Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


педагогтың кәсіби стандарты



Pdf көрінісі
бет28/282
Дата06.12.2023
өлшемі2,48 Mb.
#195317
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1)
2 дәріс Атомдық физика, дәріс тезисі, экологияға құқылымыз, Т апсырмалар 1а. Кестені ай жолы графиктен д рыс, Абай және Шығыс әдебиеті, Қазақ тілінен Диктант жинағы (10-сынып), Sadyrova MS tests
педагогтың кәсіби стандарты
әзірленген. Кәсіби 
стандартты әзірлеу мақсаты-педагогқа қажетті іскерлік пен дағдылар, 
білімдер мен құзыреттерді сипаттау. Бұл стандарт бойынша мұғалімдердің 
санаттары өзгертіледі, мұғалімдердің еңбек функцияларының даму 
деңгейлері анықталатын болады. Педагогтың кәсіби стандартында бес еңбек 
функциясы анықталған: оқыту, тәрбиелеу,әдістемелік,зерттеу,әлеуметтік-
коммуникативтік. 
Қазақстан Республикасының 
«Білім туралы»заңында
педагогтардың 
негізгі құқықтары мен міндеттері анықталған. Аталған заңның 7-тарауының
50-51-баптарында 
педагог қызметкердің мәртебесі, құқықтары, міндеттері 
мен жауапкершілігі 
анықталған. 
2.3.Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің сипаттамасы.
Іс-әрекет ұғымы 
ғылымаралық ұғымдар қатарына жатады, себебі ол педагогика, психология, 
әлеуметтану, философия, мәдениеттану сияқты көптеген әлеуметтік-
гуманитарлық ғылымдардың зерттеу нысандарының бірі. Кез келген жеке 
тұлғатек өзінің белсенді іс-әрекеті арқылы ғана дамитыны белгілі. 
Сондықтан адамтану ғылымдарының барлығы өз тұрғысынан адам санасы 
мен іс-әрекеттін зерттеуге тырысады. 
Психологиялық тұрғыдан қарастырғанда,
іс-әрекет
-адамның қоршаған 
дүниемен белсенді қарым-қатынаста болуы арқылы өзін субъектілік 
позицияға қоюы ретінде қарастырылады. Педагогикалық көзқарастар 
бойынша, 
іс-әрекет – қоғамдық және жеке тұлғалық маңызды нәтиже 
беретін бір мақсатқа бағытталған белсенділік.
Өзіндік жеке іс-әрекеттері 
арқылы адам басқа әлеуметтік іс-әрекеттерге араласады. Іс-әрекеттің 


25 
құрылымына мотив, мақсат, құрал, іс-қимылдар, нәтиже, бағалау сияқты 
компоненттері кіреді .
Педагогикалық-психологиялық 
ғылымдар 
саласында 
іс-әрекет 
теориясының 
дамуынаС.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев,П.Я.Гальперин т.с.с. 
психологтардың зерттеулері негіз болған. Іс-әрекет компоненттері бір-
бірімен тығыз байланыста болып біртұтас жүйені құрайды. Бұл жүйедегі 
компоненттер өзара бірі-біріне тәуелді, олардың кез келген компонентін 
алып тастасақ, толыққанды атқарылған іс-әрекет болуы мүмкін емес. Әрбір 
компонент өзіндік маңызды рөл атқарады.
А.Н.Леонтьевтің пікірінше, 
мақсат
кез келген іс-әрекеттің жүйе 
құрастырушы компоненті болып табылады. Шынымен, мақсатсыз іс-әрекет 
болуы екіталай. Әр адамның алдына қойған жақын және алыс мақсаттары 
болады. 
Мотив 
деген компоненттің ішіне адам үшін маңызды рухани, 
материалдық, әлеуметтік, табиғи-биологиялық қажеттіліктері кіреді.
Іс-қимылдар, операциялар
– іс-әрекеттің негізгі компоненттерінің бірі. 
Кез келген іс-әрекет жүйелі түрде орындалатын түрлі іс-қимылдар тізбегінен 
құралады. Мысалы тұру, жүру, отыру, көтеру, әкелу, ашу, жабу, жүгіру 
сияқты қимылдар мен қатар қарау, тыңдау, есту, оқу, талдау, тұжырымдау 
т.с.с. ойлау операциялары да бар.
Іс-әрекет мақсатына қарай 
құралдар 
таңдалады. Құралдардың өзіндік 
ерекше орын алатыны белгілі. Олардың өзі іс-әрекет мақсатына байланысты 
таңдалып еңбек құралдары, ойын құралдары, тіл құралдары, оқыту 
құралдары т.с.с. бөлінеді.
Іс-әрекет 
нәтижесі 
деген компонент тұлға үшін маңызды 
компоненттердің бірі. Жоғарыда аталып келе жатқан компоненттердің 
барлығы осы 
нәтижеге
қол жеткізуге бағытталған.
Бағалау 
компоненті – іс-әрекет мақсатына жетудің өлшемі. Тұлға 
орындаған іс-әрекетінің табысты немесе табыссыз аяқталғанына баға береді.
Білім беру саласындағы іс-әрекеттік тұрғыдан қарау теориясы 
сана
мен 
іс-әрекеттің
бірлігі деген психологиялық теорияға негізделеді. Бұл 
теорияны түбегейлі меңгеру болашақ мұғалімдер үшін өте маңызды.
Адамдардың іс-әрекеттері мазмұнына, орындалу сипаттарына,
кәсіптеріне байланысты бірнеше 
түрлерге 
бөлінеді. Адамның шұғылданатын 
кәсібінебайланысты
іс-әрекеттер 
медициналық, 
педагогикалық, 
конструкторлық, инженерлік, бухгалтерлік, т.с.с. түрлерге бөлінеді.
Мазмұны жағынан
іс-әрекеттерді: танымдық (
қоршаған әлем туралы 
білімдермен қарулану, дүниені танып білу
); зерттеушілік (
белгісіз 
құбылыстарды зерттеу үдерісі
); коммуникативтік (
қарым-қатынас орната 
алу, тіл табыса алу үдерістері
); білім берушілік (
басқаларға білім 
беруүрдісі
);өзгертушілік 
(қоғамды, өзін жетілдіру үдерісі)
болып 
ажыратылады.


26 
Әртүрлі 
белгілеріне қарап
педагогика-психология ғылымдарында іс-
әрекеттің негізгі түрлері ретінде: 
ойын, қарым-қатынас, еңбек, оқу
іс-
әрекеттері қарастырылады.
Қазіргі қоғамда мыңдаған еңбек түрлері бар. Тұлғаға қойылатын 
талаптар жиынтығымен сипатталатын еңбек іс-әрекетінің белгілі бір түрін, 
адамның дене және рухани күшінің шектеулі бір саласын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   282




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет