Тегі, аты: Исахова Гульфарида Әкесінің аты Тилеукабыловна Туған жылы



Дата18.02.2017
өлшемі14,8 Kb.
  • Тегі, аты: Исахова Гульфарида
  • Әкесінің аты Тилеукабыловна
  • Туған жылы: 27.05.1979 жыл
  • Білімі: жоғары,
  • Қайнар Университеті 2007
  • Білім мекемесінің Ы. Алтынсарин атындағы
  • атауы: негізгі орта мектеп
  • Қызметі: педагог-психолог
  • Ұялы телефон: 87775575845
  • Мектеп телефоны: 8(725-48)-2-12-67
  •  
  • Тақырыбы:
  • «Мамандықты дұрыс таңдау - табысты өмірдің кілті»
  •  
  • Мақсаты: оқушыларға мамандық таңдау, олардың әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын, қызығушылықтарын арттыру, бағыт-бағдар беру және психологиялық қолдау көрсету.
  • Сабақтың түрі: дөңгелек үстел
  • Сабақтың көрнекілігі: слайд, кеспе қағаздар, қанатты сөздер, т.б
  • Әдіс-тәсілдері: түсіндірме жұмыстары, сауалнама, дидактикалық ойындар
  • Қатысушылар: 9-8 сынып оқушылары
  •  
  • Дөңгелек үстелдің ережесі:
  • Сыйластық
  • Тыңдай білу
  • Сөзді бөлмеу
  • Белсенділік таныту
  • Шығармашылық
  • Төзімділік
  • Түсіністік қарым-қатынас
  • Даналық сөздер:
  • 1. Өрге жүзген өнегелі ісімен,
  • Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.
  • 2. Байлық - қанағат пен еңбекте
  • 3. Аз жұмысты қиынсыңсаң – көп жұмысқа тап боласың.
  • Азға қанағат қылмасаң - көптен құр қаласың.
  • 4. Еңбекпен табылған тамақ тәтті әрі сіңімді болады.
  • 5. Еңбек етсең қара жер де береді, құр тастамайды
  • 6. Еңбекті жан-тәнімен сүймейінше, ешбір талантта,ешбір кемеңгерде шықпайды.
  • «Танысу» жаттығуы»
  • Шарты:
  • Әр оқушы өз есімдерінің алғашқы әріптерінен басталатын сын есімдермен өздерін таныстырып өтуі қажет.
  • Мысалы: ақылды – Ақбота, т.б.
  • Мамандық таңдау
  • Алға тарт деп жас жүрек бұлқынады.
  • Балалықпен қоштасар күн туады.
  • Онжылдықтан шыққандар оқу іздеп
  • Юрфакқа түсуге ұмтылады.
  • Не демекпіз шөліркеп дала жатса,
  • Не болмақшы теңіз, құм араласса?
  • Жұмыс іздеп уақытша келгендермен
  • Кешіп жатыр өз күнін балабақша.
  • Бала бағу. Оны ешкім жаратпады,
  • Заң маманы болуды қалап бәрі.
  • Ақиқатқа құштар ма мына ұрпақ
  • Армандап жүр кімдерді жауаптауды?..
  • А. Бақтыгереева
  • Пікірталас
  • 1) Мамандық таңдауда нені есепке алу керек?
  • 2) Адамның қандай қасиеттері кәсіби түрде қажет?
  • 3) Адам кәсіби жұмыста қалай табысқа жете алады?
  • 4) «Маман иесі» дегенді қалай түсінуге болады?
  •  
  • 4. Кеңестер:
  • 1. Ең бірінші оқушы өзіне деген сенімін және өзін-өзі құрметтей білуі керек.
  • 2. Өзіңіздің шын тілегіңізді аша біліңіз. Өзіңізге сұрақ қойыңыз: «Шынымен маған не қажет?» «Қайда жұмыс жасағым келеді?»
  • мамандық алу және маман болу үшін көп нәрсені үйренуің керек.
  • 3. Мамандықтардың талаптары туралы білуге, содан кейін жеке қасиеттеріңмен сәйкестендіру, яғни кәсіби жоспар жасау. (Сіз кіммен араласасыз? Соның бәріне мынандай сұрақ қойыңыз: Ол қайда оқыды? Неге бұл мамандықты таңдады? Ол мамандық ұнай ма? Ұнаса, неге ұнайды?
  • 4. Өзіңнің мамандануыңдағы ең басты да түпкі жетістігіңді анықта. (Қазіргі замандағы мамандықтардың маңызы не? Кез келген жағдайда мамандық әлемінде қажетті болу және өмір сүруге не керек?)
  • 5. Кез келген арманды іске асыра біл.
  • 6.Сізге, мемлекет үшін де, қоғам үшін де- компьютерлік сауаттылық, тілдер білу және адамдармен тіл табысып, оған қоса өзіңді жақсы білуің керек.
  •  
  • Мамандық таңдауда оның 5 қадамын жоспарлау керек:
  • Арман (тілек)
  • Көз жеткізу (қажеттілік)
  • Жоспарлау
  • Әрекет
  • Игеру
  •  
  • 5. «Ең, ең, ең...» ойыны:
  • Ең ақшалы (банк қызметкері, экономист)
  • Ең жауапты (сот, бухгалтер)
  • Ең тәтті (аспаз, кондитер)
  • Ең салмақты (мұғалім, заңгер)
  • Ең қарым-қатынасы күшті (бизнесмен)
  • Ең күлкілі (клоун)
  • Ең жасыл (эколог, географ, бақташы)
  • 6. Егер мамандық иесі болсаң не істер едің.... (ситуациялық жағдаят):
  • Дәрігер. Ауырған адам сізге келіп, қойған диагнозбен келіспейтінін айтты. Сіздің
  • шешіміңіз?
  • Мұғалім. Сабаққа ата-ана қатысып отыр. Үй тапсырмасын сұрадыңыз, ешбір
  • оқушы дайын емес. Не істер едіңіз?
  • Журналист. Жазған мақалаңыз кейбір жандарға ұнамай, сізге ескерту жасады,
  • қоқытты. Не істер едіңіз?
  • Заңгер. Екі бала арасында келіспеушілік болды, екеуі де өздерінің іс-әрекеттерін
  • дұрыс деп есептейді. Бұл дау-жанжалды заңгер ретінде қалай шешер едіңіз?
  • Програмист. Сізге облыстан тексеруші келіп еxсel программасымен жұмыс жасап
  • жүргізді. Бірақ бұл кісі сенің қасыңда қарап тұр, сен жұмыс істей
  • алмай жатырсың. Не істер едің?
  • Қаржыгер. Зейнеткердің зейнетақысы бір нөмер қателесіп, келесі адамға түсіп
  • кетті. Сондағы сіздің әрекетіңіз?
  • Кәсіпкер. Сіз кәсіпкерсіз. Жаңа жылға орай сіз көп от шашулар әкелдіңіз. Бірақ
  • тұтынушылардың ешқайсысы оны алмады. Сізге оның ақшасын толтыру
  • қажет. Сіздің сондағы әрекетіңіз?
  • 7. Шағын викторина:
  • Кім бірінші: ер ме, әйел ме тоқыма тоқыған?
  • Адамды жұмысқа алу үшін толтыратын құжат қалай аталады?
  • 14 кәсіпорын ашқан орыс патшасы кім?
  • А.П.Чехов мамандығы бойынша кім болған?
  • Ақшаңыздың санын қалай екі еселеуге болады?
  • Қай адам бір қолын көтеріп автомобиьді тоқтата алады?
  • Кімнің алдында адам бас киімін шешеді?
  •  
  • 8. Кестені толтыр:
  • Мамандық
  • Адамның қасиеті
  • Әлеуметтік жұмысшы
  • коммуникативтік
  • Психолог
  • өзге адамның эмоциясын сезіну
  • Медбике
  • жанашырлық
  • Менеджер
  • еңбекке қабілеттілік
  • Бизнесмен
  • пысықтық
  • Зерттеуші
  • тапқырлық
  • Мұғалім
  • еңбекқор
  • 11. Мына пішіндердің бірін таңда:
  • Өз нұсқаңды бер:
  • Назарларыңызға рахмет!
  •  
  • 8. Кестені толтыр:
  • Мамандық
  • Адамның қасиеті
  • Әлеуметтік жұмысшы
  • Психолог
  • Медбике
  • Менеджер
  • Бизнесмен
  • Зерттеуші
  • Мұғалім

Каталог: materialy -> psiholog
materialy -> Сабақ Түлкібас ауданы, Састөбе ауылы А. С. Макаренко атындағы жалпы орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Кыдыралиева Урила Мырзакаримовна Сыныбы-3 Пәні: Ана тілі
materialy -> Ғылыми жоба Жоба тақырыбы: Мырқы Исаевтың шығармашылық мұрасы
materialy -> Сабақтың тақырыбы: Қ. Жұмағалиев «Туған өлкем»
materialy -> Сабақтың тақырыбы : Нысанбай жыраудың «Кенесары Наурызбай» дастаны Сабақтың мақсаты
psiholog -> №52 жалпы орта мектеп педагог-психолог: Медетова Р.Қ
psiholog -> «Оқу-өндірістік комбинат» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Кәсіптік бағдарлау»
psiholog -> ”Мұғалім іс-әрекетінің тиімділігін арттырудың психологиялық жолдары”
psiholog -> Сабақтың тақырыбы: «Кітаптар әлемінде»
psiholog -> Сабақтың түрі : дөңгелек үстел Сабақтың көрнекілігі : слайд, кеспе қағаздар, қанатты сөздер, т б
psiholog -> 2 Төлеби балалар үйінің психологі Айдарова Балжан Амировна Педагогтарға арналған психологиялық тренингтер. Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу