Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Тұтас педагогикалық үдеріс теориясы туралы білім – мұ-



Pdf көрінісі
бет145/282
Дата06.12.2023
өлшемі2,48 Mb.
#195317
түріОқулық
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1)

1.7.Тұтас педагогикалық үдеріс теориясы туралы білім – мұ-
ғалімнің кәсіби құзыреттілігінің негізі. 
Психологиялық-педагогика-лық 
әдебиеттерде кәсіби шеберліктің қалыптасуы мен даму үдерісінде екі ұғым: 
«құзыреттілік»
және 
«құзырет»
ұғымдары пайдаланылып келеді. Біріншісі, 
С.Ожегов сөздігі бойынша, белгілі бір кәсіби қызмет-ке байланысты, «қандай 
да болсын мәселеден хабардарлық, беделді-лік», ал екіншісі, «қандай да бір 
істі жүргізетін жеке адамның, мекеме-нің мәселелерді шешуге, іс-әрекет 
етуге, бір нәрсені істеуге құқықты-лық шеңбері». Құзырет – нақты әрекет 
пен үдерістерге байланысты тиімді, өнімді әрекеттер жасай алатындай дара 
тұлға сапаларының өза-ра байланысқан жиынтығы (білім, білік, 
дағдылармен қызмет түрлері). 
 
Болашақ мұғалімдердің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қа-
лыптастыруға байланысты 
«құзыреттілік»

«кәсіби құзыреттілік», «мұғалім 
құзыреттілігі»
ұғымдарына берілген әртүрлі түсініктемелер бар. Бұдан 
«құзыреттілік» ұғымы білім беру, маман даярлау сала-сының қолданыстағы 
терминіне айналғанын көреміз. «Құзыреттілік» термині әдетте белгілі бір 
әлеуметтік-кәсіби мәртебе иесіне байла-нысты қолданылады және оның сол 
істі атқарудағы түсінігі, білімі, білігінің орындалуға тиіс жұмыстың нақты өз 
деңгейінде шешілуімен сәйкестілігі арқылы сипатталады.
Л.М. Митина мұғалімнің кәсіби дамуының психологиялық фак-
торларын, шарттары мен қозғаушы күштерін зерттей келіп, тұлғаның 
интегралдық сипаттарының қатарындағы кәсіби даму факторларының бірі 
ретінде мұғалімнің кәсіби бағыттылығын және педагогтік құзырет-тілігін 
бөліп көрсетеді.
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің психологиялық тұжырымда-масын 
жасай отырып, А.К. Маркова оған мынадай анықтама береді: «кәсіби 
құзыреттілік - бұл мұғалімнің білім, білік және осы еңбекті жү-зеге асыруға 
қажетті олардың нормативтік белгілерінен хабардарлығы; психологиялық 
сапаларды меңгеруі, нормаға және үлгіге сай нақты кә-сіби әрекет» және 
оның мазмұнын екі көрсеткішке – үдерістік және нәтижелілікке бөледі. 
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру 
стандартында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   282




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет