Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттестігі – іс-әрекет



Pdf көрінісі
бет141/282
Дата06.12.2023
өлшемі2,48 Mb.
#195317
түріОқулық
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1)
2 дәріс Атомдық физика, дәріс тезисі, экологияға құқылымыз, Т апсырмалар 1а. Кестені ай жолы графиктен д рыс, Абай және Шығыс әдебиеті, Қазақ тілінен Диктант жинағы (10-сынып), Sadyrova MS tests
1.4.Мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттестігі – іс-әрекет 
субъектісі ретінде.
Кәсіби-педагогикалық әрекет педагоги-калық үдерістің 
бір 
бөлігі 
болғандықтан, 
ол 
мұғалімнің 
кәсіби-дидак-тикалық 
құзыреттілігінің негізі болып табылады. 
 
Осыған байланысты, педагогикалық жоғары мектеп алдында пе-
дагогикалық міндеттерді өз бетінше шешуге қабілетті кәсіби құзыретті 
педагог дайындау міндеті тұрғаны айқын. Олар төмендегі педагоги-калық 
міндеттерді шеше алатындай болуы керек:
- рефлексивті–талдау (тұтас педагогикалық үдерісті, оның эле-
менттерін, туындаған қиындықтарды талдау және қорытынды жасау т.б.);
- жобалау – болжау (тұтас педагогикалық үдерісті құру, жос-парлау, 
нәтижені және алынған шешімдердің салдарын болжау); 
- ұйымдастырушылық - әрекеттік (оқу - тәрбие үдерісінің әр-түрлі 
нұсқаларын іске асыру, педагогикалық әрекеттің әралуан түрінің сәйкестігі); 
- бағалау – ақпараттық (педагогикалық жүйенің даму болашағы 
туралы ақпарат жинау,өңдеу, сақтау және оны бағалау); 
- түзету – реттеу (педагогикалық үдеріс ағымын түзету, қажетті 
коммуникативтік байланыстар орнату, оларды реттеп отыру және қолдау).
Н.В.Кузьминаның еңбектерінде педагогикалық іс-әрекеттің пси-
хологиялық құрылымына сипаттама беріледі. Ол барлық студенттің
педагогикалық мамандыққа бағыттылығын және педагогикалық икем-ділігін 
қалыптастыруды педагогикалық меңгерудің маңызды міндетте-рінің бірін 
санайды. Сонымен қатар маман дайындаудың тиімділігін арттыру үшін 
студенттерді болашақ кәсіби іс-әрекетінің құрылымына икемдей отырып, 
мұғалім тұлғасын қалыптастыру үдерісін қарастыра-ды. Педагогикалық 
қабілетке ол педагогикалық байқампаздық, педаго-гикалық қиял, 
педагогикалық такт, назар аудару, көңіл қою және талапшылдықты 
жатқызады.
П.Я. Гальперин еңбектерінде іс-әрекеттің психологиялық құры-лымы 
туралы жалпылама көзқарас негізінде педагогикалық іс-қимыл-дың 
құрылымы қарастырылады. Олар: 1) оқушыларды алдағы жасала-тын іс-
әрекетке ынталандырып, қызығушылық туғызу; 2) мақсатты орындауға 


160 
дайындық; 3) іс-әрекетті жүзеге асыру үшін қажетті білім, біліктерін тексеру; 
4) іс - әрекеттерді ұйымдастыру; 5) білім, білік жә-не дағдыны бекітуге 
арналған жаттығулар; 6) іс-әрекеттің орында-луын бағалау және нәтижесін 
тексеру, оған оңды қарым–қатынас қалыптастыру. 
Нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесіне көшу – педа-гог 
мамандарды кәсіби дайындаудың мақсатын, мазмұнын және ұйымдастыру 
технологиясын жаңа деңгейге көтеріп, одан әрі жақсар-туды талап етіп отыр.
Қазіргі заманғы мұғалімді кәсіби дайындау деп мұғалім бойына уақыт 
талабына сәйкесті математикалық, тілдік, психологиялық – пе-дагогикалық 
және әдістемелік білім мен біліктер жиынтығын қалып-тастыруды түсінеміз. 
Педагогикалық үдеріс - субъектілердің өзара әрекеттері нәтижесінде пайда 
болатын әртүрлі қарым-қатынастарының жиынтығы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   282




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет