Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет114/282
Дата06.12.2023
өлшемі2,48 Mb.
#195317
түріОқулық
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1)

Педагогикалық 
зерттеудің 
теориялық 
негіздері

педагогикалық факт, педагогикалық 
теория, педагогикалық заңдылық пен сипатталады. 
Теория –
педагогикалық құбылыстардың, кез
-
келген 
әдістеменің
негізі болады және сол әдістеменің 
көмегімен табылған фактілер арқылы кеңейеді. Теория 

таным үдерісінің нәтижесі, ал әдіснама болса, осы 
танымға жету мен оны құру тәсілі болып табылады. 
Бұл –
теориялық және практикалық ғылыми
-
танымдық 
іс
-
әрекетті ұйымдастыру мен құрастырудың негізі мен 
тәсілдер жүйесі. Таным теориясы тұтас танымдық іс
-


121 
әрекет
үдерісін және оның мазмұндық
негізін 
зерттейді. Әдіснама шынайы және практикалық түрде 
тиімді білімге жетудің әдістеріне көп көңіл бөледі, осы 
білімді дамытудың тәсілдерін іздестіреді.
Педагогикалық зерттеудің теориялық негізі 
туралы білім көптеген оқу құралдарының «Идея, 
жетекші ой және болжам зерттеудің теориялық 
ядросы» деген тармақшаларында беріліп жүр. 
Зерттеуші болашақтағы нәтижеге қол жеткізу үшін 
қандай жолмен жүру керек, ненің көмегімен 
жоспарланған нәтиже алынатынын тек болжам жасау 
арқылы пайымдай алады. Алдын ала жобалау 
мақсатында білім алушы әуелі өзінің санасында 
болжамды 
қалыптастырып 
алады. 
Логикалық 
тұрғыдан қолданыстағы теория түсіндіріп бере 
алмайтын ғылыми фактілерді талдаудан жетекші 
идеяға, одан кейін болжамға айналатын объектіні 
қайта жаңартып құруға қажет жаңа ой жүйесіне қарай 
ұмтылысты қозғалыс басталып, іске асырылады. 
Осыған орай ғылыми факт туралы мәселеге оралу 
керек болады. Бірақ, факт құбылыс емес. Факт 
дегеніміз 
– 
көптеген 
құбылыстардың 
және 
байланыстардың көрінісі. Демек, педагогикалық факт 
деп орта жағдайлары мен тұлға дамуы факторлары 
арасындағы белгіленген көп рет қайталанған және 
тіркелген байланыстарды атауға болады. Фактілердің 
жиналуына қарай іске асырылуының жетекші идеясы 
бар жаңа теорияға қажеттілік туындайды. Идеяның 
тууы және оның іске асуы болжам түріндегі 
теориялық ядроны құрайды. Бастапқы фактілерді 


122 
талдап және бағалап алғаннан кейін нақты зерттеудің 
теориялық тұжырымдамасының негізгі қағидалары 
бөлініп 
көрсетіледі. 
Бұндай 
теориялық 
тұжырымдаманың негізіне барынша тексерілген, 
бірақ бұл зерттеуде тексерілмейтін қағидаттар 
алынады. Мысалы, «денсаулық мектебін» құру немесе 
реабилитациялық-балалық орталығын құру идеясы 
туралы сөз болғанда, ең жоғары адами құндылық 
ретіндегі денсаулық жайлы бастапқы қағидалар 
алынады. 
Енді осы бастапқы қағиданы бірнеше рет 
«елегіштен» өткізіп, қағиданың келешекте керек, яғни 
өзімізге ұнайтын қалпын ойша елестетіп көру қажет. 
Осы әрекеттің шарттары, тетіктері, құралдары 
іздестіріледі. Мұнда, қайта жаңғыртып құру идеясы 
өмірге келеді. Сонымен, бастапқы ұстанымды 
жаңарту тізбегі былайша көрініс табады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   282




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет