Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары және үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


"Дене тәрбиесі және спорт" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламалары



бет5/141
Дата08.07.2018
өлшемі2,01 Mb.
#48691
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   141

      "Дене тәрбиесі және спорт" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламалары

      Ескерту. 3-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.01.2016 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       010304 3 – Түзету дене тәрбиесі мұғалімі біліктілігіне арналған пәндер циклдері және кәсіптік практика бойынша білім беретін оқу бағдарламаларының мазмұны (орта буын маманы)

Циклдің (пәннің) индексі

Пәннің, практиканың атауы және негізгі бөлімдері

Қалыптасатын білімдер, іскерліктер және дағдылар

Қалыптасатын құзыреттер коды

ЖБП 00

Жалпы білім беретін пәндер

ӘЭП 00

Әлеуметтік-экономикалық пәндер

ӘЭП 01

Мәдениеттану

Мәдениет теориясы. Ежелгі дәуір мәдениеті

(Үндістан, Қытай, Месопотамия, Грекия, Рим).

Орта ғасыр мәдениеті (Орта ғасырлық Шығыс. Орта ғасырдағы Еуропа).

Жаңа дәуір мәдениеті (ХҮІІ–ХІХ ғ.ғ.) ХХ ғ. мәдениеті. Мәдениет және дін.


Білімдер:

- курстың негізгі түсініктемелері;

- Ежелгі Үндістан, Қытай, Месопотамия, Грекия, Рим мәдениеті дамуының негізгі кезеңдері;

- алғашқы қауымдық мәдениет даму кезеңдері;

- Шығыс елдерінің ұлы ғалымдарының, ақындарының, Қайта өрлеу дәуірі ғұламаларының әлем мәдениетіне қосқан үлесі туралы;

- ХХ ғ. мәдениеті туралы



Іскерліктер:

- ғылыми пән ретінде мәдениеттану пәнінің ғылым ретіндегі мәнін ашу;

- Ежелгі Үндістан, Вавилон, Ассирия, Иран, Ежелгі Грекия, Рим елдерінің ең ірі мәдени ошақтарының тарихи құндылығын талдау;

- Батыс Еуропа және Орта ғасырлық Қазақстанның сәулет өнерін, Қайта өрлеу дәуірі өкілдерінің белгілі еңбектерін сипаттау;

- Орта ғасырлық Шығыс поэзиясын сараптау;

- ХХ ғ. мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттау;

- мәдениет пен діннің арақатынасын ашу


БҚ 1, 4,7, 8, 11

ӘЭП 02

Философия негіздері

Философия пәні, оның қалыптасуы және даму тарихы.

Философия–теория мен методологияның бірлігі.

Әлеуметтік философия мәселелері.



Білімдер:

- ғылыми-философиялық дүниетаным үдерісінің қалыптасуы;

- материя ұғымы және оның негізгі формалары;

- диалектиканың негізгі заңдары мен категориялары;

- қоғамның экономикалық саяси, әлеуметтік салалары туралы

Іскерліктер:

- философияның басқа ғылымдар жүйесіндегі алатын орны мен рөлін талдау;

- философияның басты мәселесінің мәнін ашу;

- философиялық ойдың даму тарихын сипаттау;

- дүниенің болмысын және оның түрлерін сипаттау;

- диалектиканы әрі жеке ғылым, әрі философияның таным үрдісінде қолданатын әдісі ретінде сипаттау;

- философиядағы гносеологияның даму заңдылықтарын ашу;

- қоғамның экономикалық базисі мен идеологиялық қондырмасын және олардың қарым-қатынасын сараптау;

- ғылыми-техникалық революцияның адамзатқа әкелген табыстары мен зиянды жақтарын сараптау;

- адамзаттың ғаламдық проблемаларын талдау


БҚ 1, 4, 7, 8, 11

ӘЭП 03

Экономика негіздері

Экономикалық теорияға кіріспе. Микроэкономика. Макроэкономика. Дүниежүзілік экономика.

Өтпелі экономиканың теория негіздері.


Білімдер:

- экономикалық теория пәні, функциялары, қоғамдағы экономиканың рөлі;

- экономикалық ойдың даму тарихы;

- тауарларға, қызметтерге сұраныс және ұсыныс, бағаның тепе-теңдігі, нарық механизмі туралы;

- бәсекелестік және монополия теориясы туралы;

- экономикалық өсу, мемлекеттің әлеуметтік саясаты туралы;

- дүниежүзілік экономиканың даму үрдістері;

- өтпелі кезеңде макроэкономикалық тұрақтылықтың қажеттілігі туралы

- Іскерліктер:

- экономикаға ғылым ретінде толық сипаттама беру;

- экономикалық жүйелердің типтері мен модельдерін талқылау;

- нарық ұғымын түсіндіру, негізгі факторларын атау, нарық қызметі және түрлері;

- биржаның құрылу (пайда болу) себебін және заманауи экономикадағы оның мәнін ашу;

- жалпы ішкі және жалпы сыртқы өнімдерді есептеудің негізгі әдістерін атау;

- қазіргі заманның ғалами мәселелерінің экономикалық қырларын түсіндіру;

- қоғам дамуының әлеуметтік-экономикалық жолдарын сипаттау;

- нарықтық экономика теориясын талдау, бағалау


БҚ 1, 4, 7, 8, 11

ӘЭП 04

Саясаттану және әлеуметтану негіздері

Саяси ой тарихы және заманауи саяси мектептер.

Қазақстандағы қоғамдық ойдың даму тарихы. Саясат. Саяси билік. Саяси жүйелердің типтері және түсінігі. Мемлекет. Саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар және қозғалыстар. Саяси үдерістер. Әлеуметтану, оның қоғамдағы және ғылымдағы орны мен рөлі.


Білімдер:

- саясаттанудың ғылым ретінде пайда болуы және дамуы;

- саясат объектілері және субъектілері, қызметтері;

- саяси жүйе ұғымы, құрылымы, қызметтері туралы;

- саяси партиялардың қалыптасу эволюциясы туралы;

- қоғам ұғымы, құрылымы, қызметтері;

- әлеуметтік ойдың даму тарихы

Іскерліктер:

- саяси ойлардың дамуының тарихи кезеңдерін сипаттау;

- Қазақстанның саяси даму жағдайы туралы өз ойын білдіру;

- саяси тәртіптердің (тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық) мәнін ашу;

- мемлекеттің құрылу себептерін, оның белгілері мен қызметтерін ашу;

- Қазақстандағы саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстардың қоғам өміріндегі қызметтеріне баға беру;

- саяси үдерістердің құрылымын және мағынасын сипаттау;

- әлеуметтанудың ғылым ретінде пайда болу үдерісіне үлес қосқан ойшылдардың көзқарастарын сипаттау


БҚ 1, 4, 7, 8, 11

ӘЭП 05

Құқық негіздері

Мемлекет және құқық теориясы. Конституциялық құқық. Азаматтық құқық. Жеке меншік, отбасы, әкімшілік, қылмыстық және еңбек құқықтарының негіздері. Қаржылық және экологиялық құқық негіздері.



Білімдер:

- мемлекет пен құқықтың қалыптасуына әсер еткен қоғамдық-тарихи жағдайлар;

- Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының заңдары;

- Қазақстандағы сайлау жүйесі, азаматтардың сайлауға қатысуы;

- әкімшілік құқық бұзушылықтар және әкімшілік жазалар;

- еңбек, ұжымдық шарттар жағдайлары туралы, еңбекақы, еңбек тәртібі;

- қоғамды демократияландыру, құқықтық мемлекет құру ісі

Іскерліктер:

- мемлекеттің негізгі заңын, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу сезімін қалыптастыру;

- азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын пайдалану;

- құқық бұзушылық фактілерін талдау;

- қылмыс заңына, қылмыс құрамына анықтама беру;

- нормативтік-құқықтық актілерді қолдану;

- құқықтық тәрбиелеу әдістерін таңдау мен дұрыс қолдану;

- құқықтық құжаттар мазмұнын талдау


БҚ 1, 4, 7, 8, 11

ЖГП 00

Жалпы гуманитарлық пәндер

ЖГП 01

Кәсіптік қазақ (орыс) тілі

Тілді негізгі құрайтындар; тіл және сөйлеу. Лексикалық-грамматикалық материал. Синтаксис. Тіл дамыту. Терминология. Кәсіптік-бағытталған мәтіндерді аудару техникасы.

Іскерлік құжаттамалар. Өндіріс құжаттары.

Кәсіптік терминдер.

Кәсіптік қарым–қатынас.


Білімдер:

- қазақ (орыс) тілін;

- тілдік нормалар;

- фонетика, сөзжасам, морфология және синтаксис бойынша негізгі мағлұматтар;



Іскерліктер:

- әдебиет нормаларына сәйкес сөйлемдер құрастыру;

- ауызша іскерлік қарым-қатынас (іскерлік әңгіме, кеңестер өткізу т.б.) дағдыларын қолдану;

- түрлі жанрларда жазбаша мәтіндер құрастыру;

- сөйлеу барысында бейнелеу-мәнерлі құралдарды пайдалану;

- түрлі сөздіктерді қолдану;

- түрлі талдаулар жасау (сөздер және сөйлемдерге)


БҚ 1,7, 11

ЖГП 02

Кәсіптік шетел тілі

Мамандық бойынша кәсіптік қарым-қатынас жасау үшін қажетті лексикалық-грамматикалық материал.

Тілдік қызмет түрлері және сөйлеу нысандары (ауызша, жазбаша, монологтық, диалогтық). Кәсіптік-бағытталған мәтіндерді аудару техникасы.


Білімдер:

- үйретілетін тілдің теориясы;

- мамандық бойынша лексикалық материал;

- тілдік қызмет түрлері мен сөйлеу нысандары;

- шетел тілінің грамматикасы

Іскерліктер:

- шетел тілінде мәтіндер оқу;

- қазақ (орыс) тілінен шетел тіліне аудару және керісінше;

- шетел тілінде жазбаша мәтіндер құрастыру;

- материалды ауызша монологтық және диалогтық түрінде айтып беру



БҚ 1,7, 11

ЖГП 03

Дене тәрбиесі

Маман дайындаудағы дене тәрбиесінің рөлі. Жеңіл атлетика. Туризм. Гимнастика. Шаңғы дайындығы. Спорттық ойындар. Қимылды ойындар.



Білімдер:

- маман дайындаудағы дене тәрбиесінің рөлі;

- дене тәрбиесінің психофизиологиялық және әлеуметтік-биологиялық негіздері;

- техника қауіпсіздігінің ережелері;

- спорт түрлері бойынша ережелер;

- гимнастикалық жаттығуларды орындау, жүгіру техникасы;

- граната лақтыру, ядро итеру, шаңғы тебу техникасы;

- спорттық ойындар, қимылды ойындар ережелері;

- туристтің жеке жабдықтарының тізімдемесі

Іскерліктер:

- дене жаттығуларын дұрыс орындау;

- волейбол, баскетбол ойнау;

- снарядтарда гимнастикалық жаттығуларды орындау, шаңғымен жүру, туристік жорықтарға қатысу, компасты пайдалану, азимут және жорық жолбағытын анықтау



БҚ 1,2,4,5,6,7,8,9,10,11

ЖГП 04

Өзін-өзі тану

Өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту ұғымы; адамның ішкі әлемінің пайда болуы. Өзін-өзі дамыту үлгілері және кедергілері. Рефлексияның, өзінің жүріс-тұрысының нәтижелерінің еріктілігінің, мақсатты тұжырымдауының және алдын ала біліп қоюының дамуы.

Өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту үдерісіндегі "педагогикалық қолдау" ұғымы. Балалар және ересектер қауымдастығындағы өзін-өзі тану және бірлескен шығармашылық қызмет негізінде бала тұлғасының дамуы. Тұлғалық және кәсіптік өзін-өзі анықтау. Тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетінің қалыптасуы.


Білімдер:

- "өзін-өзі тану" және "өзін-өзі дамыту" ұғымдарының мазмұны;

- адамның ішкі әлемінің пайда болу үдерісі;

- "рефлексия" ұғымының мазмұны

Іскерліктер:

- өзін-өзі тану және бірлескен шығармашылық қызмет негізінде бала тұлғасының дамуын іске асыру;

- рефлексия жүргізу;

- оқушылардың кәсіптік өзін-өзі анықтауда көмек көрсету;

- оқушыларға психологиялық көмек көрсету;

- оқушыларды жоспарлау негіздеріне үйрету;

- өзінің жүріс-тұрысының нәтижелерін жоспарлау


БҚ 1,2,3,4,5,6,7,8,11

ЖГП 05

Қазақстан тарихы





ЖКП 00

Жалпы кәсіптік пәндер

ЖКП 01

Психология және спорт психологиясы

Психология ғылым ретінде. Түзету дене тәрбиесі мұғалімі жұмысында психологияның мағынасы. Заманауи психологияның құрылымы, міндеттері және әдістері. Тұлға туралы түсінік. Индивид және тұлға. Қызметтегі және қарым-қатынастағы тұлға. Адамның еңбек қызметіндегі психомоторика. Күйзеліс және оның алдын-алу әдістері. Тілдесу үдерісіндегі тұлғааралық қарым-қатынастар; тілдесу үдерісі кезіндегі жанжалдар. "Мазасыздану" ұғымы. Ауытқушылық қылық. Танымдық үдерістер. Эмоционалдық-еріктік сала. Адамның эмоциялары және күйі. Темперамент. Мінез. Қабілеттер. Дамудың қозғауыш күштері және алғы шарттары. Тәрбие және өзін-өзі тәрбиелеу психологиясы. Жас ерекшелік психология негіздері. Спортта оқыту және тәрбиелеудің психологиялық негіздері.

Дене тәрбиесі және спорт психологиясының пәні және міндеттері. Спортшы тұлғасының психологиясы. Жаттықтырушы тұлғасы және қызметі психологиясы. Спорттық команда психологиясы.


Білімдер:

- жалпы және жас ерекшелік психологияның мазмұны;

- заманауи психология түсінігі, құрылымы, міндеттері және әдістері;

- тұлғаның танымдық және эмоционалдық-ерікті салаларының мазмұны;

- тұлға дамуының психологиялық ерекшеліктері;

- дене тәрбиесі және спорттың психологиялық негіздері.



Іскерліктер:

- күйзелістің алдын-алуын іске асыру;

- ауытқушылық жүріс-тұрысын диагностикалау;

- жұмыс тәжірибесіндегі психологиялық білімдерді қолдану



БҚ 1,3,4,6,7,8,11

КҚ 3.1.1,

3.1.5-3.1.7,

3.1.9,


3.1.12

ЖКП 02

Педагогика

Педагогика, педагогикалық шеберлік,

жаңа педагогикалық технологиялар, этнопедагогика, ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері.

Педагогиканың жалпы негіздері. Дидактика. Тәрбие теориясы. Мектептану. Педагогикалық шеберлік. Этнопедагогика пәні, міндеттері және әдістері. Этнопедагогикалық ойдың қалыптасу тарихы. Педагогикалық технологиялар ұғымы, негізгі түрлері, ерекшеліктері. Педагогикалық зерттеулер әдіснамасы.



Білімдер:

- педагогиканың ғылым ретінде пәні және міндеттері; педагогикалық ойдың даму тарихы;

- педагогиканың методологиялық базасы, педагогикалық үдерістің құрылымы және кезеңдері;

- Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы" Заңының негізгі ережелері;

- тәрбие жұмысының мазмұны;

- оқыту үдерісінің теориялық және әдістемелік негіздері;

- білім беру технологиялары және заманауи дидактикалық тұжырымдамалардың мәні;

- этнопедагогика мазмұны;

- этнопедагогиканың даму тарихы;

- педагогикалық зерттеулер әдістері



Іскерліктер:

- оқу үдерісін жоспарлау;

- түрлі сыныптық, сыныптан тыс, мектептен тыс тәрбие жұмыс түрлерін ұйымдастыру және өткізу;

- мектептегі әдістемелік жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру;

- жеке тұлғаны, ұжымды зерттеуде педагогикалық зерттеу әдістерін қолдану;

- оқушылармен педагогикалық мақсатқа сай өзара іс-әрекет орнату;

- зерттеудің диагностикалық әдістерін қолдану;

- тәрбие үдерісінде этнопедагогика бойынша материалдарды пайдалану;

- АКТ мүмкіндіктерін қолдану;

- педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау



БҚ 1,3,4,6,7,8,11

КҚ 3.1.1,

3.1.5-3.1.7,

3.1.9,


3.1.12

ЖКП 03

Биохимия

Кіріспе. Адам ағзасының химиялық құрамы. Су-дисперсиялық жүйелер. Ферменттер және олардың тіршілік үдерісіндегі рөлі. Дәрумендер, олардың сипаттамасы. Гормондар. Биоэнергетика. Көмірсулар, майлар, ақ уыздар, су және минералды заттар, олардың зат алмасудағы рөлі. Ағзадағы зат алмасу үдерістерінің өзара байланысы және реттелуі. Дене жаттығуларының биохимиясы. Әртүрлі жастағы адамдардың дене жаттығуларымен айналысу сабағы әдістемесінің биохимиялық негіздері. Денсаулығында ауытқулары бар адамдардың дене жаттығуларымен айналысу сабағы әдістемесінің биохимиялық негіздері. Тамақтанудың биохимиялық негіздері. Денсаулықтың биохимиялық көрсеткіштері.



Білімдер:

- адам ағзасының химиялық құрамы;

- ағзаның белсенді биологиялық заттарының құрылымы және құрамы;

- адам ағзасындағы алмасу үдерістері;

- дене жаттығуларының биохимиясы;

- адам денсаулығының биохимиялық көрсеткіштері;

- дене тәрбиесі және спорттың биохимиялық негіздері

Іскерліктер:

- биохимиялық препараттармен және реактивтермен жұмыс істеу;

- оқушыларға арналған тәулік мәзірін құру;

- қажетті есеп айырысу жүргізу;

- денсаулығында ауытқулары бар адамдардың дене жаттығуларымен айналысу сабақтарының әдістемесін қолдану



БҚ 1,8, 10, 11

КҚ 3.1.1,

3.1.4,

3.1.5,


3.1.7,

3.1.9,


3.1.11,

3.1.12


ЖКП 04

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау

Мүгедектік ұғымы, мүгедектер санаттары, Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының мүгедектікті топтастыруы. ДЕСК бойынша мүгедектік топтары.

Мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың жалпы ережелері.Еңбекке жарамдылықтың медициналық сараптамасы.

Мүгедектік бойынша зейнетақылар және жәрдемақылар. Мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету, протездеу, транспорт құралдарымен қамтамасыз ету; тұрғын-тұрмыс жеңілдіктері. Мүгедектерді кәсіптік оңалту. Мүгедектердің дене тәрбиесі және спорты.



Білімдер:

- мүгедектіктің жіктеулері және топтары;

- мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың негізгі ережелері;

- мүгедектерге арналған дене шынықтыру-сауықтыру жұмысының ерекшеліктері



Іскерліктер:

- мүгедектердің әлеуметтік қорғауын жүзеге асыру;

- мүгедектерге арналған оңалту іс-шараларын жүзеге асыру


БҚ 1,2,3,5,7,8,9,11

КҚ 3.1.1-3.1.9,

3.1.12


ЖКП 05

Дене тәрбиесі және спорттың анатомиялық-физиологиялық негіздері

Адам ағзасының өсуі және дамуының негізгі заңдылықтары. Ағза жүйесінің анатомия және физиологиясы. Қимылдарды қамтамасыз ету және реттеу жүйелерінің қызметтік қалпын сипаттайтын көрсеткіштер. Қозғалысты басқару ұғымы, қозғалысты құру сабақтары. Қозғалу дағдысы және оның қалыптасуындағы физиологиялық негіздері; жағдайлар және қозғалыстардың анатомиялық талдауы. Дене шынықтыру жаттығуларының топтастырылуы және физиологиялық сипаттамасы. Дене шынықтыру жүктемелеріне бейімделу механизмі; қозғалыс қасиеттері және жаттықтыруды дамытудың физиологиялық негіздері. Ағзаның жас және жыныстық ерекшеліктері және дене шынықтыру және спорт сабақтарында оларды есепке алу. Спорттық қызмет кезіндегі ағзаның қалпы. Спорттың базалық түрлерінің физиологиялық сипаттамасы.



Білімдер:

- адам ағзасының өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары;

- балалар мен жасөспірімдер ағзасының анатомо-физиологиялық ерекшеліктері;

- психофизиологиялық функциялар және әр кезеңдердегі адам дамуының ерекшеліктері;

- қимылдарды қамтамасыз ету және реттеу жүйелерінің қызметтік қалпын сипаттайтын көрсеткіштер;

- дене шынықтыру және спорт сабақтарындағы ағзаның жас және жыныстық ерекшеліктері



Іскерліктер:

- дене шынықтыру жүктемелерінің мөлшерлеуін орындау;

- әр түрлі жастағы балалардың шаршау және шамадан тыс шаршау деңгейлерін анықтау;

- дене шынықтыру жаттығуларын топтастыру және физиологиялық сипаттама беру;

- спорттың базалық түрлеріне физиологиялық сипаттама беру


БҚ 2,5,10,11

КҚ 3.1.1,

3.1.3,

3.1.9,


3.1.11,

3.1.12


ЖКП 06

Дене тәрбиесі және спорт тарихы

Дене тәрбиесі, оның өркениет тарихындағы рөлі. Қазақстанда, ТМД және шетел елдерінде дене тәрбиесі және спорттың даму ерекшеліктері.

Дене тәрбиесі жүйесін қалыптастыруда, халықтық және ұлттық спорт түрлерінің негізгі бағыттары. Халықаралық спорт қозғалысының, Қазақстандағы спорттың тарихы.


Білімдер:

- дене тәрбиесі және спорт тарихы;

- Қазақстандағы және шетел елдеріндегі дене шынықтыру және спорт қозғалыстарының даму ерекшеліктері

Іскерліктер:

- кәсіптік қызметте теориялық білімдерін қолдану



БҚ 3,5,7,8,9,10.11

КҚ 3.1.1,

3.1.3,

3.1.9,


3.1.12

ЖКП 07

Дене тәрбиесінің гигиеналық негіздері

Пән және пәннің міндеттері, оның білім жүйесіндегі рөлі. Гигиена – алдын алу шаралары және салауатты өмір салтының негізі. Жеке бас гигиенасының негіздері. Шынығу, негізгі қағидалары және жүйелері.

Тиімді тамақтану, теория және практика. Қайта қалыпқа келу құралдары. Балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесінің гигиенасы. Өндірістегі және тұрғылықты мекен-жайы бойынша дене тәрбиесінің гигиенасы. Спорт жабдықтарының гигиенасы. Спортшыларды даярлаудағы гигиеналық қамтамасыз ету. Бейімделме дене тәрбиесінің гигиеналық негіздері.


Білімдер:

- дене тәрбиесінің гигиеналық негіздері;

- жеке бас гигиенасының негіздері;

- шынығу жүйелері;

- тиімді тамақтану негіздері;

- спорт жабдықтарының гигиенасы;

- бейімделме дене тәрбиесінің гигиеналық негіздері

Іскерліктер:

- спортшылардың гигиеналық дайындығын қамтамасыз ету;

- өндірістегі және тұрғылықты мекен-жайы бойынша дене тәрбиесі гигиенасын жүзеге асыру


БҚ 2,5,10,11

КҚ 3.1.1,

3.1.3,

3.1.9,


3.1.11,

3.1.12


ЖКП 08

Биомеханика

Биомеханика пәні және тарихы. Жалпы және дифференциалды биомеханика. Адам қимылдарының кинематикасы, қимылдар динамикасы. Механикалық жұмыс және адам қимылдарының энергиясы. Қимыл сапаларының биомеханикасы.



Білімдер:

- биомеханика мазмұны және оның түрлері;

- курстың негізгі ұғымдары;

- дене жаттығуларымен емделудің биомеханикалық негіздері;

- емдік биомеханика элементтерін қолдану туралы;

- ағзаның қызметтік мүмкіндіктері және дене шынықтыру жүктемелерінің өзара байланысы туралы



Іскерліктер:

- оқушылардың дене дамуының негізгі антропометрикалық көрсеткіштерін қолдану



БҚ 1,8, 10, 11

КҚ 3.1.1,

3.1.4,

3.1.5,


3.1.7,

3.1.9,


3.1.11,

3.1.12


ЖКП 09

Спорттық медицина және жалпы патология негіздері

"Салауатты өмір салты" ұғымы; денсаулық және оны анықтаушы ықпалдар. Әр түрлі жас кезеңдеріндегі қауіптің негізгі ықпалдары, олардың себептері, таралуы. Мөлшер ұғымы және балалар мен жасөспірімдер арасындағы мөлшерден ауытқушылық. Балалар аурулары, олардың жіктелуі. Жұқпалы аурулар, олардың алдын алу. Ағзаның компенсаторлық мүмкіндіктері,

бейімделу және аурулар. Өзін-өзі сауықтыру және өзін-өзі жетілдіру жүйесі. Бейімделу және күйзеліс.


Білімдер:

- ұғымдардың мазмұны;

- әртүрлі жас кезеңдеріндегі қауіптің негізгі ықпалдары;

- мөлшер ұғымы және мөлшерден ауытқу;

- спорт медицинасының мәні;

- әдеттегі патологиялық үдерістер;

- ауру белгілері;

- өзін-өзі сауықтыру жүйесінің негізгі ережелері



Іскерліктер:

- бала дамуындағы мөлшерді және дамуындағы ауытқуды анықтау;

- өзін-өзі сауықтыру жүйесін қолдану;

- негізгі ауруларды диагностикалау;

- жарақат алғанда алғашқы көмек көрсету


БҚ 1,10,11

КҚ 3.1.1, 3.1.3,

3.1.7,

3.1.8,


3.1.10,

3.1.11,


3.1.12

Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   141




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет