Түбір сөздер емлесі


Түбір морфема және түбір сөз



бет2/5
Дата07.02.2022
өлшемі24,61 Kb.
#82565
1   2   3   4   5
Байланысты:
9 лек

Түбір морфема және түбір сөз. Түбір морфема түбір сөзге сәйкес келуі де келмеуі де мүмкін. Мысалы, бас, қол, іш, оқы, біл, ақ, көк, т.б. сөздер әрі одан әрі бөлшектенбейтін түбір морфема, әрі дербес ұғымды атап тұрған түбір сөз де. Бұл мысалдарда түбір морфема мен түбір сөз деген ұғымдар бір-біріне толық сай келеді. Кел, кет, кері, кейін сияқты тарихи тұрғыдан бір түбір морфемадан өрбіген туынды сөздерді салыстырсақ, түбір морфема мен түбір сөз ұғымдары басқа дүниелер екенін көреміз. Бұл төрт сөзде қазір түбір сөз деп танылады. Алайда олардың лексикалық мағыналарындағы «бағыт» және «қозғалу» семалары олардың бір түбірден шыққанын дәлелдейді, ендеше ол түбір – ке-морфемасы,Ендеше мұндағы -ке – түбір морфема ғана, сөз бола алмайды. Сөйтіп түбір морфема мен түбір сөз екеуі екі басқа термин болып шығады. Ендеше түбір сөз дегеніміз морфемдік-дыбыстық құрамы тұрақталған, жеке ұғым атауы болатын, кейбірі актив, кейбірі пассив қолданыстағы, түрлі сөздіктерге енген сөздік қордағы тілдік бірліктер.
Қазақ тілінің байырғы түбір сөздері, барлық түркі тілдеріндегідей, бір буыннан, ары кетсе, екі буыннан тұрады. Үш не төрт буынды төл сөздеріміз, тарихи тұрғыдан түбір жіне қосымша морфемаларға жіктеледі. Бұл – барлық түркі тілдеріне ортақ типлогиялық ерекшелік.
Жалпы әлем тілдерін салыстыратын болсақ, әр тілдің өз ерекшелігіне байланысты дыбыстық жүйесі мен заңдары, морфологиялық жүйелері әр түрлі екенін көреміз. Дүние жүзі халықтарының тілі төрт типологиялық топқа бөлінеді: флективті (қопармалы) тілдер, жалғамалы тілдер, аморфты (түбіртек) тілдер, полисинтетикалық тілдер. Түркі тілдері, соның ішінде қазақ тілі де, жалғамалы (агглюнтинативті) тілдер қатарына жатады.
Жалғамалы тілдерге тән негізгі қасиеттер деп тілдегі мына құбылыстар танылып жүр:

  1. Грамматикалық мағыналар сөзге қосымшалардың қосылуы арқылы беріледі;

  2. Сөзге жалғанған әр қосымша бір ғана мағынаны білдіреді;

  3. Қосымшалар бірінің үстіне бірі қосыла береді;

  4. Қосымшалар қанша қосылса да түбірдің дыбыстық құрамы өзгермейді.

Мысалы, бала-лар-ымыз-ға,кел-ме-ген-дер-іңіз-ді, т.б. Көріп отырғаныңыздай, түбір сөздің дыбыстық құрамы (дауысты дыбыстары) жалғанатын қосымшалардың дыбыстық құрамына өз әсерін тигізеді.
Қазақ тіліндегі жеке ұғымның атауы болатын сөздер тұлғалық (тұрпаттық) ерекшелігіне қарай беске бөлінеді: түбір сөз(бас, қол),туынды сөз (бастық, қолда), біріккен сөз (кәсіподақ, шекара), қос сөз (қып-қызыл, тау-тау, ыдыс-аяқ), тіркесті сөз (он екі, көк ала, барып кел). Сөздің тұлғалық түрлерін анықтауда оның үш қыры негізге алынған:

  1. Жеке бір ұғымды атауы, яғни, бір лексикалық мағынаны білдіруі;

  2. Мофологиялық құрамы;

  3. Жазылу дәстүрі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет