Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



бет176/340
Дата07.02.2022
өлшемі0,96 Mb.
#88553
түріОқулық
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   340
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018

Тәрбие үдерісінің қағидалары: ізгілік бағыттылығы, жалпыадам-заттық құндылықтар, мәдениеттілік, үздіксіздік, табиғилық, тұтастық, ұлттық т.б. бірі-бірімен сабақтастықта кешенді түрде үйлескенде тәрбиенің жетістікке жетеді.


Тәрбиенің ізгілік бағыттылығы - тәрбие мазмұнының құнды-лық, дүниетанымдық бағытын немесе құндылықтар жүйелерін және өмірдің мәнін, рухани байлықты түсіну, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу; жалпыадамзаттық және ұлттық мәдениетті игеру; әлеуметтендіру, қо-ғамдық тәжірибені жинақтап, тұлғаның азаматтық іс-әрекет тәжіри-бесін дамыту; тұлғалық бағдарын дамыту (өзін-өзі тану, өзін-өзі рет-теу, өзін-өзі бақылау, өз өмірін ұйымдастыру қабілетін жетілдіру); тұлғаның денсаулығы мен тән түзілісіне байланысты табиғи бағдарын ескеру.
Жалпыадамзаттық құндылықтар - халықтық дәстүрлерде, адамгершілік үдерістерде, жеке тұлғаның қасиеттері, адамгершілік үл-гілері жинақталған күйде, әдептіліктің қоғамда қабылданған үлгісі ре-тінде, түрлі халықтың, түрлі діннің, түрлі дәуірдің рухани мақсаттарын жақындастыратын құбылыс.
Мәдениеттілік- адамзат игілігі ретіндеұрпақтанұрпаққа, материалдық және рухани байлық жасауынан көрінетін, қоғам мен адамның белгілі тарихи даму дәрежесі, қазақ халқының мәдени мұра-ларында мемлекет құраушы ұлттың дүниетанымы,тілі мен ділі, бол-мыс-бітімі көрініс тауып, олар ұлттық мәдениетті адамды қоғамға лайық тәрбиелеу, жетілдіру, қызмет істетуОтан, адам, тұлға, өмір, адамдардың бір-біріне мейрімділік қарым-қатынасы, шыншылдық, әді-леттілік, білім, ғылым, өнер адамның өмір сүруіне деген материалдық жағдайдың болуы.
Ұлттық тәрбие беру - әр азаматтың өз Отанына деген саналы қатынасын, мемлекеттік тілді, мемлекет құрушы ұлттың мәдениетін меңгеруді, мемлекеттің ұлттық бірлігін нығайту қажеттілігін түсінуді қалыптастыру. Сонымен бірге тәуелсіз Қазақстанның жетістіктеріне мақтанып, ұлттық рухты күшейтуге, азаматтық борыш, перзенттік па-рыз ұғымдарын дұрыс қалыптастырып бағыттауға, болашақ маман-дардың кәсіби жауапкершілігін дамытуға ықпал ету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет