Өзгертілген дебаттар. Бұл Дебат нысанының белгілі бір эле-
менттерін пайдалану немесе ережелеріне біраз өзгерістер енгізілген Дебат
түрі. Сөйлеу регламентінің қысқаруы, командадағы ойыншылар санының
көбеюі, аудиториядан сұрақ қоюға, тайм-аут ке-зінде аудиториямен
сөйлесуге мүмкіндік болуы, ойынның соңында ымырашыл, дұрыс шешім
қабылдайтын топтың құрылуы, ойынның жүргізушісі мұғалім болуымен
сипатталады.
Эссе –шығарма жанрының бір түрі. Эссе дегеніміз (
фр. тіл. essai - тәжірбие, лат.т. exagium – құрау ) – философиялық, әдеби, та-рихи,
публицистикалық, әлеуметтану, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми
емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мә-тін. Эссе
шығармашылық еркіндікті көздейді. Кез келген тақырыптың еркін стильде
жазылуы оның негізгі көркемдігі болып табылады. Эссе - автордың жеке
басының ойы, сезімі, әлемге деген көзқарасы. Бұл шығарманың басты
мақсаты.
Алайда, шығармашылықтың еркіндігіне қарамастан, эссе жан-рында
жазу оңай емес, сондықтан қандайда бір проблеманың басты идеясын табуда
ерекше көзқарастың болуы керектігін назарда ұстаған дұрыс.
Әдеби эссе – эссе түрлерінің ішіндегі ең күрделісі. Эссенің
әде-би тақырыбы таңдалған жағдайда авторлық ұстанымға сүйенуге және өзіндік
көзқарасты тұжырымдауға ұсынылады. Тезистерін әдеби туын-дыларға
сүйене отырып, дәйектеу қажет. Әдеби эссенің мақсаты, өзін-дік жазылу
ерекшеліктері бар. Мақсаты, жазылу ерекшеліктері эссе тақырыптары
арқылы айқындалады. Мысалы,
«М.Әуезовтің «Көксе-рек» повесіндегі тосын және қатыгез эмоцияларды автордың оқыр-манына жеткізу тәсілдерін талдап жаз». Әдеби эсседе автордың тосын және қатыгез
эмоцияларды жеткізу үшін қолданған тәсілдерін тауып, талдап жазады.