Ғылыми-зерттеу жұмысы – бар білімді кеңейту және жаңа білім алу, ғылыми болжамдары тексеру, табиғат пен қоғам да-муының заңдылықтарын анықтау, жобаларды ғылыми жинақтау, ғылыми негіздеу мақсатында ғылыми ізденіспен, зерттеу, эксперимент жүргізумен байланысты жұмыс.
Ғылыми таным – жаңа білім алу мақсатындағы ғылыми әдістерді пайдаланып, өзіндік мақсат көздей отырып зерттеу жүргізу.
Педагогика әдіснамасы (методология педагогики) - педагогика теориясына лайықты танымның ұстанымы, әдісі, нысаны мен таным амалдары арқылы педагогикалық болмысты, өзгерісті түсіндіру.
Гуманизм - адам тұлғасын ең жоғары құндылық ретінде қабылдауға негізделген көзқарастар жиынтығы; тұлғаның құқығы мен бостандығын қорғауға бағытталған және тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуын қарастыратын ілім.