушылардың оқу жұмысын ұйымдастырудың топтық формасы. 
Оқушылардың сабақтағы топтық жұмысының негізгі белгілері: 
-
сынып оқушылары сабақ барысында нақты тапсырмаларды орындау 
үшін топтарға бөлінеді; 
-
әр топ өздеріне арналған тапсырманы алып, оны топ басы немесе 
мұғілімнің басқаруымен шешеді. 
-
топтардағы тапсырмалар топтың әр мүшесінің жеке үлесін да-ра 
бағалайтындай етіп орындалады, топтың әр мүшесінің оқу мүм-кіндіктері 
ескеріледі. 
Топ құрамы бір қалыпты емес, топтың мүшелерінің оқу мүм-
кіндіктерін тиімді жүзеге асыруына сай топтың құрамы әртүрлі. Ол 3-6 
адамнан құралады. Топ құрамы тұрақты емес. Ол келешек жұмыстың 
мазмұны мен сипатына байланысты өзгеріп отырады. Бұл жерде топ-тың 
жартысы дара жұмыспен айналыса алатын оқушылар болуы керек. 
Топтардың жетекшілері және топтар құрамы түрлі оқу пәнде-рінде 
түрлі болуы мүмкін және олар оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктері 
бірін - бірі толтырып отыратындай оқыту деңгейі әртүрлі оқушылардын 
құралады, осы пәннен олардың сабақтан тыс уақытта ақпаратты білуі
оқушылардың бір-бірімен бірігіп жұмыс істей алуы есепке алынады. Топта 
бірін-бірі ұнатпайтындар болмау керек. 
Оқушыларды өзара оқыту, ұжымдық танымдық іс-әрекет, оларды 
мұғалімнің басқару ерекшеліктері нақтыланады.
Сабақты ұйымдастырудың дәстүрлі емес формалары: «авторлық 
сабақтар», конференция-сабақ, пікірталас-сабақ, брифинг-сабақ, семи-нар-
сабақ, бинарлы сабақ, сипаттау сабағы, ойландыру сабағы, пікірсайыс сабақ, 
ойын сабағы, зерттеу сабағы және т.б


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   282




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет