ҚТӘ – 203 АБДЫРАХМАНОВА ҚАЛИЯ
ҮСТЕУ
Үстеу – заттың әр қилы қимылы мен ісінің (етістіктің) әр түрлі сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мөлшерлік күй-жайлары мен сынның белгісін білдіретін сөз табы.
Үстеу сөздері морфологиялық құрылысы және құрамы жағынан екі топқа бөлуге болады:
негізгі үстеулер
туынды үстеулер.
Негізгі үстеулер деп қазіргі кезде морфемаларға бөлшектеуге келмейтін, тек белгілі бір формада қалыптасқан сөздерді айтамыз. Негізгі үстеулердің мынадай үш түрлі ерекшеліктері бар:
Негізгі үстеулердің көпшілігінен шырай категориясы жасалады. Демек, оларға -рақ, -рек, -лау, -леу жұрнақтары жалғанады, алдынан (бұрын) шырай туғызатын өте, аса , тіпті, мейлінше, қабағат сияқты күшейткіш сөздер қолданылады. Мысалы: бұрынырақ , кейінірек.
Негізгі үстеулердің кейбіреулері қосарланып та, плеонизм жолымен қабаттаса да қолданылады. Мысалы: құр босқа, жай босқа, текке босқа, бос бекерге, құр бекер, бекерден-бекер, бостан-босқа, тектен-тек, бостан-бос, құрдан-құр
Негізгі үстеулерден қосымшалар арқылы да, қорсарлану арқылы да, басқа сөздермен тіркесіп те, туынды үстеулер жасала береді. Мысалы: әрең, әрең-әрең, азар-азар, азар деп, азар-азар деп, әдейілеп, ұдайылап, әрі-бері, бұрынды-соңды, ілгері-кейін, жоғарылы-төменді, енді-енді, кейінде, кейіннен, ендігәрі
Туынды үстеулер деп басқа сөз таптарынан түрлі қосымшалар арқылы, сөздердің бірігу және қосарлану, тіркесу тәсілдері арқылы, сондай-ақ, кейбір сөз тіркестерінің тұрақтануы арқылы жасалған (я үстеуге айналған) үстеулерді айтамыз.
Туынды үстеулер екі түрлі жолмен жасалады: 1) жұрнақ арқылы; 2) септік жалғаулары арқылы.
Туынды үстеу жасайтын жұрнақтар:
-ша, -ше: құсша, ізінше, балаша,
-лай, -лей, -дай, -дей, -тай, -тей: осылай, жүрелей, жаздай,
Достарыңызбен бөлісу: |