Дәріс №6
Тақырыбы: Библиографиялық сипаттама жазудың негізгі әдістері.
Дәрістің мақсаты: Библиографиялық сипаттама жазудың негізгі әдістерінің
ерекшеліктерін анықтау
Дәрістің мазмұны: Сипаттама обьектісіне байланысты сипаттаманың мына түрлері болады:
монографиялық
аналитикалық
жиынтық сипаттама
Монографиялық сипаттама жеке басылымға және көптомды басылымның жеке бір томына жазылады. Ол бір бөлімнен тұрады.
Аналитикалық сипаттама (талданған сипаттама) құжаттың жеке бір құрамдас бөлігіне жазылады.
Мысалы: Жинақтың ішіндегі бір шығармаға, кітаптың кіріспесіне, газет-журналға жазылады.
Аналитикалық сипаттама 2 бөлімнен тұрады:
Құжаттың құрамдас жөніндегі бөлігі туралы мәліметтер.
Сол бөлік берілген құжат туралы мәліметтер.
Жиынтық сипаттама – көп томды басылымның барлық томдарында және сериалдық басылымдарға жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: |