281
мүмкіндік береді. Ойын түріндегі оқыту технологиясының басты
элементтері: ойын алдында
нақты оқу мақсаты қойылады; ойын арқылы
белгілі педагогикалық нәтижеге қол жеткізу жоспарла-нады, оқыту іс-
әрекеттері ойын ережелеріне бағынады, оқу
материал-дары ойын құралы
болып табылады.Ұжымдық іс-әрекет түрлерін ұйымдастыруға бағытталған
ойын тәсілдері арқылы білім алушылар басқа шағын топ мүшелерінің
пікірін сыйлауды, соңғы нәтиже мен өзіндік іс-әрекетін жобалай алуды,
мақсатқа жету әдістерін анық-таудыүйренеді.
Жобалау тәсілі.
Оқу жобасы – білім алушылармен немесе білім
алушылардың
тобымен ғылыми-зерттеушілік, шығармашылық немесе
практикалық сипаттағы проблемаларды шешуге бағытталған оқу-та-нымдық
іс-әрекеті. Проблемаларды кең тұрғыда шешу әрекетімен жә-не келісілген
әдістерімен, жалпы ортақ мақсатының болуымен сипат-талады.
Жобалау әдісінің элементтерін қолдану арқылы білім алушылар алға
қойған проблеманы шешудің өзіндік жолдарын іздеп табады. Жо-балау әдісі
білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес іске асы-рылады. Жобалау
әдісін қолдану барысында білім алушылардың ұжымдық,
топтық жобалар
дайындау бойынша атқаратын іс-әрекет-терін ұйымдастыру ұсынылады.
Жобалау жұмыстарын ұйымдастыру сабақпен ғана шектелмейді, сабақтан
тыс уақытта да бірлесіп жұмыс жасаулары қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: