«Орыс тілінен енген атау сөздердің тұлғасы, негізінен, орыс орфографиясы бойынша өзгертілмей жазылады» деген қағида алынып тасталды.
Кезінде тіліміздің сұлулығын сақтап мақсатында таза фонетикалық принциппен жазайық деушілер де болған. 12-тармақшадағы aq ala (aǵ ala емес), bara almaımyn (baralmaımyn емес) сияқты мысалдар сол үшін беріліп отыр. Сөздің түбіріндегі негізгі фонеманы сақтамай, айтылуы, естілуі бойынша жазу, жазуды жүгіртіп оқуға жеңіл болғанмен, мәтінді ұғыну, түсінуде қиындықтар туғызады. Мысалы, Төрөгөрсөң тоналарсың нұсқасындағы жазу Төре көрсең, тоналарсыңдеген мазмұнда тұр ма немесе Төреге ерсең, тоналарсың деген ақпарат па, ажырату қиын. Сондықтан төл сөздерімізді жазуда басты принцип морфологиялық немесе фонематикалық принцип болу керек.
Бақылау сұрақтары:
Түбір морфема және түбір сөз ұғымдарына түсінік бер.
Жалғамалы (агглюнатинативті) тілдердің басты қасиеттері қандай?
Қазақ тіліндегі сөздер тұлғасына қарай нешеге бөлінеді? Мысал келтір.
Түбір сөздердің жазылуына байланысты ескі Емле мен жаңа Емле арасындағы айырмашылықтар.