«Театрлік хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасы



бет55/139
Дата21.07.2020
өлшемі0,73 Mb.
#63631
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   139
Дәріс №5

Тақырыбы: Библиографиялық сипаттама жазудың негізгі әдістері.

Дәрістің мақсаты: БС құрастырудың жеке әдістемесін анықтау

Дәрістің мазмұны: Элемент бір немесе бірнеше мәліметтерді көрсететін сипаттаманың ең кіші бөлігі. Сипаттама элементтері төмендегідей 7 салаға бөлінеді:

  1. Шығармалардың басты тақырыбы мен оған байланысты мәліметтер және жауаптылықты көрсететін сала.

  2. Басылым саласы яғни шығармаларының нешінші басылымын көрсетеді.

  3. Шығу деректерін көрсететін сала

  4. Сандық мінездеме саласы

  5. Серия саласы

  6. Ескертулер саласы

  7. Кітаптың халықаралық стандартты нөмірін (ИСБН) бағасы мен таралуын көрсететін сала.

Басылым қай тілде болса, сипаттама сол тілде жазылады және әрбір элементті жазғанда сол тілдің орфографиясы мен грамматикасының ережелері қолданылады. Әрбәр элементтің алғашқы сөзі бас әріппен жазылады. Сан есімдер басылысыда қай формада берілсе сипаттама сол түрде жазылады. Бірақ басылымның шығу жылы, нысанның актілері мен көріністерінің, томның номері, серия шығарылымының номері, сынып номері, араб цифрмен жалғаусыз жазылады.

Мысалы: В 2т, для 7 кл, 2-е изд.

Сипаттаманың кейбір элементтерінің сөздері арнаулы стандартқа байланысты қысқартылып жазылады. Сөздерді ГОСТ 7.12-77 «Сокрощение русских слов и словосочетаний в библиотечном описаний произведении печати» қараймыз. Бірақ кітаптың негізгі аты қысқартылмай толық жазылады. Кітаптың авантитулында немесе титул бетінде берілген эпиграфтар, лозунгілер, цитаталар, арнаулар сипаттамада жазылмайды. Сол секілді автордың ғылыми атағы, дәрежесі де сипаттамада көрсетілмейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет