«Театрлік хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасы



бет73/148
Дата12.09.2020
өлшемі1,02 Mb.
#63838
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   148
Дәріс 12

Тақырып: Басылым.

Дәрістің мақсаты: Басылымды анықтау

Дәріс мазмұны:

Басылым құжат түрі ретінде

Басылымның жіктелуі және типологизоциясы.

Жалпы және арнаулы басылымдардың жіктелу түрлері . Бір хабарлама әр түрлі формада болуы мүмкін: қолжазба, магнитофон жазбасы түрінде, жарияланғаннан кейінгі басылым ретінде және т.б. Бұлардың әрқайсысы хабарлама сипаттамасын әр түрде еніп, құжат мәнін басқаша ашады, яғни ерекшеліктерін, өзіндік белгілерін айқындайды. Бұл белгілер құжатты құруда, таратуда, өңдеуде, сақтауда, құжатты пайдалануда ескеріледі.

Құжаттың коммуникацияда маңызды орында кітаптар, журналдар, газеттер, плакаттар, карталар, ноталар және т.б. алады, олардың барлығы да басылымдар тобын құрайды. Басылым – бұл да құжат, бірақ оның басқа құжаттардан айырмашылығы болмайды, яғни өзіндік ерекшеліктері болмайды.

Басылым - жарияланған, басылған полиграфиялық құжаттың басты түрі. Бұл құжат ондағы ақпаратты таратуға бағытталған. Басылымға баспалардың жоспарлы және жоспардан тыс авторлармен келісімдер негізінде, полиграфиялық баспаның әр түрлі тәсілдерімен шығарылған барлық құжаттарды атайды. Сонымен қатар басылымдарға магнитофон және бейнемагнитофон ленталарындағы, дискілердегі, дискеталар, перфокарталар және перфоленталардағы құжаттар жатады.

Басылымды кітаптық, журналдық және беттік деп бөледі.

Кітаптық – бұл әр түрлі форматтағы баспа материалының қапталған түрін атайды. Оған кітап пен брошюра жатады.

Журналдың – бұл орнатылған форматтағы бір-біріне біріктірілген баспа материалдары. Оның өзінің қабы болады. Бұл түрдің көп тараған түрі – журнал. Оған егер бірі біріктірілген болса газеттерді де жатқызуға болады. Онда «Газеттік-журналдық басылым» деген термин қолданылады.

Беттік – бұл бір немесе бірнеше беттерден тұратын біріктірілмеген түрлі форматтағы баспа материалы. Бұл түрдің көп тараған түрі – газеттік және карточкалық басылым. Газеттік – бұл бір немесе бірнеше беттен тұратын орнатылған форматтағы баспа материалы.

Карточкалық – орнатылған форматтағы карточка түріндегі беттік басылым. Ол жоғары қалыңдықтағы материалда басылады. Беттік басылымдарға газет, плакат, бүктеме, открытка жатады.

Басылым – бұл басу арқылы алынған баспа шығарма, полиграфиялық өндіріс бұйымы. Баспа шығармасына кітап, брошюра, журнал, газет және плакаттан басқа кіші баспа формадағ буклеттер, парақтар, бағдарламалар, билеттер, открыткалар, этикеткалар мен бланктар жатады.

Баспа шығармасына басқа дәптерлер және бланктер жатады. Бұл өнімдер массасында басылым таратуға арналған ақпараттардың болуымен, сонымен қатар ерекше баспа безендірілуімен ерекшеленеді. Нәтижесінде келесі классификациялық түр пайда болады: құжат – полиграфиялық өнім – баспа шығармасы – басылым. Бұл жерде «құжат» кең түсінік, ал «басылым» түсінігінің ауқымы тар.

Басылымның маңызды белгісі – тираждың болуы, яғни басылатын басылымның жалпы саны, таралымы.

Таралым барлық жарияланған құжаттарға тән. Басылымның ерекшелігі сол, ол, дұрысында, полиграфиялық тәсілмен таралады.

Соңғы жылдары басылымды көбейту құралдары көптеп шығарыла бастады. Сондықтан да басылымдарға немесе басқа тәсілмен шығарылатын барлық құжаттарды жатқызуға болады.

Басылым – қағазда орындалған құжат. Баспа қағаздары әр түрлі болады.

Басылым басқа құжаттардан өз конструкциясы, безендірілуі және полиграфиялық орындалуы бойынша ажыратылады. Басылымның типтік конструктивтік элементтерін теру, сонымен қатар оның безендірілу талаптары арнайы стандарттармен кестеленген және де әр басылым түрінің конструкциясы мақсаттың және оқырман бағытына, ақпарат сипатына байланысты.

Басылымда анықтамалық аппарат басты рөлге ие және ол шартты түрде 2 бөлімге бөлінеді: 1) кітап мазмұнын ашатын материалдар (алғысөз, соңғысөз, комментарии, баспа аннотациясы және т.б.); 2) анықтамалық сипаттағы элементер. Олар басылым бойынша өзіндік жолнама құрайды. (көмекші көрсеткіштер, мазмұн және библиография) қазір баспа тәжірибесінде анықтамалық аппараттың үш түрі анықталды: ғылыми, ғылыми-көпшілік және бұқаралық.

Басылым – құжаттың маңызды түрі, басты ақпарат дереккөзі, әлеуметтік коммуникациялық әмбебап құралы. Бүгінгі таңда өз қарапайымдылығы мен қол жетілдігі бойынша еш нәрсеге ұқсамайды. Көп уақыт бойы – ХХ ғ. Дейін басылымдар ақпаратты сақтау мен таратудың жалғыз құралы болып есептелді. Қазір басылым кейбір функцияларын өзінен де жақсы орындай алатын басқа құжат түрлеріне берді.




Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет