166
3)
зияттық дамуды, яғни дерексіз ойлауды, рефлексия, өзінің жеке
ұстанымын
анықтай алуды, өзін-өзі бағалауды, сын тұрғысынан ойлауды
талап етеді;
4) көпқырлылығы – түрлі ақыл-ой үдерісін, зиятты біліктілікті, ақыл-
ойды қажет етеді.
Отандық педагогикада «құзыреттілік» ұғымы көбіне кәсіби дайындық,
кәсіби шеберлік пен мамандықты меңгеру деңгейі ретінде қарастырылып
келеді.
Негізгі құзыреттіліктер жалпы орта
білім беру саласында қалып-
тасып, қандай да бір мамандықтың іргетасын құрайтын құрауыш-тардан
тұратын базалық құзыреттіліктердің негізіне дайындайды. Э.Ф. Зеердің
пайымдауынша, базалық құзыреттіліктерге жататындар:
- жалпығылыми ұғымдар – табиғат, қоғам және адамның іс-әрекетінің
негізгі заңдары;
- экономика мен мінез-құлықты ұйымдастырудың негізін құрай-тын
әлеуметтік-экономикалық;
- азаматтық-құқықтық;
- ақпараттық-коммуникациялық;
- политехникалық – техника мен технологияның, жаратылыс-ғылыми,
автоматтандырылған
өндірістік қызмет ету ұстанымы, бақы-лау және
басқару жүйелері;
- жалпы кәсіби мамандықтар тобына қатысты.
Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды, білім мазмұнын
дамытудың бүгінгі
жағдайын есепке ала отырып, Қазақстан Республи-
касындағы 12 жылдық орта білім беру стандартында қабылданып отырған
негізгі құзыреттіліктерді мәселенің шешімін табу (өзіндік менеджмент),
ақпараттық және коммуникативтік құзыреттіліктерді қа-лыптастырып
дамыту көзделіп отыр.
Олай болса, аталған құзырет-тіліктерді оқушылар
бойында қалыптастыруды болашақ маман жоғары оқу орны қабырғасында
меңгеріп шығады.
Достарыңызбен бөлісу: