Қарсы көрсеткіштері: Айқын жүрек қан тамыр жетіспеушілік, жоғарғы дене қызуы, жедел кезеңі.
Массаж:
Әдістемесі: L5-C3 паравертебральді аймақ массажы, сипау, ысқылау, уқалау. Жалпақ және трапеция тәрізді бұлшық еттердің массажы: барлық әдістер төменнен жоғарыға жалпақ және трапеция тәрізді бұлшық еттер шүйдеден иық буынына. Бұғана асты және үсті аймағының төс бұғана бұлшық еттерінің массажы: төстен акромиальді бұғаналық қосылыстарға қарай ; акромиальді бұғаналық және төс-бұғаналық буындарын бұғана асты және қолтық асты шұңқырына қарай. Үлкен кеуде және алдыңғы тісті бұлшық еттер массажы. Төстен омыртқаға қарай қабырға аралық бұлшық еттер массажы.