Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет42/282
Дата06.12.2023
өлшемі2,48 Mb.
#195317
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1)
2 дәріс Атомдық физика, дәріс тезисі, экологияға құқылымыз, Т апсырмалар 1а. Кестені ай жолы графиктен д рыс, Абай және Шығыс әдебиеті, Қазақ тілінен Диктант жинағы (10-сынып), Sadyrova MS tests
құзыреттілікті
қалыптастыру өмір талабына сай тұлғаның 
әлеуметтенуін, өзін-өзі іске асыруын қамтамасыз ететін білім беру
жүйесінен күтілетін нәтиже ретінде қарастырылуда. 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім 
стандартында ұлттық деңгейдегі басты мақсаты - өркендеп келе жатқан 
еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріне белсенді араласуға 
дайын тұратын 
құзыретті тұлғаның
қалыптасуына ықпал ету деп 
анықталған.
Қазақстандық жалпы орта білім беру стандартында (2007ж.) 
«құзыреттілік» және «құзырет» деген екі ұғымды ажырата қарастырып
оларға мынандай анықтамалар беріледі.
Құзырет
– тұлғаның табысты іс-әрекетке даярлығы, қойылған 
мақсатқа қол жеткізу үшін ішкі және сыртқы ресурстарын тиімді жұмсай алу 
қабілеті.
Құзыреттілік
оқушылардың әр түрлі іс-әрекеттер түрлерін 
меңгеруімен анықталатын 
білім беру нәтижесі

Ш.Т.Таубаева 
жоғары 
кәсіби 
білім 
берудің 
мемлекеттік 
стандарттардың құзыреттілік форматында жасалуын зерттеу барысында 
құзыреттілік 
ұғымының мазмұнын ашуда оның үш түсініктемесін атап 
көрсетеді:
1)
 
өзінің ішкі әлеуетін іске асыруға қабілеті (даярлығы) мен 
ынталылығы (мотивациялық аспект); 


41 
2)
 
табысты шығармашылық іс-әрекет үшін практика жүзінде 
байқалған өзінің білім, іскерлік, тәжірибесін іске асыра алу қабілеті 
(когнитивтік аспект); 
3)
 
өз іс-әрекет нәтижелерінің әлеуметтік маңыздылғын және жеке 
жауапкершілігін түсінуі, оны үнемі жетілдіріп отыру қажеттігін ұғынуы 
(құндылық аспект). 
Сонымен, 
осы 
түсініктемелердің 
негізінде 
Ш.Т.Таубаева 
құзыреттілік 
депәлеуметтену және оқыту үрдістерінде қалыптасқан және 
өздігінен іс-әрекетке табысты қатысуына бағытталған білім мен тәжірибеге 
негізделгенжеке тұлғаның іс-әрекетке даярлығы мен жалпы қабілеттерінен 
байқалатын интегралды қасиетін түсіндіреді.
Педагогтардың 
кәсіби 
құзыреттіліктерін
анықтауда 
көптеген 
зерттеушілердің көзқарастары мұғалім іс-әрекетінің бір қырымен бай-
ланыстырылып қарастырылады. Мысалы, Н.В.Кузьмина педагогикалық іс-
әрекет негізінде құзыреттілікті «тұлғалық қасиет» деп қарастырса, Л.А. 
Петровская коммуникативтік құзыреттілікке М.В.Прохорова басқарушылық
құзыреттілікке көп көңіл аударады.
Л.М.Митина өз зерттеулерінде «
педагогикалық құзыреттілік
» 
ұғымының «
білім, білік, дағдыны және оларды іс-әрекетте, қарым-
қатынаста, тұлғаның дамуында іске асыру амалдары мен тәсілдерін
» 
қамтитынын ашып көрсетеді. 
Кәсіби құзыретілік мәселесі халықаралық деңгейде Еуропалық кеңес 
форумдарында және конференцияларда жиі талқыланады. ЮНЕСКО 
құжаттарында 
құзыреттер (компетенции) 
білім беруден 
күтілетін 
нәтижелер
ретінде қарастырылып, олардың негізгі түрлері айқындалған.
В.А.Сластениннің,М.И.Мищенконың пікірлерінше,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   282




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет