«Театрлік хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасы



бет52/139
Дата21.07.2020
өлшемі0,73 Mb.
#63631
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   139
Дәріс №2

Тақырыбы: Библиографиялық сипаттама жасаудың теориясы мен практикасының дамуы.

Дәрістің мақсаты: Библиографиялық сипаттама жасаудың теориясы мен практикасының дамуын анықтау

Дәрістің мазмұны: Сипаттаманың қазіргі кезде қалыптасқан принциптері мен ережелері көп ғасырлар бойы дамып келеді, көне дүниенің ірі кітапханалары – Ашшурбанипал, Ассерия патшасының кітаптарында (б.э.д.7ғ.) 22 саз балшық талшықтары болса, Александриядағы «Птоломейлер» кітаптарда (б.э.д.47ж.) 400 мың атпен еңбектер болған. Бірен-саран сақталған каталогтардың фрагменттері арқылы ерте дүниенің кітаптары да каталогтар мен жазба еңбектерге сипаттама әдістері белгілі болғанын біле аламыз. Орта ғасырлардағы кітаптарға да каталогтар жасалған. Бірақ ол кездегі Батыс Европа мен Киев мемлекетінің кітаптары мен каталогтары біздің уақытымызға жеткен жоқ. Кирилл Белозер – моностырінің 157 жасалған кітаптар тізімі көңіл аударарлықтай өз заманының әйгілі библиографиялық еңбегі болып табылады.

15 ғ. баспа кітаптарының пайда болуы оларға сипаттама жазуды талап етті. Сипаттамаға жаңа элементтер басушының аты, шыққан жері, жылы қосылды. Швейцарияның ғалымы библиографы К.Геснер алғашқылардың бірі болып кітаптың неше беттен тұратынын сипаттамада көрсетті және сипаттаманы автордан бастауды қалыптастырды.

17 ғ. кітаптарда кітап қорының өсуі оларға сипаттама жазу ережелерін жасауды талап етті. Алғашқы каталогтендіру нұсқауы Оксфордтағы «Бедлейан» кітапханасының баспа каталогында кіріспе берілді.

1665 жылы Ресейде «Оглавление книг, кто их сложил» деген библиографиялық еңбекті Москва баспа үйінің кітап сақтаушысы Сильвестер Медьведев жасады. Орыс тәжірибесінде алғаш рет сипаттаманы автордан бастауды қолдады.

18 ғ Ресейде де, Батыс елдерінде де сипаттама жазу теориясында жаңалықтар болған жоқ, тек 1791 жылы Францияда алғаш рет кітаптар сипаттаудың ұлттық нұсқаулары пайда болды.

19 ғ. Ресейде де, шетелдерде де сипаттама теориясы мен тәжірибесінің дамуы жемісті болды, көптеген жұмыстар жүргізіліп теориялық еңбектер жазылды. Библиографиялық сипаттаманың теориялық негізін жасау, үлкен кітаптардың каталогтарын жасау жеке адамдар үшін қиынға соқты. Сондықтан каталогтар жасауды біртұтас кітапхана ұжымдары еңбек етті. Сипаттама жазу, каталогтар жасау дискуссия сұрақтарына айналды. Ресейде кітапқа сипаттама жазудың баспа ережелері Петербургтың бұқаралық кітапхананың алғашқы ережелері пайда болды. Оның авторы сол кітапхананың директоры А.Н.Оленин болды. Ол каталогтар жасауға кірісерден бұрын қызметкерлер мен сипаттама жазу сұрақтарын талқылады. Дискуссияға қатысқандардың ішінде бұқараралық кітапханалардағы құрметті кітапханашылар, жазушылар, библиографтар атап айтқанда Крылов, Попов, Востоков т.б. қатысты, толқылаудың қортындысында «Подробное правило для составление каталогов императорской Публичной библиотеки по азбучному порядку» деген құрал екі рет басылып шықты. 70 жылдың бірінші жартысында Батыс Европа елдерінде сипаттама теориясы Британ музейі кітапханасының каталогын жасаған ағылшын кітапханасының еңбектерінде дамытылды. Әсіресе, Британ музейі кітапханасының директоры Антонио Поницидің еңбегі ерекше болды (1797 – 1879).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет