110
қағидаларын
негіздеді.
Бұның бәрі психологиялық
-
педагогикалық ізденістердің әдіснамалық негізділігінің
бұрынғыдан да күшеюін талап етуде. Әдіснама
ғылыми танымның теориялық мәселелерін, зерттеу
заңдылықтарын зерделейді.
Педагогика мен психология
әдіснамасы
-
осы саладағы теориялардың негіздері мен
құрылымдары, зерделенетін құбылыстарға керек
тұғырлар, тұлғалық сапаларды қалыптастыру туралы
білімдер жүйесі.
Зерттеу барысындағы негізгі
талаптардың бірі
–
оның әдіснамалық тұрғыдан
толыққандылығы мен жеткіліктілігі, яғни әдіснамалық
талдаудың түрлі типтері мен деңгейлерін қолдану.
Әдіснамалық
мәселелерді
ғалым
В.И.
Загвязинский шартты түрде 5 топқа бөледі: жалпы
әдіснамалық, жалпы ғылымилық, жеке әдіснамалық
мәселелер; зерттеудің әдістерін үйрену, бағалау,
пайдалану және жетілдіру мәселелері; педагогикадағы
тұжырымдамаларды сынауға қатысты мәселелер.
Педагогиканың жалпы әдіснамалық мәселелері
М.А. Данилов, Ю.К.
Бабанский, В.Е. Гмурман, Т.А.
Ильина, Ф.Ф. Королев, В.С. Шубинский және т.б
ғалымдар
еңбектерінде
зерделенді.
Тәрбие
теориясының әдіснамалық мәселелері Б.П. Битинас,
В.С. Ильин, Б.Т. Лихачев және т.б ғалымдар
еңбектерінде
қарастырылды.
Дидактиканың
әдіснамалық мәселелері Л.В. Занков, В.В.Краевский,
И.Я. Лернер, М.И. Махмутов, М.Н. Скаткин және т.б
еңбектерінде көрініс тапты.
Сонымен қатар, ғылым әдіснамасы
-
ғылыми
білімнің құрылымын, негіздеу және дамыту әдістерін
,
111
ғылыми
танымның зерттеу әдістері мен тәсілдерін
зерттейтін ғылымның бөлімі.
Педагогика ғылымының әдіснамасының мәні
және
мәртебесі нақтыланды
(4-
cурет. Педагогика
әдіснамасы).
Педагогика
әдіснамасы
ғылымның
философиясымен,
ғылымның
әдіснамасымен,
ғылымның парадигмасымен тығыз байланыста
жүйеленеді.
Өйткені
педагогика
әдіснамасы
саласындағы
ізденістер
ғылым
әдіснамасы
жетістіктеріне негізделіп жүргізіледі. Педагогикалық
құбылыстарды диалектика тұрғысынан зерттеу
олардың сапалық ерекшеліктерін анықтауға,
басқа
әлеуметтік құбылыстар және үдерістермен тығыз
байланыста зерделеуге қолайлы жағдай жасайды. Осы
уақытта ғылымдардың даму келешегін анықтауда
әдіснаманың рөлі барған сайын арта түсуде.
Достарыңызбен бөлісу: