-сурақ-жауап
Студенттер бір-біріне сұрақ қою арқылы сабақты қорытындылайды
-дебат
Студенттер бір-бірімен пікір аламасады
-тапсырмаларды орындау
Аудиториялық тапсырмаларды орындайды
-жеке жұмыс
Студенттердің деңгейіне байланысты тапсырмалар.
5.5
Сабақты қорытынды бағалау
5.6
Үй тапсырмасын беру
Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма беру.
№239. Математика.2-сынып.
«Болашақ» жоғары колледжі БЕКІТІЛДІ ___________ Кафедра меңгерушісі «____» _________20__ж.
Оқу сабағының жоспары Ауызша арифметикалық амалдарды оқыту әдістемесі (сабақтың тақырыбы)
Модуль /пән атауыМатематиканың теориялық негіздері және бастауыш сыныпта математиканы оқыту әдістемесі.
Педагог Даткаева Гаухар Ажибаевна дайындады
Топ
ББ-9г-20, ББ-9-20.
Мерзімі
03.11.2023ж.
№
1
Сабақтың түрі
Практикалық.
2
Мақсаты, міндеттері
Студенттерге мың көлеміндегі қосу және азайтудың ауызша жағдайлары, қажетті және жеткілікті шарттар
тақырыптарын үйрету , оқыту әдістерін меңгерту.
3
Күтілетін нәтижелер
Студенттер мың көлеміндегі қосу және азайтудың ауызша жағдайлары ,қажетті және жеткілікті шарттар ұғымын біледі және түрлерін меңгереді.
4
Қажетті ресурстар
Слайд, презентация, таратпалар, кітап.
5
Сабақтың барысы
5.1
Сабақты ұйымдастыру
Студенттердің сабаққа дайындығы.
Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру.
Сабақ мақсатымен таныстыру.
5.2
Өткен тақырыпты қайталау
Қайталау сұрақтарын беру:
Сандық өрнектер дегеніміз не?
Айнымалысы бар өрнек дегеніміз не?
5.3
Жаңа тақырыпқа шолу
Үй тапсырмасын «Көршіңді сына» әдісі арқылы жұптасып тексертемін.
Кестеден тыс ауызша есептеу тәсілдерін «жүздік» тақырыбында оқытудың ең негізгі қорытынды нәтижесі, сандарды разряттар (бірліктер, ондықтар) бойынша қосуға және азайтуға болатындығы. Оқушылар ауызша есептеу тәсілдерімен танысу кезінде ондық санау жүйесі және нөмірлеу жайлы көптеен мағұлыматтар алады. Жалпы алғанда ауызша есептеу тәсілдері кестеден тыс жағдайларда қолданылады.Ауызша есептеу тәсілдері өте көп.Он көлеміндегі қосу мен азайтуды оқығанда оқушылар назарын көбінесе амалдардың мағынасын түсінуге және олардың нәтижелерін түсінуге аударылған еді. Ал жүз көлеміндегі сандарға қосу мен көбейтуге сәйкес азайту мен бөлу кестелері өтіледі. Бұл кезенде оқушылардың көңілін барлық арифметикалық амалдарды орындау әдістерін меңгеруге бағыттау керек.
100 көлеміндегі қосу мен азайтудың барлық жағдайларын екі топқа бөлуге болады: 1) ондықтан аттамай қосу мен азайту; 2) ондықтан атап қосу мен азайту.
Оқушылар екі таңбалы санды құруды 100 көлеміндегі нумерацияны оқыту кезінде үйренеді. 100 көлеміндегі амалдарға есептеудің оқыту барысында сандар екі разрядтық қосылғыштар қосындысы түрінде жаза білудің ерекше маңызы бар. Ондықтан аттамай қосу мен азайтуда дөңгелек сандарға амалдар қолдану, өткендерді қайталаудың тиімді тәсілдерінің бірі және 10 көлеміндегі қосу кестесі тағы бір рет пысықталады. Дөңгелек ондарды (нөлмен аяқталатын) қосу мен азайтуда, жаңадан тек ондардың бірліктерге ұсақтау және бірліктерді ірілеу (айналдыру) қарастырылады.
Мысалы: 60 пен 20-ны қосу керек. 6ондыққа 2 ондықты қосу жеткілікті, сонда 8 ондық шығады, немесе 80. Ал 60-тан 20-ны азайту үшін 6 ондықтан 2 ондықты азайту керек, сонда 4 ондық немесе 40 шығады.
Жазылуы: 6 онд.+2 онд.=8 онд немесе 60+20=80 және6 онд.-2 онд.=4 онд немесе 60-20=40. Бірнеше мысалдар осылай толық түсіндіріліп шығарылады. Екі таңбалы сандарды ауызша есептеуге қосу мен азайту амалдарын негізгі қасиеттерінен ауыстырымдылық және терімділіктен шығатын салдарлар қолданылады.
Мысалы, (4+3)+2 өрнегінің мәнін табу керек болсын. Қосындыға санды қосу. Өрнектің мәнін әр түрлі тәсілмен табуға болатынын дидактикалық материалдарды қолдану арқылы түсіндіруге болады. Мұғалім, оқушыларға 4 қызыл және 3 көк дөңгелек алындар, осы дөңгелектерге 2үшбұрышты қосып, барлық фигуралардың қанша болатынын табу керек. Конверт алып, әуелі оған дөңгелектерді саламыз және сәйкес (4+3) қосынды белгіленеді, содан кейін оларға 2 үшбұрыш қосылады. Есептеулерді жақшаға жазамыз. (4+3)+2=7+2=9. Сосын барлық фигураларды конверттен алады. Енді мұғалім конвертке 4 дөңгелекті және 2 үшбұрышты саламыз, сәйкес қосынды (4+2) деп белгіленеді. Оларға 3 дөңгелекті біріктіреді. Тақтаға өрнекті жазып шығамыз. (4+2)+3=6+3=9. Шыққан мәндерді салыстыра отырып, барлық жағдайда шыққан нәтижелері бірдей деген қорытындыға келеміз. Алдағы уақытта жоғардағы салдарды өз беттерімен пайдалану үшін, тағы басқа өрнектерді шештіруге болады.
Мысалы: Өрнектерді оқындар жәненәтижені әр түрлі тәсілмен есептендер.(5+2)+3
а) (5+2)+3=7+3=10, ә) (5+3)+2=8+2=10, б) (3+2)+5=5+5=10. Осыған ұқсас жаттығуларды орындау барысында, оқушылар нәтижені табудың барлық үш тәсілін тез ойлап, ең тиімдісін таба алады.(8+6)+2; (19+7)+3; (40+5)+4 т.б.
Қосындыдан санды алуға берілген өрнектерді, есептерді үш тәсілмен шығару тек әрбір қосылғыш азайтқыштан үлкен болғанда ғана мүмкін болады. Егер қосылғыштардың біреуі ғана азайтқыштан үлкен болса, онда екі тәсілмен шығарылады. Мәтін есептерді әр түрлі тәсілдермен шығаратын көптеген жаттығуларды жүргізу қажет. Екі таңбалы санға бір таңбалы санды қосу және азайтуды дөңгелек ондықты қосу және азайту оқыту әдістемесі негізінен бір үлгі бойынша жүргізіледі. Қосындыға санды қосудың әр түрлі жағдайларын оқушылар меңгергеннен кейін қосу мен азайтудың мынандай түрлерін қарастырады (ондық санау жүйесіндегі сандардың құрамына негізделген).
34+3= (30+4)+3=30+(4+3)=30+7=37; 37-3= (30+7)-3=30+(7-3)=30+4=34;
Оқушылар екі таңбалы санды разрядтық қосылғыштарға жіктейді, сосын қосындыға санды қосу ережесін қолданғандығын айтып, мынандай қорытынды шығару керек: бірліктерді бірліктермен қосу және азайту тиімді болады.
25+40= (20+5)+40=(20+40)+5=60+5=65; 65-40= (60+5)-40=(60-40)+5=20+5=65;
Мұнда, ондықтарды ондықтармен қосу және азайту ыңғайлы болады. Өз беттерімен орындауға беруге болады. 57+3 және 60-3. 57+3= (50+7)+3=50+(7+3)=50+10=60; 60-3= (50+10)-3=50+(10-3)=50+7=57; Бірліктерді қосқанда ондық шығады, оны ондыққа қосу керек. Екінші жағдайда 1 ондықты 10 бірлік бар екенін еске түсіріп ұсақтау керек.
100 көлеміндегі сандарды қосу және азайтудыңондықтан атап қосу және азайтудыоқытуды негізінен кестелік жағдайлары қарастырылады. Мұнда санға қосындыны қосу ережесі қолданылады. Оқушылар 10 көлеміндегі сандардың құрамын яғни кез келген санды екі қосылғыш түрінде жіктеуді білуі тиіс.
Мысалы: 7=6+1, 7=4+3, 7=3+4, 7=2+5, 7=1+6. Екіншіден кез келген бір таңбалы санды 10-ға дейін толықтырып білуі қажет, яғни берілген санға қандай санды қосқанда 10 саны шығатынын жатқа айта білуі керек. Мысалы, 7-ні 10-ға дейін жетпейтін санды табу үшін, 7-ге қандай санды қосқанда 10 болатынын бірден айта білу керек 7+3=10. 8+5 түріндегі өрнекті шығарып мәнін табу керек болсын. Алдымен 8 санының 10-ға жетпейтінін білу керек. (2). Содан кейін 8 санын 2 мен 3 сандарының қосындысымен алмастырамыз. Сонда берілген қосындыны қосу шығады. Оны былай жазып көрсетеді. 8+5=8+ (2+3) = (8+2)+3=10+3=13. Осыған ұқсас жаттығуларды орындау нәтижесінде, ондықтан аттап қосудың кестесін шығарып алуға болады. 13-5=13-(3+2) =(13-3)-2=10-2=8. Оқулық мұқабасында бір таңбалы сандарды ондықтан аттап және аттамай қосумен азайтудың кестесі берілген, оқушылар оны жатқа білуі тиіс, біліп оны игерумен қатар, әрбір жағдайға тиіс азайту амалын жақсы меңгеру үшін, қосу кестесіндегі мәндерді тіркеп (тізбек схемасы) алып, азайту кестесін жатқа білу тиіс.
Мысалы: 7+6=13, 13-6=7, 6+7=13,13-7=6 т.с.с. Бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу мен азайтуды меңгергеннен кейін, кез келген екі таңбалы санға бір таңбалы санды аттап қосу мен азайту жағдайлары үйретіледі.
Мысалы: 36+7 және 36-7. 36+7=36+(4+3)=(36+4)+3=40+3=43. 36-7=36-(6+1) =(36-6)-1=30-1=29. Келесі түріндегі жаттығуларды шығару санға қосындыны қосу және саннан азайту ережесі және қосындыны қосындыға қосу мен азайту ережесі бойынша орындалады.
30+12=30+(10+2) =(30+10)+2=40+2=42. 30-12=+3-(10+2)=(30-10)-2=20-2=18. 46+28=(40+6)+(20+8) =(40+20)+(6+8) =60+14=60+(10+4) = =(60+10)+4=70+4=74 (қосындыны қосындыға қосу). 46-28=46-(20+8) =(46-20)-8) =26-8=26-(6+2) =(26-6)-2 =28 (саннан қосындыны азайту).
5.4
Жаңа тақырыпты пысықтау
-рефлексия
Сабақ соңында оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау үшін «БББ кестесі» тәсілінпайдаланамын.