Теңдеулер жүйесі және теңсіздіктер жүйесі



бет1/21
Дата16.11.2023
өлшемі0,56 Mb.
#191527
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Гаухар


«Болашақ» жоғары колледжі
БЕКІТІЛДІ ___________
Кафедра меңгерушісі «____» _________20__ж.
Оқу сабағының жоспары


Теңдеулер жүйесі және теңсіздіктер жүйесі .
(сабақтың тақырыбы)
Модуль /пән атауы Математиканың теориялық негіздері және бастауыш класта математиканы оқыту әдістемесі.


Педагог Даткаева Гаухар Ажибаевна дайындады

Топ

ББ-9г-22/1

ББ-9г-22/2

ББ-9г-22/3

Мерзімі





















1

Сабақтың түрі



Практикалық.

2

Мақсаты, міндеттері

Студенттерге теңдеулер және теңсіздіктер жүйесі ұғымын бастауыш сынып оқушыларына үйрету әдістерін меңгерту

3

Күтілетін нәтижелер

Студенттер теңдеу және теңсіздік ұғымын біледі және түрлерін, шығару жолдарын меңгереді.

4

Қажетті ресурстар

Слайд, презентация, таратпалар, кітап.







5

Сабақтың барысы




5.1

Сабақты ұйымдастыру

Студенттердің сабаққа дайындығы.
Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру.
Сабақ мақсатымен таныстыру.




5.2

Өткен тақырыпты қайталау

Қайталау сұрақтарын беру:

  • Сандық өрнектер дегеніміз не?

  • Айнымалысы бар өрнек дегеніміз не?







5.3

Жаңа тақырыпқа шолу

Үй тапсырмасын «Көршіңді сына» әдісі арқылы жұптасып тексертемін.



Теңдеу дегеніміз не? ( Белгісіз саны бар теңдікті теңдеу дейміз. Теңдеуде белгісіз сан латын әріптерімен белгіленеді.
Теңдеудің қарапайым түрі мен күрделі түрін салыстыра отырып түсіндіру, мысалдар келтіру.
25+Х=43+12 – бұл теңдеуді бірден шығаруға бола ма? Бұл теңдеуді бірден шешуге болмайды. Біз оны алдымен қарапайым теңдеуге айналдырамыз. Сендер оң жақ бөлігін табу керектігін аңғарған шығарсыңдар. Оң жақ бөлігін есептеп аламыз. 25+Х=55 – міне біз осылайша күрделі теңдеуді қарапайым теңдеуге айналдырып алдық. Х= 55 – 25
Х=30
25+30=43+12
55=55
Тағы бір мысал: - Бұл теңдеудің сол жақ бөлігін жеңілдету қажет. 15+9+Х=30
24+Х=30
Х= 30-24
Х=6
15+9+6=30
30=30
Ереже: - Теңдеудің мұндай түрін шешу үшін алдымен есептеуге болатын бөлігін есептеп,оны жеңілдету керек. Яғни бізге жақсы таныс қарапайы теңдеуге айналдырамыз.
Сергіту сәті: видеоролик.
3- кезең. «Теңдеу шаһары» Оқулықпен жұмыс: жұптық жұмыс.
1- тапсырма: Теңдеуді шеш.
Топ 2-топ
45-х= 100-60 59-у = 11+18
45-х=40 59-у = 29
Х=45-40 у=59-29
Х=5 у=30
45-5=100-60 59-30=11+18
40=40 29=29


Тапсырма: Сөз есепті оқы. Теңдеу құрастыр.Топтық жұмыс.
топ
Ұзындығы 56 м оралған сым темірден бірнеше метр қиып алынғаннан кейін, 14 м қалды. Орамнан неше метр сым қиып алынды?
Жауабы: 56 - х = 14
Х = 56-14
Х = 42
56 - 42 = 14
14 = 14
2-топ
Орамнан алдымен 19 м сым темір қиып алынды. Орамда тағы сонша метр сым темір қалды. Орамда неше метр сым болған?
Жауабы: х -19 = 19
Х= 19+19
Х= 38
38-19=19
19=19
4-кезең. «Капитандар жарысы»: «Ондықтар» тобының капитаны – Динара. «Бірліктер» тобының капитаны - Карина.
1-тапсырма: Күрделі теңдеу шешу.
«Бірліктер» топбасшысы: 34+х=93-23 Шешуі: 34+х=93-23
34+х=70
Х=70-34
Х=36
34+36=93-23
70=70


«Ондықтар» топбасшысы: у-78=99-88 Шешуі: у-78=99-88
у-78=11
У=78+11
У= 89
89-78=99-88
11=11
тапсырма: Шешімдері бірдей теңдеулерді табу. Топтық жұмыс. – капитандар жарысып жатқан уақытта, қалған топ мүшелері топтық жұмыс жасайды. Оқушыларға қима қағаздар үлестіргеннен кейін қима қағаздардан күрделі теңдеу құрастыру қажет.


5-кезең: «Білімінді шыңда» сайысы, топтық жұмыс:
1-топ. Қабырғасы 20 см шаршы сыз. Оның периметрін есепте. (Р = 80см)
2-топ. Ұзындығы 20 см, ені 12 см тіктөртбұрышты сыз. Периметрін есептеп тап. (Р = 64см)
6-кезең: «Бес тармақ, бес саусақ» сайысы.
-Балалар, алақанымызды қағазға бастырып, әр саусаққа бірнеше тапсырманы баған түрінде жазып, мәнің табамыз.
7-кезең: «Логика әлемі» сайысы.
-Сұрақ - жауап әдісі арқылы математикалық жұмбақтар жасыру.
Сабақты қорытындылау:
- Кері рефлексия: Синквейн әдісі:
- Оқушылар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
- Оқушылар сонымен бүгін біз нені үйрендік?
- Иә, дұрыс айтасыңдар бүгін біз күрделі теңдеулер шешуді үйрендік. Оқушылар теңдеуді қалай сипаттауға болады?
«Теңдеу» тақырыбына  синквейн құрастыру.
Мысалы: Теңдеу
Белгісіз, қу
Жұмбақ, ойланамыз,
шешеміз, тексереміз.
Әрқашан белгісізді табамыз.
Теңдік.
Оқушыларды бағалау,уйге тапсырма беру 143 – бет, 4 есеп.
Оқушылардың фишкаларын санау және медальдармен марапаттау

5.4

Жаңа тақырыпты пысықтау

-рефлексия

Сабақ соңында оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау үшін «БББ кестесі» тәсілін пайдаланамын.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет