Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет103/301
Дата13.09.2024
өлшемі2,62 Mb.
#204308
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   301
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1)

Теория 
к
өбінесе жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту 
мен қалыптастырудың жинақталған тә
-
жірибесін шығармашылықпен қайта 
құрумен байланысты. Осылайша, ол педагогикалық тәжірибені 
қорытындылап, жеке тұлғаның болашақ
-
та қалыптасуы мен дамуының 
жоспарын анықтайды.
Теория өзара байланысты білімдер жиынтығы ғана емес, соны
-
мен 
қатар, ол 
– 
осы білімдердің белгілі бір зерттеу бағдарламасы тү
-
рінде 
құралуының тетігі. Теориялық білім зерттеушіге оның не нәрсені біле 
алатынын көрсетсе, практикалық білім оның не істеу керектігіне 
бағытталады. Кез
-
келген теорияның ақиқаттылығының белгісі 
– 
бол
-
мыстың 
практикалық өзгерісі.
Практика теориялық түсінікке қарағанда әлдеқайда кең 
және күрделі. 
Педагогикалық теория
дегеніміз
-
педагогикалық сан алуан құ
-
былыстарды зерттейтін, бейнелейтін және түсіндіретін білімдер жүйе
-
сі.
Педагогикалық теория оқыту мен тәрбиелеудің нәтижесін тек
прак
-
тикаға 
ғана қатысты емес, оны зерттеу нәтижесінде пайда болатын теорияны алдын
-
ала болжауға мүмкіндік береді. Сонымен, педаго
-
гикалық теория мұғалімнің 
педагогикалық тәжірибесін жасаудың негізі ретінде қарастырылады. 
Тұлға теориясы. 
Адам 
– 
жер бетіндегі тірі ағзаның жоғары сатысы
қоғамдық
-
тарихи іс
-
әрекетімен мәдениет субъектісі, ол қарым
-
қатынас иесі. 
Демек, оның іс
-
әрекеті, сезімі, ойлау ерекшелігі өзі өмір сүріп отырған 


97 
қоғамдық
-
тарихи жағдайға да тәуелді. Осыған байла
-
нысты тәрбие беру 
мақсатын анықтап, оның мазмұнын, ұйымдасты
-
рудың нақты мазмұны
мен 
әдістерін белгілеу 
– 
тұлғаның қалыптасуындағы 
маңызды мәселе. 
Тұлғаның дамуы 
– 
педагогика мен психологияда басты категорияның 
бірі. Даму заңдылықтарын психология психиканың да
-
муы деп түсіндірсе, 
педагогтарадамның дамуына мақсатты түрде бас
-
шылық жасау деген 
теорияны ұсынады. Сыртқы және ішкі фактор
-
лардың әсерінен тұлғаның 
дамуы сапалық және сандық
өзгеріске түседі. Тұлғаның өзгеруі оның 
жасының өсу кезеңдеріне, айналасын танып, тиісті дағдыларды
меңгеріп 
қарым
-
қатынас жасауға араласа бастаудағы тәлім
-
тәрбиесі мен өнегесіне 
байланысты. Оның басты са
-
лалары мыналар: денесінің өсуі 
– 
бұлшық 
еттерінің жетіліп, барлық дене мүшелері өркен жайып, пішін болмысы 
дамиды. Психикалық дамуы 
– 
ойлау, қабылдау,
зейін, ес т.б.; әлеуметтік 
жағынан дамуы 
– 
адамгершілік, имандылық, таным түсінікті сезіну, 
әлеуметтік қарым
-
қатынасты саралай білу т.б.
Есте сақталған пәндер мен құбылыстар, тану барысында жүзеге асқан 
белгілі бір іс
-
әрекеттің бейнесі негізінде түсінік қалыптасады. Бұл құбылыс 
пәндер мен құбылыстардың жалпылама белгілерінің бөлінуі мен жүйеленуін 
білдіреді.
Педагогикалық сөздіктерде: «Тұлғаға бағдарлану тұғыры 
– 
қа
-
зіргі 
педагогиканың 
теориялық
-
әдіснамалық 
негіздері, 
баланың 
дара, 
шығармашылық ерекшеліктерін ашу және есепке алу» деп анықтама берілген. 
Тұлғаға бағдарлану тұғыры әлемдік деңгейдегі практикада қолданылып, 
тұлғаның рухани және зияткерлік сапаларының қалыптасуына бағытталады. 
Тұлғаға бағдар
-
лану тұғыры 
– 
баланың субъектілі тәжірибесіне, өмірлік жеке 
тәжі
-
рибесіне сүйену арқылы даралығын, шығармашылығын дамыту және 
тұлға ретінде өзін
-
өзі дамытуға жағдай жасауды білдіреді. Бүгінгі таңда 
педаго
-
гикада оқытудың түрлі үлгілері мен технологиялары жасалуда, олар
-
дың әрқайсысы «тұлғаның дамуы», «оқыту тұғыры», «тұлғаға бағдар
-
лы
білім беру» ұғымдарын өздігінше түсіндіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет