Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары және үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


"Құқықтану" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламалары



бет13/141
Дата08.07.2018
өлшемі2,01 Mb.
#48691
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   141

      "Құқықтану" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламалары

      Ескерту. 8-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.01.2016 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       Пәндер циклы мен кәсіби практика бойынша білім беру бағдарламасының мазмұны

Циклдың белгілері

Пәндердің, практиканың атауы мен негізгі тараулары

Қалыптасатын білім, ептілік пен дағдылар

Қалыптасатын құзырет коды

ЖББП 00

Жалпы білім беру пәндері

ЖГП 00

Жалпы гуманитарлық пәндер

ЖГП 01

Кәсіптік қазақ (орыс) тілі

Фонетика. Лексика. Кәсіби терминдердің дұрыс қолданылуы.. Кәсіби қызметте тілдің айтылу мәдениеттілігі. Тіл этикеті мен кәсіби қатынас. Кәсіби мәтіндерді (сөздікпен) аудару техникасы.



Білімдер:

- морфология мен лексика бөлімдерінің құрылымы және олардың негізгі бірліктерін, қазіргі қазақ, орыс тілдерінің сөз таптары және жалпы сипаттамасын біледі;



Іскерліктер:

- анықтамалық лингвистикалық әдебиетті қолданадады және одан қажетті нақты ақпаратты ала алады.



БҚ 7

ЖГП 02

Кәсіптік шет тілі

Оқу: жалпы мәтін мазмұнын оқу, кәсіби бағыттағы мәтіндерді аудару (сөздікпен) техникасы. Кәсіби қарым-қатынас; мамандық бойынша іскерлік тіл негіздері. Кәсіби лексика. Әлеуметтік іс маманы тіліндегі лексикалық бірліктердің қолданысы. Интернационалдық лексика.



Білімдер:

- фонетиканы: тіл жүйесіндегі әріп тіркестері мен алфавиттегі әріптердің дұрыс айтылуы және негізгі оқу ережелері мен сөзжасам моделін, терминдерін және лексикалық құрылымын біледі;



Іскерліктер:

-белгілі жылдамдықпен дұрыс және мәнерлеп, дауыстап оқи алады;

- жағдаятқа сәйкес ретті және Логикады ойын жеткізеді;

- жауапты сөздерді, шақыруларды, бұйрықтарды, өтініштерді, лепті үндерді, сұрақтарды қою арқылы әңгімелей алады.



БҚ 7

ӘЭП 00

Әлеуметтік-экономикалық пәндер

ӘЭП 05

Логика

Логиканың пәні және әдістері. Логиканың даму тарихы. Логика пәнінің заңгерлер үшін маңыздылығы. Логиканың негізгі категориялары: ұғымы, пікір, ойқорытындысы. Ұғымның мәні және оның түрлері. Ұғыммен жүргізілетін негізгі операциялар. Ұғымды бөлу, қорытындылау, шектеу. Ұғымды анықтау. Пікірдің түсінігі. Ойқорытындылау және оның түрлері. Логиканың негізгі заңдары. Гипотеза. Дедукция. Индукция.



Білімдер:

- қисын пәні мен оның маңызын, даму тарихын біледі;

- логика пәнінің заңгерлер үшін маңыздылығын біледі;

- логиканың негізгі категорияларын: ұғым, пікір, ойқорытындысын біледі;



Іскерліктер:

- шектеу, қорытындылау, бөлу, анықтау түсініктермен негізгі операцияларды жүргізеді;

- ойқорытындысын жасай алады;

- логиканың негізгі заңдарын қолданады.



БҚ 6

БҚ 7


Біліктілік: 020101 3 – Заңгер

ЖКП 00

Жалпы кәсіптік пәндер

ЖКП 01

Қазақстан Республикасының мемлекетi мен құқығының тарихы

Пәннің негізгі бағыттағы мақсаты. Қазақстан аймағындағы алғашқы мемлекеттің құрылуы. Қазақстан Монғол шапқыншылығы кезеңінде. Ноғай Ордасының саяси құрылысы. Алғашқы қазақ хандығының және қазақ елінің құрылуы. XY-XVIII ғ. қазақтардың әдет-ғұрып құқығы. Қазақстанның Ресейге қосылуы және оның мемлекеттік- құқықтық жағдайлары. XIX ғ-ң 60-90 ж-ғы реформалар бойынша Қазақстанның әкімшілік құрылысы мен құқығы. Азаматтық соғыс жылдарында Қазақстанның қарсы тұруы. Қазақстанның автономия кезеңіндегі әкімшілік саяси жағдайы. КСРО-ның дағдарыс және таралу кезеңіндегі Қазақстан. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасуы. Қазақстан -демократиялы, тәуелсіз, егеменді, құқықты мемлекет.



Білімдер:

- пәннің негізгі міндеттерін, басқа пәндермен байланысын біледі;

- Қазақстан аймағындағы ежелгі мемлекеттің негізгі белгілерін ашады;

- Қазақ қоғамындағы әлеуметтік топтардың құқықтық жағдайын анықтайды;

- қазақ хандығындағы мемлекеттік ұйымдастырудың, қазақ қоғамындағы ханның ролін сипаттайды;

- тектік қауым мүшелерінің құқытары мен міндеттерін, билер кеңесінің негізгі қызметін анықтайды;



Іскерліктер:

- Қасым хан мен Есім хан заңдарын, Қазақстанның Ресейге қосылу сатыларын меңгереді;

- КСРО –ның құлдырауы кезеңіндегі Қазақстанның құқықтық жағдайын аша алады


БҚ 6

ЖКП 02

Мемлекет және құқық теориясының негіздері

Мемлекет пен құқық теориясының пәні және әдістері. Мемлекет ұғымына түсінік, оның пайда болу себептері. Басқару тұрпаты және мемлекеттік аймақтық құрылыс тұрпаты және мемлекеттік-саяси режим. Мемлекеттің қызмет ету бағыттары және-механизмі. Құқықтық мемлекет, оның негізгі ерекшелік белгілері. Құқық ұғымы, оның мәні мен мағынасы. Құқық нысандары, олардың құрылымы. Нормативтік -құқықтық актілер, оларды жүйелеу. Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқық. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет. Жеке адам, құқық, мемлекет. Қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу механизмі. Қазіргі қоғамдағы заңдылық және құқықтық тәртіп.



Білімдер:

- мемлекет пен құқық теориясының негізгі терминдерінің жалпы сипаттамасын біледі;

- мемлекет пен құқықтың пайда болу заңдылықтарын біледі;

- құқық нормаларың түсінігі және оның элементтерін біледі;

- заңға сыйымды тәртіп түсінігіне және құқық бұзушылықты жою жолдарына бағдар береді;

Іскерліктер:

- құқықтық қатынастарын негізгі белгілерін анықтайды;

- құқықты жүзеге асыру нысандары мен әдістерін қолданады;

- басқару, құрылым және саяси режим нысандарын ажыратады;

- заңи терминдерді қолданады;

- құқық салаларын ажырата алады;

- заңдар мен заңға тәуелді актілерді ажырата алады.


БҚ 6

ЖКП 03

Конституциялық құқық

Азаматтықтың құқықтық негіздері. Қазақстан Республикасы Президентінің мәртебесі мен құзыреті. Қазақстан Республикасы Парламентінің мәртебесі мен құзыреттілігі. Заң шығару процесі. Қазақстан Республикасы Үкіметтің мәртебесі мен құзыреті. ҚР Конституциялық Кеңесінің мәртебесі. Қазақстан Республикасының сот жүйесі.



Білімдер:

- конституциялық құқық жүйесін біледі;

- конституциялық құқықтың негізгі институттарын ажыратады;

Іскерліктер:

- құқықтық қатынастар субьектілерінің құқықтары мен міндеттерін белгілейді.



БҚ 6

ЖКП 04

Әкімшілік құқық

Мемлекеттік басқару ұғымы, әдісі және басқару нысаны. Басқару актілері. Мемлекеттік қызмет түсінігі және оның қағидалары. Әкімшілік іс жүргізу, оның сатылары. Әкімшілік құқық бұзушылық және жауаптылық. Әкімшілік құқықтық санкциялар. Әкімшілік жаза қолдану.



Білімдер:

- әкімшілік іс жүргізудің субьектілерін, қағидаларын, түсінігін, әкімшілік жауапкершіліктің негізгі белгілерін, әкімшілік құқық бұзушылық және оның құрамын біледі;



Іскерліктер:

- әкімшілік құжаттарды құрастырады.



БҚ 6

БҚ 7


БҚ 9

ЖКП 05

Құқық қорғау органдары

Құқық қорғау қызметі және құқық қорғау органдары. Құқық қорғау органдары туралы заңдар. Әділсот ұғымы мен принциптері. ҚР сот билігі және сот жүйесі. Сот өкілеттілігі. ҚР әділет министрлігі. Прокуратура және прокурорлық бақылау.

Алдын ала тергеу жүргiзу және анықтау органдары, олардың өкілеттілігі. Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің құрылымы мен құзіреті. Салық комитетінің қызметі. Заңи көмек көрсетуді ұйымдастыру. Адвокатура қызметінің негізгі бағыттары.

Нотариаттық қызмет.



Білімдер:

- құқық қорғау органдарының құрылымын, құқық қорғау органдары қызметін реттейтін заң актілерін біледі;



Іскерліктер:

- құқық қорғау органдарды ажырата алады;

- сот жүйесі құрылымын және оның құзыреттілігін ажыратады;

- сот және әділесот қағидаларын талдайды;

- нормативтік-құқықтық актілермен жұмыс жасай біледі.


БҚ 6

БҚ 7


БҚ 9

ЖКП 06

Экологиялық құқық

Экологиялық құқықтың жүйесі мен субъектілері. Экологиялық құқықтың нормалары. Экологиялық құқыққатынастар. Мемлекеттің экологиялық функциялары. Жер, жер қойнауы, су, орман, жануарлар әлемі – табиғат объектісінің сипаттамасы. Экологиялық сараптама мен аудит. Мемлекет пен қоғамның экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасы. Экологиялық мониторинг және кадастр. Табиғатты қорғау заңдарын бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік. Қоршаған ортаны қорғауға байланысты халықаралық ұйымдар.



Білімдер:

- экологиялық құқық бұзушылықтың құрамы мен экологиялық қылмыс үшін жауаптылықты біледі;

- экологиялық құқық пәнін, құқықтық реттеу әдісін, қағидаларын, жүйесі мен қайнар көздерін, табиғатты қолдану құқығын біледі;

Іскерліктер:

- экологиялық басқару органдарының жүйесін ажыратады;

- жер, су, жер қойнауын пайдалану, жануарлар дүниесі және атмосфералық ауаны қорғаудағы экологиялық- құқықтық тәртіпті анықтай алады;

- халақаралық экологиялық құқықты қалыптастыру проблемаларын сипаттайды;

- экологиялық жауаптылықты анықтай біледі.


БҚ 6

БҚ 7


БҚ 9

ЖКП 07

Заң қызметін ұйымдастыру

Заңгердің кәсіби қызметі. Жалпы құқықтық оқытуды ұйымдастыру жұйесіндегі заң қызметінің ақпараттық-консультативтік міндеттері. Қазақстан Республикасындағы заң қызметінің ерекшеліктері. Шаруашылық субъектілердің мүліктік және басқа да заңды құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық тәсілдері. Ұйымдағы заң қызметінің шарттық-кінәраттық жұмысы. Азаматтардың үндеуін қарау тәртібі. Қызметтік және коммерциялық құпия. Кәсіпкерліктің құқықтық негізі. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және лицензиялау.



Білімдер:

- Қазақстан Республикасының заң қызметінің ерекшеліктерін біледі;

- шаруашылық субъектілердің мүліктік және басқа да заңды құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық тәсілдерін біледі;

Іскерліктер:

- шаруашылық шарттарды жасасады;

- сот талап арыздарды ресімдейді;

- азаматтық процессуалдық құжаттарды құрастырады;

- кінәратқа жауап береді және оны ресімдейді.


БҚ 6

БҚ 7


БҚ 8

БҚ 9


КҚ 3.1.1

КҚ 3.1.5


ЖКП 08

Қаржы құқығының негіздері

Мемлекеттің қаржы және қаржылық қызметі. Қаржы құқығының түсінігі, пәні және жүйесі. Қаржылық құқыққатынастар, олардың субъектілері. Мемлекеттің қаржы жүйесі. Ақша айналымы және валюталық реттеу. Бюджет және бюджеттік жүйе, бюджеттік құрылым және оның тәртібі. Мемлекетік кіріс және шығыс.



Білімдер:

- мемлекеттің қаржы және қаржылық қызметін, әдістері және функцияларын біледі;

- мемлекеттік қаржыны қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастырудың әдістерін айыра алады;

- бюджеттік жүйенің негізгі қағидаларын, маңызын, түсінігін біледі;



Іскерліктер:

- ақша айналымын ұйымдастыру тәртібін реттейді;

- қаржылық бақылау және қаржылық жоспарлау саласын басқару, қаржы құрылысын игереді;

- бюджетке дәрежесіне байланысты кірістің түсуінің міндеттілігі мен кепілділігін айыра алады;



БҚ 6

БҚ 7


БҚ 9

ЖКП 09

Салық құқығының негіздері

ҚР салық жүйесі. Мемлекеттік салық түсінігі, оның белгілері. Салық органдары, олардың жүйесі мен қызметі. Салық органдары қызметінің мәртебесі. Салық төлеушінің мәртебесі. Салық саласын басқару және салықтарды жоспарлау. Салық міндеттемесі және оның мазмұны. Салыққа әкімшілік жүргізу және оның түрлері. Салық салу саласындағы жауапкершілік. Салық дауларын шешу мерзімі мен тәртібі.



Білімдер:

- салық элементтерінің түсінігін, белгілерін, функцияларын, салық элементтерін, салық салу қағидалары мен олардың әдістері біледі;



Іскерліктер:

- салық төлеушілер мен салық органдарының мәртебесін айыра алады;

- салықтың түрлерін, төлем және төлемдерді айырады;

- нормативтік-құқықтық актілермен жұмыс істейді, салықтарды есептейді.



БҚ 6

БҚ 7


БҚ 9

ЖКП 10

Іскерлік қатынастардың этикасы мен психологиясы.

Этика оқу пәні ретінде. Оның пәні мен жүйесі. Әлеуметтік мекеме жұмысшыларының құқықтық мәдениеті. Әлеуметтік жұмыс обьектісі және оның спсихологиялық сипаттамасы.



Білімдер:

- қызмет этикасының ерекшелігін, басқару стилдерін біледі;

- ұжымдағы әлеуметтік -психологиялық ахуалын түсіне біледі;

Іскерліктер:

- көпшілік алдында сөз сөйлеу құрылымын әзірлей алады;

- пікір-таласқа түсе алуды меңгереді.


БҚ 6

БҚ 7


БҚ 8

БҚ 9


ЖКП 11

Ақпаратты автоматтандырып өңдеу

Информациялық қоғам және информациялық мәдениет туралы түсінік. Операциялық жүйелер. MS Windows операциялық жүйесі. Файлдық жүйеге амалдар қолдану. Компьютерлік желілер. Интернет. Әлеуметтік – экономикалық ақпаратты MS WORD текстттік процессоры көмегімен өңдеу. Электрондық кестелерді әлеуметтік – экономикалық есептерді шешеу мақсатында пайдалану. Іс жүргізуді автоматтандыру құралдары.



Білімдер:

- кәсіпорынның жұмысын ұйымдастыру барысында ДК маңызы мен орнын біледі;



Іскерліктер:

- ақпаратты өңдеу әдістерін және іс жүргізуді автоматтандыру құралдарын қолданады.



БҚ 5

БҚ 6


КҚ 3.1.4

КҚ 3.1.5


КҚ 3.1.7

ЖКП 12

Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу

Мемлекеттік іс жүргізу және іскерлік корреспонденцияны ұйымдастыру. Құжат түрлері және оларды жіктеу. Іс қағаздарының тілі мен стилі. Жеке құрам құжаттары. Ақпараттық-анықтамалық құжаттар. Құжаттарды тіркеуге және есепке алу. Мекеме қызметін құжатпен қамтамасыз етуге компьютерді пайдалану.



Білімдер:

- іс жүргізу және коррсепонденция туралы түсінікті біледі;

- құжат туралы түсінікті, олардың қызмет түрлеріне қарай бөле алады;

Іскерліктер:

- қызмет құжаттарының тілі мен стилінің түсінігін меңгереді.



БҚ 5

БҚ 6


КҚ 3.1.3

КҚ 3.1.4


КҚ 3.1.5

КҚ 3.1.6


КҚ 3.1.7

АП 00

Арнайы пәндер

АП 01

Азаматтық құқық

Азаматтық құқық пәні, жүйесі, әдістері және қайнар көздері. Азаматтық заңдардың уақыт, кеңістікте және тұлғалар арасында қолданылуы. Азаматтық құқықтық қатынастар. Азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері және субъектілері. Мәмілелер туралы ұғым, түрлері, мәміле жасаудың нысаны мен шарттары. Мәміленің жарамсыздығы. Өкілдік және сенімхат. Сенімхат нысаны, тәртібі, мерзімі. Сенім ауысуы. Мерзімдерді есептеу және талап қою мерзімі. Міндеттемелік құқық. Міндеттемелердің орындалуы. Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету. Конкурстық міндеттемелер. Интеллектуалдық меншік құқығы. Авторлық және сабақтастық құқықтар. Мұрагерлік құқық. Отбасы құқығының ұғымы, мәні, жүйесі, әдістері. Неке. Некеге тұру. Некені тоқтату, оның жарамсыздығы. Ерлі-зайыптылардың құқықтық қатынастары: жеке және мүліктік құқық. Отбасы. Баланың туу тегін белгілеу. Ата-аналармен балалардың құқықтық қатынастары. Ата-ана құқықтарынан айыру және оларды шектеу. Бала (ұл немесе қыз) асырап алу. Қорғаншылық және қамқоршылық. Қорғаншылық пен қамқоршылықты белгілеудің құқықтық тәртібі. Патронат. Алименттік міндеттемелер. Азаматтық хал актілері.



Білімдер:

- міндеттеменің пайда болу ұғымын, түрлерін және негіздерін біледі;

- азаматтық құқық субъектілері мен объектілері ұғымын біледі;

- мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен игіліктерді біледі;

- отбасы құқығының ұғымы, пәні, әдістері және принциптерін біледі;

- некеге тұру тәртібі мен шарттарын сипаттайды;

- ата-аналармен балалардың, ерлі-зайыптылардың құқықтық қатынастарын біледі.

Іскерліктер:

- заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарын құрастырады;

- коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғаның ұйымдастыру құқықтық нысанын ажыратады;

- мәміленің түрлерін, олардың жарамдылығы мен жарамсыздығын ажытады;

- меншік құқығы мазмұнын, пайда болу және тоқтату негіздерін айқындайды;

- міндеттемелердің жекелеген түрлерін құрастырады;

- мұрагерлік негізін, заң бойынша мұрагерлік кезегін белгілейді.

- ата-ана құқықтарынан айыру және оларды шектеу негіздерін белгілейді;

- некеге тұру, тоқтату және оның жарамсыздығы туралы арызды құрастырады;

- нормативтің құқықтық актілермен жұмыс істейді;

- алимент мөлшерін анықтайды.


БҚ 5

БҚ 6


БҚ 7

БҚ 8


БҚ 9

БҚ 10


КҚ 3.1.1

КҚ 3.1.5


КҚ 3.1.7

АП 02

Азаматтық іс жүргізу құқығы

Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні, қағидалары және қайнар көздері. Азаматтық сот өндірісінің түсінігі, міндеттері мен оның түрлері. Азаматтық іс жүргізу құқықық қатынастары және олардың субъектілері. Азаматтық іс жүргізу құқығының қатысушылары.

Азаматтық істердің ведомстволық бағыныстылығы және соттылығы. Сот өкілдігі. Талап мерзімнің түсінігі, маңызы, түрлері. Сот шығындары. Талап қою құқығы және талап беру тәртібі. Талап арыз. Бірінші сатыдағы сот өндірісі. Азаматтық істі қозғау және оны сотта қарау. Сотта іс қарау. Заңды күшіне енбеген сот қаулылырына шағым және наразылық білдіру.


Білімдер:

- азаматтық сот өндірісінің түрлері мен сатыларын белгілейді;

- соттың құрамын анықтайды;

- соттылық және ведомстволық бағыныстылықтың ұғымына түсінік береді;

- сот дәлелдеу және дәлелдемелерінің мәнін біледі;

Іскерліктер:

- үшінші жақтарды және олардың құқықтық жағдайын айқындау;

- сот шығындарын есептейді;

- талап арыз элементтері мен түрлерін белгілейді;

- талап арыз құрастырады;

- сотта істі қарау бөлімдерін ажыратады;

- сот отырысы хаттамасын құрастырады;

- нормативтік актілермен жұмыс істейді;

- процессуалдық құжаттарды құрастырады.


БҚ 5

БҚ 6


БҚ 7

БҚ 8


БҚ 9

БҚ 10


КҚ 3.1.2

КҚ 3.1.5


КҚ 3.1.7

АП 03

Еңбек құқығы және әлеуметтік қорғау құқығы

Еңбек құқығының пәні және қайнар көздері. Халықты жұмыспен қамтуды құқықтық реттеу.

Ұжымдық шарттар мен келісімдерді жасасу тәртібі.

Кәсіптік одақтар. Еңбек шартының мазмұны және оны жасасу тәртібі. Жұмыс уақыты және тынығу уақыты. Еңбекке ақы төлеу, өтемақы төлемдері мен кепілдіктер. Еңбек тәртібі. Еңбек және ұжымдық шарт тараптарының материалдық жауапкершілігі. Әлеуметтік қорғаудың түсінігі және түрлері.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының құқықтық жағдайы. Азаматтардың жекелеген санаттарын зейнетақымен қамсыздандыру ерекшеліктері. Жәрдемақылардың ұғымы мен түрлері.


Білімдер:

еңбек құқығының жүйесін, принциптерін, әдістерін және еңбек құқық қатынастарының мазмұнын біледі;

- еңбек және ұжымдық дауларды шешу тәртібін біледі;

- азаматтардың жекелеген санаттарына зейнетақыны тағайындау және төлеу тәртібін біледі.



Іскерліктер:

- еңбек және ұжымдық шарттардың жобасын құрастырады;

- материалдық залалды өтеу тәртібін біледі;

- мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды есептейді.



БҚ 4

БҚ 5


БҚ 6

БҚ 7


БҚ 8

БҚ 9


КҚ 3.1.1

КҚ 3.1.5


КҚ 3.1.7

АП 04

Атқару өндірісі

Еріксіз орындату органдары және атқару өндірісіне қатысушылар. Атқару негіздері. Атқару құжаттары. Атқару әрекеттерін жүзеге асырудың жалпы ережелері. Ақша сомасынан және басқа мүліктен өндіріп алу тәртібі. Мүліктен, жалақыдан өндіріп алу. Алименттерді өндіріп алу жөніндегі істер бойынша шешімдерді орындау.Сот орындаушылары департаментінің жұмысын ұйымдастыру.



Білімдер:

- атқару өндірісі органдарын білу;

- атқару өндірісі қатысушыларын білу;

- атқару негіздерін білу.



Іскерліктер:

- атқару құжаттарын ресімдеу;

- атқару іс-әрекеттерін жүзеге асыру.


БҚ 5

БҚ 6


БҚ 7

БҚ 8


БҚ 9

КҚ 3.1.4


КҚ 3.1.7

АП 05

Криминалистика негіздері

Криминалистика теориясы және метологиясы. Криминалистиканың жалпы ғылыми және арнайы әдістері. Криминалистік теңдестіру (идентификация). Криминалистік болжам туралы ілім. Криминалистік техника ұғымы. Криминалистік тактиканың негіздері. Тергеуді жоспарлау және ұйымдастыру.



Білімдер:

- криминалистика негіздері мен әдістерін білу;

- криминалистика теориясын білу;

- криминалисттік идентификацияны білу.



Іскерліктер:

- криминалистикалық техника тәсілдерін игеру;

- криминалистикалық тактика тәсілдерін игеру.


БҚ 6

БҚ 9


КҚ 3.1.7

АП 06

Қылмыстық құқық

Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығының түсінігі, міндеттері және жүйесі. Қылмыстық құқықтың принциптері мен қайнар көздері. Қылмыстық заң, оның кеңістіктегі және мезгілдегі күші. Қылмыс және қылмыс құрамы. Қасақана қылмыс істеу сатылары және оның ұғымы. Қылмысқа қатысу, қатысу нысандары. Қылмыстардың көптігі. Жазаның жүйелері және түрлері. Жаза тағайындау. Қылмыстық жауаптылықтан босату. Жеке адамдарға қарсы қылмыстар. Меншікке қарсы қылмыстар. Қоғамдық қауіпсіздікке және тәртіпке қарсы қылмыстар.



Білімдер:

- қылмыстық құқықтың міндеттерін, жүйесін, принциптерін және қайнар көздерін біледі;

- қылмыс құрамының элементтерін және қылмыс істеу сатыларын біледі;

- қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату негіздерін біледі;



Іскерліктер:

- қылмыс түрлерін ажыратады;

- жазалау шараларын анықтайды;

- нормативтік құықықтық актілермен жұмыс жасайды.



БҚ 5

БҚ 6


БҚ 7

БҚ 8


БҚ 9

БҚ 10


КҚ 3.1.1

КҚ 3.1.7



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   141




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет