Мақсаты:оқушыларға мамандық таңдау, олардың әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын, қызығушылықтарын арттыру, бағыт-бағдар беру және психологиялық қолдау көрсету.
1. Ең бірінші оқушы өзіне деген сенімін және өзін-өзі құрметтей білуі керек.
2. Өзіңіздің шын тілегіңізді аша біліңіз. Өзіңізге сұрақ қойыңыз: «Шынымен маған не қажет?» «Қайда жұмыс жасағым келеді?»
мамандық алу және маман болу үшін көп нәрсені үйренуің керек.
3. Мамандықтардың талаптары туралы білуге, содан кейін жеке қасиеттеріңмен сәйкестендіру, яғни кәсіби жоспар жасау. (Сіз кіммен араласасыз? Соның бәріне мынандай сұрақ қойыңыз: Ол қайда оқыды? Неге бұл мамандықты таңдады? Ол мамандық ұнай ма? Ұнаса, неге ұнайды?
4. Өзіңнің мамандануыңдағы ең басты да түпкі жетістігіңді анықта. (Қазіргі замандағы мамандықтардың маңызы не? Кез келген жағдайда мамандық әлемінде қажетті болу және өмір сүруге не керек?)
5. Кез келген арманды іске асыра біл.
6.Сізге, мемлекет үшін де, қоғам үшін де- компьютерлік сауаттылық, тілдер білу және адамдармен тіл табысып, оған қоса өзіңді жақсы білуің керек.
Мамандық таңдауда оның 5 қадамын жоспарлау керек:
Арман (тілек)
Көз жеткізу (қажеттілік)
Жоспарлау
Әрекет
Игеру
5. «Ең, ең, ең...» ойыны:
Ең ақшалы (банк қызметкері, экономист)
Ең жауапты (сот, бухгалтер)
Ең тәтті (аспаз, кондитер)
Ең салмақты (мұғалім, заңгер)
Ең қарым-қатынасы күшті (бизнесмен)
Ең күлкілі (клоун)
Ең жасыл (эколог, географ, бақташы)
6. Егер мамандық иесі болсаң не істер едің.... (ситуациялық жағдаят):
Дәрігер. Ауырған адам сізге келіп, қойған диагнозбен келіспейтінін айтты. Сіздің