Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Тұтас педагогикалық үдерістің қызметтері



Pdf көрінісі
бет142/282
Дата06.12.2023
өлшемі2,48 Mb.
#195317
түріОқулық
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1)
2 дәріс Атомдық физика, дәріс тезисі, экологияға құқылымыз, Т апсырмалар 1а. Кестені ай жолы графиктен д рыс, Абай және Шығыс әдебиеті, Қазақ тілінен Диктант жинағы (10-сынып), Sadyrova MS tests
1.5.Тұтас педагогикалық үдерістің қызметтері.
Оқыту мен тәрбие 
үдерісін ажырамас бірлікте қарау идеясы XIX ғасырдың орта-сында өмірге 
келді. Қазіргі кезеңде педагогикалық үдеріс немесе жалпы оқу тәрбие үдерісі 
біртұтастықта қаралады. Біртұтастық дегеніміз – оқу мен тәрбиенің олардың 
мақсаты, міндеті, мазмұны, әдісі, құралы, түрі, ұстаз бен шәкірт, шәкірт пен 
ата-ана, сынып жетекшісі мен сы-нып ұстаздары, қоршаған орта, тәрбиенің 
мазмұны және т. б біртұтас-тықта алынып, жеке-жеке қаралады.
 
Ғалымдар М.А. Данилов, В.С. Ильин, В.В. Краевский, Б.Т. Лихачев, 
Н.В. Кузьмина, Ю.П. Сокольников, Н.Д. Хмель педагогикалық үдерістің 
тұтастығын түрлі әдіснамалық тұғырлар тұрғысынан түсіндірді.
Педагогикалық үдерістің оқу және оқудан тыс аймақ бірлікте-рінің 
қажеттігі туындады, ал ол оқушылар үшін тұлға қалыптасуының басты 
жағдайы болады және сол үдерістің біртұтастығын көрсетеді.
Педагогикалық үдеріс өзін біртұтастық ретінде субъектілердің өзара 
әрекеттегі арнайы ұйымдастырылған іс-әрекеттерін бөле көрсете алады. Егер 
әрбір субъектінің жетістіктері болса, онда «ұстаздар-оқушылар» жүйесінің 
тұрақтылығымен өзін-өзі дамыту мәселесі шешіледі. 
Педагогикалық үдерістің оқу және оқудан тыс саласының бірлігі 
жеке тұлғаны қалыптастырудың шарты - пәнаралық бай-ланыс. 
Бүгінгі 
мектеп оқушысының жалпы және психикалық дамуы-ның жеткілікті 
деңгейіне қол жеткізу үшін, ең алдымен, білім берудің мақсаты түбегейлі 
өзгеру керек: бірінші кезекке, бұрынғыша оқушыны пәндік білім, біліктердің 
белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру 
негізінде рухани дүниесі бай және адам-гершілігі мол, қоғамдық өмірдің 
барлық аясында ұлттық құндылық-тарды бағалауға және дамытуға қабілетті 
тұлғаны қалыптастыру білім мазмұнын таңдауда қатаң ескерілетін мәселе 
екенін баса айтқан жөн.
 
Мектеп оқушысының жас ерекшелігіне сай таным мүмкіндігін және 
оқыту мақсатының оқушы тұлғасын тәрбиелеуге бағдарланғанын ескерсек, 
онда бұл сатыда оқылатын пәндерді ғылымдар негіздері тү-рінде қарауға 
болмайтыны түсінікті: мұнда негізінен, оқушыда мәде-ниеттің базистік 


161 
қырларын қалыптастыру бірінші орынға шығады. Осымен байланысты, білім 
мазмұнын былайша жіктеуге болады: ком-муникативтік мәдениет (ана тілі), 
ақыл-ой мәдениеті (математика, жа-ратылыстану), эстетика және 
адамгершілік мәдениеті, еңбек мәдениеті, дене тәрбиесі. Оқушылардың 
психикалық дамуындағы негізгі әрекет-оқу әрекеті. Мұнан басқа дамыта 
оқытуды ұйымдастыру, баланың же-ке тұлғасы мен оның ерекшеліктерін 
танып білу бастауыш сынып мұ-ғалімінен педагогика, психология, 
практикалық психологиядан терең білім мен білікті талап етеді. Сондықтан, 
мұғалімге 
қолданыстағы 
оқы-тудың 
түрлі 
әдістемелік 
жүйесін, 
технологиясын, оқулық пен оқу бағ-дарламаларын саралап пайдалана білуі 
үшін жаңа тұрпаттағы әдісте-мелік даярлық, кәсіби – дидактикалық 
құзыреттілік керек. 
Замануи мектеп алдында тұрған осындай жаңа мақсат, міндет-тер 
болашақ мұғалімдерден оқу–тәрбие үдерісіне әдістемелік талдау жасап, 
ондағы нақты мәселелерді анықтап, оны өз бетінше шеше білу қабілетінің 
болуын, яғни жақсы дамыған шығармашыл ізденім-паздық, ғылыми – 
зерттеушілік қабілетінің болуын талап етеді.
Пәнаралық байланыс
оқушылардың жеке тұлғасын дамытуда, білім 
мен тәрбие беру міндеттерін шешуде де өте маңызды болып табылады және 
педагогикалық іс-әрекеттің, еңбектің ғылыми негізде ұйымдастырылуына 
көмектеседі.
Мектепте пәндер арасындағы өзара байланысты әрдайым ұйым-
дастырып, жүргізіп отыру – оқушыларға ғылымдар негізін игерудің, 
сонымен бірге білім беруді дамытудың қажетті шарты. 
Пәнаралық байланыстың философиялық негізіне сәйкес дүниеде 
барлық заттың, құбылыстың бірімен–бірінің өзара байланыстылығы туралы 
тұжырымдалған дүние туралы білімдер де тығыз байланыста болады. 
Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани күш 
беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады. Философия адамды 
биологиялық және әлеуметтік құбылыстардың бір-лігі ретінде қарастырады.
Психологтар оқушылардың пәнаралық байланыс арқылы әр түр-лі 
пәндердегі қабылдауды олардың білімдерін бір жүйеге түсіріп, ақыл-ойына 
серпіліс туғызып, таным әрекетіне шығармашылық сипат береді деп 
тұжырымдайды. Сондықтан, пәнаралық байланыс ақыл-ой әрекетінің 
психологиялық және физиологиялық негізін, ми қыртысы-ның жүйелік 
ұстанымын ескергенде ғана жүзеге асады.
Пәнаралық оқытудың қазіргі оқыту–тәрбиелеу, білім беру жүйесінде 
оқушылардың дүниетанымын тереңдете отырып, оқытудың тиімділігін 
арттыруға көмектесетіні ғылыми-педагогикалық тұрғыдан дәлелденген. 
Оқушылардың әртүрлі пәндер бойынша алынған білім, біліктерді 
қабылдауы, түсінуі, олардың ақыл-ойына серпін тудырып, танымдық іс-
әрекеттеріне шығармашылық сипат беріп, барлық білімдерін жүйелейді. 


162 
Пәнаралық байланыс арқылы оқытудың да-мытушылық, білім және тәрбие 
берушілік қызметі обьективті түрде кеңейіп, дамып отырады.
Классикалық педагогика жүйесінде орын алған пәнаралық бай-ланыс 
идеясы - тарихи дамуда дәлелденіп, педагогиканың, оның ішінде пәннің оқыту 
әдістемесінің басты мәселесіне айналып отыр. Сонымен қатар пәнаралық 
байланыс заманауи мектептер жүйесінің білім мазмұнын айқындаудың басты 
шарты болып табылады. 
Оқу пәндері мазмұнында пәнаралық байланыстардың алатын өз орны 
бар. Өйткені олар аралас пәндердің жалпы бip бөлімі болып табы-лады және 
пәндердің өзара сіңісуін көрсетеді. Пәнаралық байланысты мазмұны 
бойынша төмендегіше төрт түрге бөлуге болады: 
а)түсініктердің, заңдылықтардың және теориялардың жалпыға 
ортақтығы бойынша; 
б) бip ғана объектіні оқып үйренуге қатысты жалпы ғылыми 
фактілер бойынша; 
в) жалпы ғылыми әдебиеттерді қолдану бойынша; 
г) ойлау ic - әрекеттерінің жалпы тәсілдері бойынша. 
Педагогика ғылымында дидактикалық ұстанымдар білім мазмұнының 
негізін құраушы құрылым болып есептеледі. Сол себепті оқыту үдерісіндегі 
пәнаралық және әр пәннің пәнішілік байланыстылық ұстанымының да өзіндік 
маңызы бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   282




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет