Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет43/301
Дата13.09.2024
өлшемі2,62 Mb.
#204308
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   301
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1)

ғылыми шығармашылық
(бұрынғы ғылыми білімдерге қарағанда 
артықшылығымен бағалы жаңа білімдер жүйесі);
-
көркем шығармашылық
(жаңа көркем әдебиет туындылары);
-
техникалық шығармашылық
(жаңа техникалық құралдар мен жаңа 
технологиялар);
-
педагогикалық шығармашылық
(жаңа мазмұн, педагогикалық
әдістер, қағидалар, педагогикалық жүйелер т.б.). 
Психологиялық
-
педагогикалық ғылымдар саласында шығармашылық 
іс
-
әрекет ерекшеліктерін зерттеумен айналысқандар Л.С.Выготский, 
С.Д.Рубинштейн, 
А.В.Брушлинский, 
О.К.Тихомиров, 
Т.А.Маслоу, 
Б.Г.Ананьев т.б. болған.
Педагогикалық 
іс
-
әрекеттер 
ерекшеліктеріне 
байланысты 
педагогикалық шығармашылық 
ұғымы кеңінен қолданылады. 
В.А.Сластениннің еңбектерінде педагогикалық шығармашылық педагог 
тұлғасының жеке, психологиялық, интеллектуалдық күштері мен 
қабілеттерін іске асыру үдерісі
ретінде қарастырылады.
Педагогикалық шығармашылық

өзінің
жаңашылдығымен, 
қайталанбастығымен ерекшеленетін шығармашыл тұлғаны қалыптастыруға 
бағытталған педагогикалық іс
-
әрекет. 
Шығармашыл мұғалімдердің өзінің ішкі жан дүниесінде, көңіл
-
күйінде, балалармен қарым
-
қатынасында үйлесімділік байқалып тұрады. 
Олар әр сабақты бір шығармашылықты шыңдау лабораториясына 
айналдырып жібереді. 
Педагогикалық міндетті шешудің өзі шығармашылықты қажет етеді. 
Педагогикалық практикада кездесетін ең қиын міндеттер шығармашыл 
педагогтың қолында оңай шешімін таба алады. 
Педагогикалық шығармашылық бірнеше
кезеңдерден
құралады:
1)
Шығармашылдық педагогикалық 
міндеттерді анықтау
.
2)
Педагогикалық 
ықпал ету әдістерін жобалау
.
3)
 
Балалармен тікелей әрекеттесу арқылы белгіленген 
жоспарды 
жүзеге асыру. 
4)
Қол
жеткізген педагогикалық 
нәтижелерді талдау

Педагогикалық шығармашылық өз еңбегінің әлеуметтік құндылығын 
бағалай отырып, кәсіби біліктіліктерін үнемі жетілдіру үшін басқалардың 
озық тәжірибесін зерттеп отыратын мұғалімдер жұмыстарына тән ерекшелік. 
Педагогикалық тәжірибе 
озық
және 
көпшіліктік
болып бөлінеді. Көпшіліктік 
педагогикалық тәжірибе 

оқыту, тәрбиелеу практикасының жеткен 
деңгейімен сипатталатын білім беру мекемелерінің және жеке педагогтардың 
жұмыс тәжірибесі. 
Озат
педагогикалық тәжірибе деп басқаларға үлгі тұтатын педагогтың 
асқан
шеберлігін атайды. Ал егер педагог тәжірибесінде шығармашылық 


39 
ізденіс, өте тиімді нәтиже беретін жаңашылдық, бір қайталанбас ерекшелік 
қамтылған
болса

онда оны 
жаңашыл педагог
деп атауға болады. 
Озат
педагогикалық тәжірибенің теориялық негіздерін меңгеріп оны 
практикада 
қолдану 
ерекшеліктері 
қазақстандық 
педагог
-
ғалым 
Ш.Т.Таубаеваның
еңбектеріндеозат
педагогикалық тәжірибені зерттеу, 
жалпылау, қолдану мұғалімдердің зерттеушілік мәдениетінің құрамды бөлігі 
ретінде қарастырылады. 
Мұғалімдердің озат
педагогикалық тәжірибесі 

көп жылдар бойы 
жинақталған, ұтымды, тиімді нәтиже беретін шығармашылық іс
-
әрекеті. 
Ш.А.Амонашвили, В.Ф.Шаталов, И.П.Волков, Е.Н.Ильин, С.Н.Лысенкова, 
Қ.Н.Нұрғалиев, А.М.Ысқақов, Қ.Айтқалиев, Қ.Бітібаева, Е.А.Очкур сынды 
жаңашыл
-
педагогтардың тәжірибелері практика жүзінде қолданылып 
жоғары сапалы нәтиже бергені белгілі. Сондықтан осындай құнды 
идеяларды кәсіби іс
-
әрекетте қолдана алу үшін болашақ мұғалімдердің 
аталған жаңашыл
-
педагогтардың еңбектерімен
тереңірек танысулары 
олардың шығармашылық әлеуеттерін жетілдіруге негіз болмақ.
Сонымен, кәсіби
-
педагогикалық мәдениеті
компоненттерін қысқаша 
мынандай ұғымдар тізбегі ретінде түйіндеуге болады: педагогикалық іс
-
әрекет мәдениеті, педагогикалық қарым
-
қатынас мәдениеті, мұғалімнің 
тұлғалық мәдениеті. Осы ұғымдардың өзара үйлесімді ұштаса отырып, 
олардың мазмұнының
жүзеге асырылуы кәсіби
-
педагогикалық мәдениеттің 
жоғары дәрежедегі моделі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет