Дағдылар:
- қолданбалы жүзуде дағдыларды игеру;
- жүзудің спорттық және қолданбалы әдістерінің техникасын орындау;
- суға шомылуда, түрлі жастағы мүгедектермен жүзу кезінде техника қауіпсіздігін сақтау бойынша нұсқаулық өткізу
БҚ 1,2,3,5,6,9,10
КҚ 3.1.1-3.1.5,
3.1.7-3.1.11
|
АП 13
|
Шаңғы спорты және оқыту әдістемесі
Дүниежүзінде және Қазақстанда шаңғы спортының даму тарихы. Шаңғы құрал-жабдықтары. Тірек-қозғалу аппаратының, есту, көру, ақыл-ой кемістіктері, соматикалық ауру түрлері және аралас зақымдануы бар адамдармен сабақ өткізу әдістемесі. Түрлі жастағы және жыныстағы мүгедектермен өткізетін сабақтардың әдістемесі. Спорттық жарыстарды ұйымдастыру және өткізу ережелері. Білім беру үдерісін ұйымдастырудағы бақылау.
|
Білімдер:
- шаңғы спортының даму тарихы;
- шаңғы құрал-жабдықтарының түрлері;
- шаңғымен жүру техникасының негіздері;
- шаңғымен жүру техникасы және оқыту әдістемесі;
- шаңғыларды қолдану арқылы дене қасиеттерін тәрбиелеудің әдістері және құралдары
Іскерліктер:
- түзету дене тәрбиесі жүйесінде шаңғыны қолдану;
- білім алушылардың дене дамуына жоспарлау және бақылауды іске асыру
Дағдылар:
- өздігінен сабақтар, секциялық сабақтар өткізу, түрлі жастағы және жыныстағы мүгедектермен жарыстар ұйымдастыру дағдыларын игеру;
- шаңғы жарыстары бойынша өткізу орынын дайындау
|
БҚ 1,2,3,5,6,9,10
КҚ 3.1.1-3.1.5,
3.1.7-3.1.11
|
АП 14
|
Гимнастика және оқыту әдістемесі
Гимнастика тарихы және даму кезеңдері; гимнастикалық терминология; мазмұны, ұйымдастыру түрлері және гимнастикадан сабақ өткізу әдістемесі; гимнастикадан оқу жұмысын жоспарлау; жаттықтыру және оқыту негіздері, гимнастикалық жаттығуларды оқыту әдістемесі және үйрету техникасы; түзету дене тәрбиесі жағдайларында гимнастикадан сабақ өткізу әдістемесінің ерекшеліктері; денсаулығында ауытқулары бар адамдармен оқу сабақтарын және жарыстарды өткізу спецификасы; түрлі жастағы және жыныстағы мүгедектермен өткізетін сабақтардың әдістемесі; гимнастикадан спорттық дайындық деңгейін арттыру бойынша жұмыстың негізгі бағыттары.
|
Білімдер:
- гимнастиканы оқытудың теориясы және әдістемесі;
- гимнастикалық жаттығуларды орындау техникасы;
- түрлі жастағы және жыныстағы мүгедектермен сабақ ұйымдастыру және өткізу;
- гимнастика арқылы дене қасиеттерін тәрбиелеудің әдістері және құралдары
Іскерліктер:
- түзету дене тәрбиесі жүйесінде гимнастикадан сабақ өткізу;
- білім алушылардың дене дамуын жоспарлау және бақылауды іске асыру
Дағдылар:
- білім алушылардың дене дамуына бақылау жүргізуді ұйымдастыру
|
БҚ 1,2,3,5,6,9,10
КҚ 3.1.1-3.1.5,
3.1.7-3.1.11
|
АП 15
|
Конькимен сырғанау спорты және оқыту әдістемесі
Қазақстанда конькимен сырғанау спортының тарихы және даму кезеңдері; конькимен сырғанау техникасы; оқыту, жаттықтыру; конькимен сырғанаушының құрал-жабдықтары; мұз айдыны және жүгіру жолы; сабақтарды жоспарлау және ұйымдастыру; тірек-қозғалу аппаратының, есту, көру, ақыл-ой кемістіктері, соматикалық ауру түрлері және аралас зақымдануы бар адамдармен сабақ өткізу әдістемесі. Түрлі жастағы және жыныстағы мүгедектермен өткізетін сабақтардың әдістемесі.
|
Білімдер:
- Қазақстанда конькимен сырғанау спортының тарихы және даму кезеңдері;
- конькимен сырғанаушының құрал-жабдықтары;
- конькимен сырғанау техникасының негіздері;
- конькимен сырғанау спортын оқыту әдістемесі
Іскерліктер:
- түзету дене тәрбиесі жүйесінде конькимен, коньки пайдаланбай жаттығулар орындау;
- білім алушылардың дене дамуын жоспарлау және бақылауды іске асыру
Дағдылар:
- өздігінен сабақтар, секциялық сабақтар өткізу, түрлі жастағы және жыныстағы мүгедектермен жарыстар ұйымдастыру дағдыларын игеру
|
БҚ 1,2,3,5,6,9,10
КҚ 3.1.1-3.1.5,
3.1.7-3.1.11
|
БҰАП 00
|
Білім беру ұйымдары анықтайтын пәндер
|
ӨО және КП 00
|
Өндірістік оқыту және кәсіптік практика
|
КП 00
|
Кәсіптік практика
|
КП 01
|
Оқу практикасы
|
|
|
КП 01.1
|
Дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстары практикасына дайындық
Денсаулығында ауытқулары бар балалармен дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын ұйымдастыру мазмұны және ерекшеліктері. Денсаулығында ауытқулары бар балалар мен жасөспірімдермен жұмыстың түрлері және әдістері.
Түзету мектептеріндегі оқу-тәрбие және жаттығу жұмыстары, көпшілік дене шынықтыру-сауықтыру сабақтарын ұйымдастырудың педагогикалық негіздері. Сауықтыру жұмысын ұйымдастыру бағдарламасын құру. Дене шынықтыру-сауықтыру жұмысының құралдары және формалары. Дене шынықтыру-сауықтыру жұмысының мақсат-міндеттерін, түрлерін анықтау барысында баланың жеке (дара)-психологиялық, жас ерекшеліктерін ескеру.
Түрлі жас топтарындағы денсаулығында ауытқулары бар балалармен жүргізілетін дене шынықтыру-сауықтыру жұмысының мазмұны және негізгі бағыттары.
Тәрбие жұмысын жүргізу әдістемесі. Тәрбие жұмысының әдістері: әңгімелесулер, кездесулер, пікірталастар, конкурстар, мерекелер, турнирлер, көңілді және тапқырлар клубы, олимпиадалар, брейн-ринтгер, көңілді старттар және т.б. Түрлі жас топтарында, мектептен тыс құрылымдарда тәрбие жұмысын үлгілеу. Денсаулығында ауытқулары бар тұлғалармен спорттық сыныптан тыс және дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын ұйымдастыру. Жұмыстың міндеттері және бағыттары. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
|
Іскерліктер:
- денсаулығында ауытқулары бар балалар мен жасөспірімдермен жұмыстың түрлері және әдістерін қолдану;
- дене шынықтыру-сауықтыру жұмысының негізгі бағыттарын талдау;
- денсаулығында ауытқулары бар түрлі жас топтарында, мектептен тыс тәрбие жұмысының үлгісін құру
Дағдылар:
- сыныптан тыс шаралар өткізу;
- тәрбие жұмысының жоспарын құру
|
БҚ 1-12
КҚ3.1.1- 3.1.9
|
КП 01.2
|
Жазғы практикаға дайындық
Жазғы лагердегі жұмысты ұйымдастыру. Жұмыстың міндеттері және бағыттары. Жазғы сауықтыру лагеріндегі тәрбие үдерісінің мазмұны және ерекшеліктері. Денсаулығында ауытқулары бар балалармен және жасөспірімдермен жүргізілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру жұмысының түрлері және әдістері.
|
Іскерліктер:
- денсаулығында ауытқулары бар балалардың жазғы сауықтыру бос уақытын ұйымдастыру барысында құралдар және нұсқаулықтарды қолдану;
- жазғы сауықтыру лагерінде өзінің қызметін бақылау және өзін-өзі бақылау нәтижелерін қолдану;
- жазғы сауықтыру лагерінде тәрбие жұмысын жоспарлау;
- жазғы сауықтыру лагерінде болуы жайлы бақылау күнделігін жүргізу
Дағдылар:
- спорттық шаралардың сценарийлерін құру;
-спорттық шараларды ұйымдастыру және өткізу;
- әдістемелік қоржынды қалыптастыру;
-түзету мектептеріндегі оқушыларды спорттық-рекрациялық іс-әрекетке тарту бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу.
|
БҚ 1-12
КҚ 3.1.1- 3.1.9
|
КП 01.3
|
Интернетпен (Ғаламтормен) жұмыс
Теориялық бөлім.
Ғаламторға кіріспе. Ғаламтордың қызмет көрсету жүйелері. Ғаламторда ақпарат іздеу. Ақпаратты іздеу құралдары. Ақпаратты іздеу теориясы.
Практикалық бөлім.
Ғаламторға қосылу. Пошта мекен-жайын тіркеу. Электрондық пошта. Интернеттегі навигация. Білім беру қорларын іздеу және жүйелеу. Оқу бағдарламаларының мұрағаты.
Қазақстан Республикасының ресми сайттарымен танысу.
Өзіндік жұмыс.
Материалды жүйелеу. Яндекс іздеу жүйесімен жұмыс. Google іздеу жүйесімен жұмыс.
|
Іскерліктер:
- түрлі іздеу құралдарында ақпаратты тиімді іздеу;
- компьютерлік техниканы дене-шынықтыру-спорттық іс-әрекеттің нақтылы міндеттерін шешуге пайдалану;
-сұраныс жасау тілін меңгеру, түрлі тақырыптарға "күрделі" сұраныстарды тұжырымдау;
- ғаламтордан алған ақпаратты сақтау.
Дағдылар:
- ақпаратты нәтижелі іздеу, сонымен бірге, сұраныс жасау тілін қолдану арқылы;
- ғаламтордан алған ақпаратты сақтау
-түзету дене тәрбиесі мен спортының жетістіктері туралы ақпараттарды жинау, жалпылау және пайдалану әдістері мен құралдарын меңгеру.
|
БК 11
ПК 3.1.12
|
КП 01.4
|
"Мүгедек балалардың білім беру мекемелерінде психологиялық бейімделуі" практикасы
Практика бойынша бағыт сілтейтін семинар.
Практика базасымен танысу.
Денсаулығында ауытқулары бар балалардың психологиялық бейімделуі бойынша психологтың түрлі қызметтердің ұйымдастыруымен таныстыру.
Бір айға жұмыс жоспарын құру.
Мүгедек балаларды мектепте оқытуға дайындық диагностикасы.
Балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы.
Балалар дамуының психологиялық картасын құру және толтыру.
Психотүзетулік бағдарламаны құру.
Ата-аналарды психологиялық ағарту.
Ата-аналар жиналысын өткізу.
Есеп беру құжаттамасын ресімдеу.
|
Іскерліктер:
- белгіленген педагогикалық ережелерге педагогикалық үдерістің сәйкестігін бағалау;
- тәрбиелік-білімділік тиімділікті анықтау;
- оқу-тәрбие үдерісінде мұғалім және оқушының қызметін талдау, осы қызметтің спецификалық ерекшеліктерін көру;
- түрлі қызмет үдерісінде ұйымдасқан педагогикалық ықпал етудің әсерімен баланың жеке дара дамуын бағалау;
- педагогикалық зерттеулер әдістерін қолдану, жинақталған материалдың сандық және сапалық талдауы, педагогикалық ұсыныстар және дәлелденген қорытындыларды қалыптастыру;
-ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру
Дағдылар:
- мектепте дене тәрбиесі мұғалімінің жұмысын жоспарлау;
– тиісті құжаттаманы ресімдеу дағдылары;
– ақпарат жинау мақсатында мектептің педагогикалық ұжымы және балалар арасында әңгімелесулер ұйымдастыру технологиясы;
– мәдениетті тәртіп дағдылары;
– сергіту сәттерін ұйымдастыру технологиясы;
– сабақтың психологиялық-педагогикалық талдауын жүзеге асыру дағдылары;
– сыныптан тыс шараларды ұйымдастыру технологиясы
|
БҚ 1-12
КҚ 3.1.1- 3.1.9
|
КП 01.5
|
Байқау практикасына дайындық
-Балалардың жас ерекшеліктерін ескеру.
-Денсаулығында ауытқулары бар тұлғаларды дамыту, денсаулығын нығайту, оңалту. -Аймақ мектептеріндегі түзету дене тәрбиесі мұғалімінің іс-әрекеті жүйесімен таныстыру.
-Сабақ жоспарын құру. Сабаққа талдау схемасы. Талдауға қойылатын талаптар.
-Түзету сыныптары мен мектептерінің мұғалімдері өткізген сабақтарының бейнекөрсетілімін өткізу.
-Жеке ұжымдар мен тұлға мінездемелерін құру жүйесімен танысу.
-Балалар мінездемесін құру алгоритмі. Бала мінездемесіне қойылатын талаптар. Сынып, үйірме мүшелерінің және басқа ұжым балаларының мінездемесінің схемасы. Ұжым мінездемесіне қойылатын талаптар.
-Жоспарлаудың қажеттілігі, міндеттері және түрлері. Күнтізбелік-тақырыптық жоспардың негізгі бөлімдері.
-Түзету дене тәрбиесі мұғалімінің есеп беру құжаттамасы: жұмыс жоспарлары; жұмысы туралы пікірлер; есептер; үйірме қызметінің материалдары; сабақ жоспарлары, түрлі санаттағы балаларға берілетін психологиялық-педагогикалық мінездемелер және т.б.
-Педагогикалық қарым-қатынас спецификасын және ерекшеліктерін оқып үйрену. Педагогикалық қарым-қатынастың жеке тұлғаға хабардар бағыттылығы. Қарым-қатынастың мөлшерлері және ережелері. Коммуникативті ықпалдастықтың амалдары. Педагогикалық қарым-қатынас, оның оптимизациялануы; қақтығыстарды ескерту және шешу; педагогикалық әдеп; топтық қызметті ұйымдастыру; педагогикалық ықпалдастықты жобалау; қарым-қатынас үдерісінде белсенді танымдық және дамытушылық әрекетін ынталандыру.
Педагогикалық портфолио. Портфолио құрылымы. Портфолио құрастыруға қойылатын талаптар. Портфолио құрастыру және материалдарды таңдап алу әдістемесі. Қағаз және электрондық нұсқадағы портфолио.
Педагогикалық шеберлік конкурсының көпфункционалды бағыты. Конкурстың мақсаттары және міндеттері. Өткізу түрлері. Конкурсты өткізу бағдарламасына қойылатын талаптар.
Денсаулығында ауытқулары бар тұлғаларда түзету дене тәрбиесі саласында өз-өзнің білімін арттыру тәсілдерін қалыптастыру іскерліктері
|
Іскерліктер:
- түрлі жастағы топтар үшін сыныптан тыс тәрбиелік дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық шараларды жоба алгоритмі бойынша құрастыру;
- аймақ мектептеріндегі тәрбиелік қызметті талдау жүйесі;
- байқау практикасы бойынша педагогикалық портфолио құру
Дағдылар:
- сабақты және дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстары талдау;
- жеке тұлға және жеке ұжымдарға мінездеме құрастыру;
- түзету дене тәрбиесі мұғалімінің жұмысы бойынша негізгі есеп беру құжаттамасын құрастыру.
|
БҚ 1-12
КҚ 3.1.1- 3.1.9
|
КП 01.6
|
Психологиялық-педагогикалық практика
-Түрлі жас пен жыныстағы мектеп оқушыларының психологиялық ерекшеліктері, сыныптардың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері, психология-педагогикалық құралдар және түзетушілік білім беру мекемесіндегі жұмысты ұйымдастыру мен басқарудың тәсілдері.
-Денсаулығы шектеулі тұлғалардың дене бітімі дамуының сапасы мен қозғалыс іскерліктері дамуының психология-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық, медико-биологиялық заңдылықтары.
-Практиканың жеке бағдарламасын бағдарлы жоспарлау.
-Практиканың жеке бағдарламасын мектеп психологымен бірлесіп жоспарлау және келісу.
-Білім беру ұйымымен танысу.
-Психологиялық қызмет әрекетінің құрылымы және мазмұнымен танысу.
-Бастауыш мектептегі, орта және жоғары буындардағы психолог жұмысымен танысу.
-Оқушылармен алдын-алу және психологиялық-ағартушылық жұмыс жүргізу.
-Ұжымды және дене тәрбиесі және спорт қызметімен айналысатындардың жеке бас ерекшеліктерін зерделеу және алынған мәліметті сабақтарды құру ме жоспарлауда пайдалану.
-Ата-аналармен, педагогикалық ұжыммен психологиялық-ағартушылық жұмыс жүргізу.
-Психологиялық кеңестер өткізуге қатысу.
-Педагог-психологтың сұрауы бойынша жұмыс.
-Есеп құжаттарын ресімдеу.
-Педагогикалық практиканы барлық кезеңдерден өту барысында берілген тапсырмаларды орындауда студент қызметінің өзін-өзі талдауы.
|
Іскерліктер:
- білім беруде практикалық психологтың кәсіптік ұстанымын меңгеру;
- психологиялық-педагогикалық жұмысты жоспарлау (практика мерзіміне күнтізбелік жоспарын құру, түзету бағдарламасының схемасын құру, педагогтар мен оқушылардың ата-аналарына арналған психопрофилактикалық шаралардың конспекттерін (жобалар) құру).
- оқушылардың кәсіптік құзыреттілік деңгейін арттыру;
-психологиялық-педагогикалық қызмет нәтижелерін бағалау;
- білім беру ортасының жағдайын және нақты шарттарын талдау;
- практика нәтижелері бойынша жүргізілген жұмыс және есеп беру бойынша талдау
Дағдылар:
- денсаулықтары шектеулі тұлғалармен психологиялық-педагогикалық жұмысты жоспарлау және тиімді жүзеге асыру;
-оқушыларды психодиагностикалық зерттеу (жеке немесе топтық, сұранысқа сәйкес);
- денсаулық жағдайында ақаулығы бар тұлғаларға психологиялық көмек көрсету бойынша бағдарламаны іске асыру әрекеттері;
- білім беру мекемесінің психологиялық қызметі құжаттарының талаптарына сай психологиялық-педагогикалық құжаттарды ресімдеу
|
БҚ 1-12
КҚ 3.1.1- 3.1.9
|
КП 01.7
|
Диплом алды практикасына дайындық
Құжаттар. Портфолио. Рефлексивті өзін-өзі талдау. Мәселелі-шығармашылық диалог. Іскерлік ойын. Оқушылардың әдістемелік зерттемелерін талдау. Оқушылардың дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық тәрбиелік шаралардың слайдтық презентацияларын және бейнероликтерін талдау. Жеке дара зерттеу тапсырмаларын талқылау. "Портфолионы талдау". Портфолио көрмесі. Байқау практикасы бойынша құжаттамаларды талдау. Байқау практикасының қорытындылары бойынша конференция өткізу. Диплом алдындағы практика бойынша нұсқау семинары. Практика базалары бойынша жіктеу. Құжаттарды толтыру. Диплом алды практикасына дайындық бойынша өзін-өзі талдау.
|
Іскерліктер:
- түлектердің портфолио құруы;
- әдістемелік зерттемелерді құрастыру;
- дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық тәрбиелік шаралардың слайдтық презентацияларын және бейнероликтерін құрастыру
Дағдылар:
-педагогикалық қызметке өзіндік талдау;
- педагогикалық қызметті өзара бағалау;
- оқу құжаттамаларымен жұмыс;
- педагогикалық практика бойынша ғылыми-зерттеу тапсырмаларын орындау
|
БҚ 1-12
КҚ3.1.1- 3.1.9
|
КП 02
|
Таныстыру практикасы
|
КП 02.1
|
Мамандыққа кіріспе
Түзету дене шынықтыру мұғалімінің профессиограммасымен танысу. Мұғалім профессиограммасы негізінде өзін-өзі дамыту бағдарламасын құру. Техника қауіпсіздігін және әдеп мөлшерлерін сақтау. Мұғалімнің іскерлік әдебі. Педагогикалық ықпалдастық түрлері. Жұмыстың негізгі бағыттарының сипаттамасы. Мектеп бойынша экскурсия. Оқу кабинеттері, оларды әдістемелік жабдықтау. Спорттық, гимнастикалық т.б. залдар. Спорт алаңы. Тірек бөлмелері. Оқу және әдістемелік құжаттармен танысу. Түзету дене тәрбиесі мұғалімінің әдістемелік кешені. Материалдарды жүйелеу. Материалдардың компьютерлік базасы, оның түзету дене тәрбиесі мұғалімінің қызметіндегі мәні. Түзету дене тәрбиесі мұғалімінің есеп беру құжаттамасы. Мектептің педагогикалық тәжірибе материалдарымен танысу. Безендіру. Мұғалімдердің тәрбие шараларына қатысуы.
Білім беру мекемесінде сыныптан тыс дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық тәрбиелік жұмыстың ұйымдастырылуымен танысу. Салауатты өмір салтын насихаттау. Салауатты өмір салтын насихаттау бойынша іс-шаралар. Үздік ұстаздардың жұмыс тәжірибесін оқып үйрену; озат педагогикалық тәжірибелермен танысу.
Спорттық секциялардың жұмыс тәжірибесін оқып үйрену, озат педагогикалық тәжірибелермен танысу.
Мектептің тәрбие жұмысы бағдарламаларының нұсқауларын оқып-үйрену. Талдау. Бағдарламаны талдау схемасы. Мектептің тәрбие жұмысының жеке бағдарламасын әзірлеу. Өзіндік және жаңашылдық. Мектептің тәрбие жұмысы бағдарламасын түзету. "Мектептің тәрбие жұмысының бағдарламасы" шығармашылық жобасын дайындау және қорғау.
|
Іскерліктер:
- дене тәрбиесінің кәсіптік талаптарын орындау;
- түрлі типтегі түзетушілік білім беру мекемелерінің тәрбие жұмысын талдау
Дағдылар:
- түзету дене тәрбиесі мұғалімнің тұлғалық өсуінің бағдарламасын құру;
- ұйымдастырушылық қызметіне қабілеттерін анықтау;
- талдамалы және конструктивті ойлау
|
БҚ 1-12
КҚ 3.1.1- 3.1.9
|
КП 03
|
Педагогикалық практика
|
КП 03.1
|
Дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын ұйымдастыру практикасы
-Денсаулығында ауытқулары бар балалар мен жасөспірімдердің танымдық қызығушылықтарын дамыту мақсатында дене шынықтыру-сауықтыру және спорт жұмыстарын ұйымдастыру.
-Салауатты өмір салтына талпынысты қалыптастыру.
-Салауатты өмір салтын насихаттау.
-Денсаулығында ауытқулары бар балалармен және жасөспірімдермен жүргізілетін жеке жұмыс.
-Белгілі бір бағыт бойынша секция жұмысының жоспарын әзірлеу, секция сабақтарының конспектісін құру, түрлі бағыттағы секция сабақтарын өткізу.
-Балалар мен жасөспірімдермен жүргізілетін ұжымдық жұмыс.
-Денсаулығында ауытқулары бар балалармен көпшілік шараларды ұйымдастыру және өткізу.
-Денсаулығында ауытқулары бар тұлғалар өмірінде жағымсыз әлеуметтік құбылыстарды болдырмау бойынша алдын алу жұмыстары.
-Педагогикалық рефлексия.
|
Іскерліктер:
- сауықтыру лагері жағдайларында тәрбие үдерісін ұйымдастыру
-дене шынықтыру-спорт сабақтарында мүгедектерге алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету;
-денсаулығында ауытқулары бар тұлғаларда әлеуметтік мәнді қажеттіліктерді қалыптастыру, іс-әрекетіндегі уәжділік, ұстанымдар, сенімдер сияқты өзін-өзі басқара алатындай, өз ерік-жігеріне өзін тәуелді ете алатындай қасиеттерді қалыптастыру денсаулығында ауытқулары бар тұлғаларда тұлғааралық қарым-қатынас (сыныпта) пен ұжымда қарым-қатынасқа түсе алу тәсілдерін қолдану
Дағдылар:
- денсаулығында ауытқулары бар балалармен және жасөспірімдермен жұмыс жүргізуде түрлі үлгілерді және әдістерді қолдану
-кәсіби қызметте алдыңғы қатарлы озық оқыту мен тәрбиелеудің тәсілдерін қолдану;
-денсаулығында ауытқулары бар балаларға әсер ете алатындай бейнелі эмоционалды сөйлеуді меңгеру.
|
БҚ 1-12
КҚ 3.1.1- 3.1.9
|
КП 03.2
|
Мектептегі байқау практикасы
-Танысу, практика базасын оқып-үйрену.
-Құжаттармен танысу.
-Техника қауіпсіздігімен, бөлмелерде және жұмыс орындарда санитарлық гигиена нормаларымен танысу.
-Түзету дене тәрбиесі мұғалімі жұмысымен танысу.
-Түзету дене тәрбиесі және спорт саласы мұғалімі қызметінің ұйымдастырушылық құрымымен таныстыру
-Түзету дене тәрбиесі мұғалімінің, түрлі бағыттағы спорт секциялары жетекшілерінің жұмысына, топпен сабақ өткізудегі бақылау, секцияның жеке мүшесімен жүргізілетін жұмысты бақылау.
-Түзету дене тәрбиесі мұғаліміне, спорт секциясының жетекшісіне, сабақты дайындауда, өткізуде; спорттық іс-шараларға дайындық барысында көмек көрсету.
-Денсаулығында ауытқулары бар балалардың жас және жыныс ерекшеліктерін, дене шынықтыру-спорттық және спорттық-сауықтыру қызметінің климаттық, аймақтық ерекшеліктерін есепке ала отыра сабақтарды, дене шынықтыру-спорттық сабақтарының басқа түрлерін жоспарлау.
-Дене шынықтыру-спорт сабақтарында мүгедектерге алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету.
-Спортпен шұғылданушылардың жағдайын бақылау, бақылау нәтижелеріне сай дене жүктемелерінің ықпалы және оларды түзету.
|
Іскерліктер:
|