Дәріс №4
Тақырыбы: Библиографиялық сипаттама жазудың негізгі әдістері.
Дәрістің мақсаты: БС құрастырудың жалпы әдістемесін анықтау
Дәрістің мазмұны: Библиографиялық сипаттама – құжат жөнінде, оның құрамдас бөлігі жөнінде немесе бірнеше құжаттар тобы жөнінде библиографиялық мәліметтердің жиынтығы және ол мәліметтер құжатқа жалпы мінездеме беріп, идентификациялау үшін белгілі тәртіппен орналасады.
Сипаттаманың обьектісі басылымның тұтастай өзі немесе оның жеке бір бөлігі яки бірнеше бөлігі болуы мүмкін. Осыған байланысты сипаттамаларды монографиялық, аналитикалық және жиынтық сипаттама деп бөледі. Сипаттама жазу үшін басылыммен толық танысады. Танысу төмендегідей процестерден тұрады.
Құжаттың библиографиялық мәліметтерін табу, іздестіру, элементтерді іріктеу, сипаттаманың бірінші элементін табу, табылған мәліметтердің араларына бөлу белгілерін қойып белгілі тәртіппен орналастырып жазу.
Сипаттама жазудың көзі тұтастай құжат болады. Оның титул бетінің сырт жағы авантитул, сыртқы мұқабасы, қабы, соңғы беттері т.б. басылымның өзінде берілмеген, бірақ түсінікті болу үшін кітапханашының өзі ойдан қосқан мәліметтері сипаттамада тік жақшаға алынып жазылады.
Сипаттама элементері міндетті және факультативті болып 2-ге бөлінеді. Сипаттамада мына мәліметтер негізінен ақпарат береді, автордың фамилиясы және әзірлеген ұжымның аты, шығарманың негізгі аты, қайталап басылу саны, шыққан жері, шығу датасы, құжаттың көлемі – негізгі әлем деп аталады.
Факультативтік мәліметтер құжат жөнінде қосымша ақпарат береді.
Мысалы, шығарманың негізгі атын ашып түсіндіреді, жанрын кімге арналғандығын, құжатты әзірлеудегі жауапты адамдардың (аудармашы, редакциясын басқарған адам) баспаның аты, қосымша суреттің және анықтама беру жөніндегі мәліметтер.
Сипаттама элементтері толық түрде яғни негізгі және факультативтік мәліметтер түгел қамтылып мемлекеттік баспа карточкаларда беріледі. Сипаттаманың элементтері өздерінің элементтеріне байланысты 7 салаға топтастырылады, араларына бөлу белгілері қойылып, белгілі тәртіппен орналастырылады. 1 сала мен 2 саланың элементтер арасына нүкте, сызықша қойылады. Әрбір саланың арасында әрбір элементтің өзіне тән бөлу белгісі қойылады.
Шартты бөлу белгілері мыналар
Тек қана нүктенің өзі,үтір, қоснүкте, қисық сызық, дөңгелек жақша, тік жақша, қосу белгісі, теңдік белгісі. Бұл бөлу белгілері тиісті элементтердің алдында қолданады,кейбір элементтер салалар қайталануы мүмкін, онда бөлу белгілері қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |