Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет10/301
Дата13.09.2024
өлшемі2,62 Mb.
#204308
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   301
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1)

іс
-
әрекет
барысында білім алушыларды табысқа жетуге бейімдей алу 
педагогикалық маңызы зор мәселе, себебі көп жағдайларда сабаққа қатысып 
отырған қаншама оқушылар арасында кейбіреулері ғана жетістіктерге қол 
жеткізулері мүмкін. 
Білім беруді 
үдеріс
және 
іс-әрекет
ретінде жекеше қарастырудың 
себебі оның көздеген мақсаты мен күтілетін нәтижелерінің арасындағы 
қадамдардың қаншалықты белсенді, қаншалықты қозғаушы күш екендігімен 
байланысты анықталмақ. 
Білім беру нәтиже ретінде: сауаттылық-білімділік-кәсіби 
кұзыреттілік-мәдениет-діл (менталитет).
Білім берудің
нәтиже 
ретінде 
қарастырылуы оның мазмұнын кеңейте түспек.
Оқу
-
танымдық үдеріс
барысында 
әр адам білімнің бір сапалық деңгейіне жетеді, ол оның нақты бір көлемдегі 
білімді игеруінің нәтижесі. Мысалы, бастауыш білім алу барысында адам 
сауаттылыққа 
ие болады. Сауаттылықтың негізгі педагогикалық сипаты 
– 
оған
барлық адамдардың қол жеткізе алуында. 
Адамдардың белгілі білім беру ұйымдарында
алған, меңгерген 
білімдерінің деңгейіне қарай 
бастауыш білімі бар, орта білімді, жоғары 
білімді адам
деп аталатынын көп естиміз. 
Білімділік
– 
қажетті максимумға 
дейін жеткізілген қоғамдық және тұлғалық сауаттылық. 
Кәсіби құзыреттілік. Бүгінгі 
ақпараттық қоғамда әр адам өзінің 
қызығушылығына, қабілетіне, ішкі әлеуетіне қарай бір мамандықты немесе 
кәсіпті дұрыс таңдауы маңызды. Мамандықты терең меңгеруге байланысты 
кәсіби құзыреттілік
ұғымы кеңінен талқылануда, себебі қоғам кәсіби 
құзыреттері, практика сұранысына жауап бере алатын мамандарды талап 
етуде.
Қазіргі
білім берудегі негізгі нормативті құжаттардың басым 
көпшілігінде 
«құзыреттілік»
ұғымы негізгі түйін сөздер қатарында 
қарастырылып келеді. Алдымен «құзыреттілік» ұғымының этимологиясына 
тоқталатын болсақ, ол латын тілінің 
«compete»
деген сөзінен аударғанда 
«білу», «істей алу», «қол жеткізу» деген мағынаны білдіреді.
Педагогикалық терминологиялық сөздікте 
құзыреттілік
ұғымы екі
тұрғыдан сипатталған:1) 
құзыреттілік

нақты білімдері мен дағдылары 
арқылы кейбір міндеттерді шешуге қатыса
алатын немесе мәселені өз 


11 
бетінше шеше алатын жеке тұлға мүмкіншіліктері; 2) 
құзыреттілік

танымдық және тәжірибелік іс
-
әрекеттің теориялық тәсілдерін меңгеру 
дәрежесімен анықталған жеке тұлғаның білімділік деңгейі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет