Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар 1.
«Индвид», «
даралық», «жеке тұлға» ұғымдарының
айырмашылықтары неде?
2.
Жеке тұлға құрылымының иерархиялық деңгейлері қандай?
3.
Ұстаз
беделі қандай компоненттерден құралады?
4.
Мұғалімнің кәсіби
-
педагогикалық мәдениетінің құрылымдық компоненттері
қалай сипатталады?
5.
Педагогтың кәсіби құзыреттілігін құрайтын іскерліктердің қайсысы
өз бойыңызда
жақсы дамыған деп ойлайсыз?
4- тақырып. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАС – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮРДІС СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІК НЕГІЗІ 4.1. Педагогикалық қарым-қатынас туралы түсінік. Әрбір
адам
әлеуметтік ортада өмір сүргендіктенбасқа адамдармен ақпарат алмасады,
тәжірибесімен бөліседі, бірігіп ынтымақтастық қарым
-
қатынастарды
сақтауға тырысады. Қарым
-
қатынас үнемі әлеуметтік, ұжымдық сипатта
болатындықтан оны адамның қоғамдық ортаға бейімделуінің негізгі
факторларының бірі деп қарастыруға болады. Олай болса
,
қарым-қатынас -
қоршаған ортамен адамдар арасындағы байланысты тұрақтандырушы тетік.
Ғылымаралық
ұғым ретінде
қарым - қатынас -
өзара
іс
-
әрекеттер
қажеттіліктерінен туындайтын және ақпараттармен алмасуды, өзара
түсінісуді, қабылдауды қамтитын адамдар арасындағы байланыстарды
орнатудың және дамытудың күрделі үдерісі ретінде қарастырылады.
Қазіргі
таңда
зерттеуші
-
ғалымдарқарым
-
қатынастыңтүрлі
қырларынқарастыруда. Психология ғылымы тұрғысынан жеке тұлғаны
дамытудағы қарым
-
қатынас мүмкіндіктерін
Б.Г.Ананьев, В.Н.Мясищев, С.Л.
Рубинштейн сынды белгіліғалымдар
зерттесе, педагогикалық ғылымдар
саласында А.А.Леонтьевтің, А.А.Бодалевтің, А.В.Мудриктің, В.А.Кан
-
Каликтің
,
А.А.Реанның,
Н.Е.Щуркованың,
А.И.Щербакованың
,
Ш.А.Амонашвилидің
,
Я.Л.Коломинскийдің,
И.А.Зимняяныңт.б.
ғалымдардың
еңбектерінде жан
-
жақты қарастырылған. Ғалымдар қарым
-
қатынас феноменін
іс-әрекет түрі ретінде анықтап, оны басқа іс
-
әрекет
формаларын қамтамасыз ету негізі деп бағалайды. Қарым
-
қатынас пен іс
-
әрекет өзара тығыз байланысты болғанымен салыстырмалы түрде дербес
ұғымдар
.
Педагогикалық іс
-
әрекетте де қарым
-
қатынастың алатын орны
жоғары, себебі педагогтың негізгі атқаратын қызметтері болып табылатын
тәрбиелеу, оқыту, білім беру, дамыту, қалыптастыру үдерістерін
қарым
-
қатынассыз көз алдына елестету мүмкін емес. Сондықтан
педагогикалық қарым-қатынас–педагогикалық үдеріс субъектілерінің өзара әрекеттестік негізі болып табылады.