«Театрлік хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасы



бет53/139
Дата21.07.2020
өлшемі0,73 Mb.
#63631
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   139
Дәріс №3

Тақырыбы: Библиографиялық сипаттама жасаудың теориясы мен практикасының дамуы.

Дәрістің мақсаты: Библиографиялық сипаттаманың теоретикалық негізін анықтау

Дәрістің мазмұны: 1841 жылы кітапхананың баспа каталогының 1 томында оның «Правила составления книг Британского музея» деген еңбегі берілді. 19 ғ. 2 жартысында Ресейде де сипаттама жазудың теориясы мен әдісін дамыту жалғастырылып 1859 ж. алғаш рет «Об устройстве общественных библиотек и составление их каталогов» деген Петербургтың бұқаралық кітапханасының қызметкері В.И. Собольщиковтің еңбегі басылып шықты. Бұл еңбекте ол сипаттаманың басында авторды көрсетуді айтты және сипаттамада элементтердің белгілі тәртіп бойынша беруге көңіл аударды.

Қазіргі кезеңде библиографиялық сипаттама жазудың халықаралық ережелерін жасаудың проблемасымен ИФЛА-ның каталогизация секциясы айналысады. Ол құжаттарға библиографиялық сипаттама жасау ережесін қарайтын библиографиялық сипаттаманы унификациялық стандарттайтын «халықаралық стандарттың библиографиялық ситпаттамасы» атты құжат жасады. 1972 жылы ИФЛА-ның 39 съезінде машинаға жазып беретін ақпараттар беретін құжаттар мен алмасуға негізделген универсалды библиографиялық есеп қабылданды. Ол құжаттарды ЭВМ-ге салып каталогтық карточкалар және баспа каталогтарын жасуға болады немесе машинаның жадында қалдырып библиографиялық мәліметтер банкісін жабдықтап, ЭВМ-ге құжаттар жөнінде енгізетін мәліметтер неғұрлым көбірек формальданған болса ыңғайлы болады. Оның құрылысы қатаң болу қажет. Библиографиялық сипаттама жасаудың халықаралық ережелерін әзірлеу, сипаттаманы қай елде, қандай көз арқылы қандай алфавитпен жасалғанына қарамастан біркелкі оқуға жағдай жасайды. Библиографиялық мәліметтермен алмасып, бірігіп қызмет істейтін барлық елдер стандарт түрде әзірленген халықаралық ережеге сүйеніп, олардың негізінде ұлттық стандарттар әзірлейді. Біздің елімізде библиографиялық сипаттама жазу жөнінде бұрынғы КСРО-да 60 ж. жасалған совет стандарттары сол кезде қолданылған. «Бірыңғай ережелердің» негізінде жасалды. 1965 жылы каталогтау жөнінде Бүкіл Одақтық ғылыми конференцияда библиографиялық сипаттама жасаумен құжаттарды көркемдеу туралы стандарттар әзірлеу ұсынылды. Оларды әзірлеп басу, бекіту 1969ж.-1970 ж. ірі кітапханалар –ГБЛ, ГПБ, ГПНТБ, БАН, ВКП-ның қатысуымен іске асырылды. Стандарттар яғни госттарды жаңарту процестері үнемі жүргізіледі, шамамен 5-жылдарда 1рет жаңадан қаралып, басылып шығады. Стандарттың библиографиялық сипаттамасы ұлттық ережесіне сүйене отырып және халықаралық тәжірибеге байланысты қаралады. Библиографиялық сипаттаманы стандарттау басқада кітапханалық-ақпараттық қызмет түрлерінің дамуына әсерін тигізеді.

- Баспа өнімдерінің библиографиялық ақпарат құралына айналуын жеңілдету үшін, оларды көркемдеуді унификациялау (бір түрге келтіру)

- Каталогтандырудың терминологиялық жүйесін стандарттау және унификациялау.

- Библиографиялық сипаттаманың мәтіні беруді бірдей ету, библиографиялық жазбаның басының формасы мен құрылысын сипаттау сұрағын шешуді талап етеді.

- Алфавиттік орналастыру ережесін стандарттау және алфавиттік қатардың құрылысын унификациялау.

Халықаралық стандарт – ИСБН-ның негізінде біздің елімізде 1978 ж. жаңа стандарт ГОСТ 7.1-76 «Баспасөз шығармаларына сипаттама жазу» пайда болды. Ол бос жаңа құрылысын енгізді. Оның элементтерін, орналасу тәртібін, олардың араларын бөлу белгілерінің жүйесін енгізді.

1984 ж. әртүрлі ортада қолдану үшін құжаттардың барлық түрлерінің библиографиялық сипаттаманың одан әрі унификациялау мақсатымен негізгі ережелермен түсініктерді, терминдерді, СИБИД жүйесіндегі басқа стандарттармен келістіріп үйлестіру үшін жаңа стандарт ГОСТ 7.1-84 «Құжатты библиографиялық сипаттау» әзірленді.

СИБИД-система стандартов по информации библиотечному делу.

ГОСТ-государственный стандарт. Соңғы ГОСТ бұрынғыға қарағанда сипаттама обьектісі ретінде кең түрде құжаттар түрін қамтиды. Ақпараттың формасы мен құжаттың түріне қарамастан библиографиялық сипаттама біркелкі болуын бекітіп қоймайды және құжаттарды машиналық өңдеу талабына сәйкес библиографиялық сипаттаманы бір формаға келтіруге бағытталған. Стандарттау жөнінде нормалық документтерді әзірлеу іс-әрекеті елімізде құжаттың барлық түрлеріне библиографиялық сипаттама жазу ережесінің жаңа ұлттық жинағын әзірлеуге жағдай жасады. Бұрынғы КСРО-да сипаттаманы жазудың жаңа ережелері ГБЛ қасындағы мекеме аралық каталогтау жөніндегі комиссияның әзірлеуімен 1986 ж. бастап әзірленіп шыға бастады. Оның бір бөлімінде каталогтар мен сериалдық басылымдарға ережелері, бөлу белгілерінің жүйесі егжей-тегжей түрінде берілген. Онда сипаттама технологиясы библиографиялық жазбаның бір элементін таңдау талабы көрсетілген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет