y = x2 функциясының графигі координаталар басы арқылы өтетін парабола деп аталатын қисық сызық болады және абсцисса осьінен жоғары орналасады, яғни тармағы жоғары қарайды. Тармақтары І, ІІ ширекте орналасады.
y = x3 функциясының графигі координаталар басына қатысты симметриялы болатын кубтық парабола деп аталатын қисық сызық болады. Оның графиктері І, ІІІ ширекте орналасады.
Конспект сұрақтар Кубтың көлемі 64 есе өсуі үшін оның қырын қалай өзгерту керек.
Егер квадраттың қабырғасын 4 есе ұзартса, онда квадраттың ауданы қалай өзгереді?
А (а; b) нүктесі y = x3 функциясының графигіне жататыны белгілі В(–а; b), С(а; ̶b), D (–а;–b) нүктелерінің қайсысы осы графикке тиісі болады.