Теңдеулер жүйесі және теңсіздіктер жүйесі


Ондық санау жүйесiндегi сандарды басқа санау жүйелерiне ауыстыру



бет10/21
Дата16.11.2023
өлшемі0,56 Mb.
#191527
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
Байланысты:
Гаухар

Ондық санау жүйесiндегi сандарды басқа санау жүйелерiне ауыстыру
Ондық санау жүйесiндегi санды екiлiк санау жүйесiне ауыстыру үшiн санды 2-ге бөлу керек. Алынған бөлiндi екiден кiшi болғанша бөлiнедi де, қалған қалдықты керi бағытта жазады. Мыс:
129:2=64 (1) 12910=100000012
64:2=32 (0)
32:2=16 (0)
16:2=8 (0)
8:2=4 (0)
4:2=2 (0)
2:2=1 (0)
1:2=0 (1)
Ондық санау жүйесiндегi санды сегiздiк санау жүйесiне ауыстыру үшiн екiлiк жүйесiне ауыстырған әдiстi қолданады. Бiрақ бұл кезеде санды сегiзге бөледi. Мыс:
129:8=16 (1) 12910=2018
16:8=2 (0)
2:8=0 (2)
Ондық санау жүйесiндегi санды оналтылық санау жүйесiне ауыстыру үшiн тек санды сегiздiң орнына он алтыға бөлу керек. Мыс:
129:16=8 (1) 12910=8116
8:16=0 (8)
Басқа санау жүйесiндегi сандарды ондық санау жүйесiне ауыстыру
Екiлiк санау жүйесiндегi санды ондық санау жүйесiне аудару:
100000012=1*27+0*26+0*25+0*24+0*23+0*22+0*21+1*20=128+1=12910
Сегiздiк санау жүйесiндегi санды ондық санау жүйесiне аудару:
2018=2*82+0*81+1*80=128+1=12910
Оналтылық санау жүйесiндегi санды ондық санау жүйесiне аудару:
8116=8*161+1*160=128+1=12910
Екiлiк санау жүйесiндегi санды сегiздiк және он алтылық санау жүйелерiне ауыстыру
Екiлiк жүйедегi санды сегiздiк жүйеге аудару үшiн екiлiк санды оңнан солға қарай цифрларды үштен жеке-жеке топқа бөледi. Содан кейiн цифрлардың әрбiр тобын кестеде көрсетiлген цифр түрiнде жазады.
Екiлiк жүйе Сегiздiк жүйе
000 0
001 1
010 2
011 3
100 4
101 5
110 6
111 7
Мыс: 1001011012=4558
Екiлiк жүйедегi санды оналтылық жүйесiне аудару сегiздiкке ұқсас жүредi, тек айырмашылықы әрбiр түрленетiн екiлiк сан оңнан солға қарай цифрларды төрттен жеке-жеке топқа бөлiп, цифрлардың әрбiр тобын кестеде көрсетiлген цифр түрiнде жазады.
Ондық жүйе Екiлiк жүйе Оналтылық жүйе
0 0000 0
1 0001 1
2 0010 2
3 0011 3
4 0100 4
5 0101 5
6 0110 6
7 0111 7
8 1000 8
9 1001 9
10 1010 A
11 1011 B
12 1100 C
13 1101 D
14 1110 E
15 1111 F
Мыс: 0001001011012=12D16
Екiлiк сандармен орындалатын арифметикалық әрекеттер
Екiлiк санау жүйесiнде арифметикалық әрекеттер ондық жүйедегi ереже бойынша орындалады, тек қана айырмашылығы – санау жүйесiнiң негiздеушiсi екiге тең және тек екi цифр қолданылады.
Қосу
Екiлiк санды қосу тасымалдау есебiмен сәйкес разрядтар қосумен жүредi. Екi екiлiк санды қосу кезiнде мынадай төрт ереже қолданылады:
0+0=0
0+1=1
1+0=1
1+1=10 бiрлiктердi көршi разрядқа тасымалдайды
М: 101 мен 11 екi екiлiк санды қосайық.
+
1000
Қосу – екiлiк арифметикадағы маңызды амал.
Компьютердегi екiлiк сандармен жүзеге асатын басқа амалдар қосудың көмегiмен орындалады.
Азайту
Екi екiлiк санды азайту кезiнде мынадай төрт ереже қлданылады:
0-0=0
0-1=1 бiрлiктi көршi үлкен разрядтан алады
1-0=1
1-1=0
М: 1010 мен 101 екiлiк сандарының айырмасын табайық.
101
Көбейту
Екi екiлiк санды көбейту ондық сандарды көбейтумен бiрдей жүредi:
М: 1001 мен 101 екiлiк сандарын көбейтейiк.
1001

0000
1001


101101



5.4

Жаңа тақырыпты пысықтау

-рефлексия

Сабақ соңында оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау үшін «БББ кестесі» тәсілін пайдаланамын.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет