10
үдеріс
деп те сипаттауға болады, себебі педагогикалық технологияларда
өзара сабақтасқан мақсаттарға жетудің нақты қадамдары,
кезеңдері,
сатылары анықталады. Білім беру
үдерісі
-мұғалімнен
балаға оқу
ақпараттарын жеткізу арнасы. Сондықтан да қазіргі кезде білім беру
саласында ақпараттық технологиялар да өте кең таралуда.
Білім
беру
үдерісіндегі
көптеген
мәселелер
шешімдерінің
табыстылығы педагогтың іс-әрекетіне тікелей тәуелді.
Тіпті әрбір сабақтың
өтілуі де мұғалімнің кәсіби-шығармашылық деңгейіне, талпынысына,
әдістемелік шеберлігіне байланысты түрлі нәтиже көрсетеді. Ол балалармен
үнемі ынтымақтастықта әрекет жасайды. Осы бірлескен белсенді танымдық
іс-әрекет
барысында білім алушыларды
табысқа жетуге бейімдей алу
педагогикалық маңызы зор мәселе, себебі көп жағдайларда сабаққа қатысып
отырған қаншама оқушылар арасында кейбіреулері ғана жетістіктерге қол
жеткізулері мүмкін.
Білім беруді
үдеріс
және
іс-әрекет
ретінде
жекеше қарастырудың
себебі оның көздеген мақсаты мен күтілетін нәтижелерінің арасындағы
қадамдардың қаншалықты белсенді, қаншалықты қозғаушы күш екендігімен
байланысты анықталмақ.
Достарыңызбен бөлісу: