Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары және үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


"Патенттану" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламалары



бет23/141
Дата08.07.2018
өлшемі2,01 Mb.
#48691
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   141

      "Патенттану" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламалары

      Ескерту. 14-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.01.2016 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       Пәндер циклы мен кәсіби практика бойынша білім беру бағдарламасының мазмұны

Циклдың белгілері

Пәндердің, практиканың атауы мен негізгі тараулары

Қалыптасатын білім, ептілік пен дағдылар

Қалыптасатын құзырет коды

ЖББП.00

Жалпы білім беру пәндері

ЖГП.00

Жалпы гуманитарлық пәндер



ЖГП 01

Кәсіптік қазақ (орыс) тілі Фонетика. Лексика. Кәсіби терминдердің дұрыс қолданылуы.. Кәсіби қызметте тілдің айтылу мәдениеттілігі. Тіл этикеті мен кәсіби қатынас. Кәсіби мәтіндерді (сөздікпен) аудару техникасы.

Білімдер:

- морфология мен лексика бөлімдерінің құрылымы және олардың негізгі бірліктерін, қазіргі қазақ, орыс тілдерінің сөз таптары және жалпы сипаттамасын біледі;



Іскерліктер:

- анықтамалық лингвистикалық әдебиетті қолданадады және одан қажетті нақты ақпаратты ала алады.



БҚ 6

ЖГП 02

Кәсіптік шет тілі

Оқу: жалпы мәтін мазмұнын оқу, кәсіби бағыттағы мәтіндерді аудару (сөздікпен) техникасы. Кәсіби қарым-қатынас; мамандық бойынша іскерлік тіл негіздері. Кәсіби лексика. Әлеуметтік іс маманы тіліндегі лексикалық бірліктердің қолданысы. Интернационалдық лексика.



Білімдер:

- фонетиканы: тіл жүйесіндегі әріп тіркестері мен алфавиттегі әріптердің дұрыс айтылуы және негізгі оқу ережелері мен сөзжасам моделін, терминдерін және лексикалық құрылымын біледі;



Іскерліктер:

- белгілі жылдамдықпен дұрыс және мәнерлеп, дауыстап оқи алады;

- жағдаятқа сәйкес ретті және Логикады ойын жеткізеді;

- жауапты сөздерді, шақыруларды, бұйрықтарды, өтініштерді, лепті үндерді, сұрақтарды қою арқылы әңгімелей алады.



БҚ 6

ӘЭП 00

Әлеуметтік-экономикалық пәндер

ӘЭП 05

Логика

Логиканың пәні және әдістері. Логиканың даму тарихы. Логика пәнінің заңгерлер үшін маңыздылығы.

Логиканың негізгі категориялары: ұғымы, пікір, ойқорытындысы. Ұғымның мәні және оның түрлері. Ұғыммен жүргізілетін негізгі операциялар. Ұғымды бөлу, қорытындылау, шектеу. Ұғымды анықтау. Пікірдің түсінігі. Ойқорытындылау және оның түрлері. Логиканың негізгі заңдары. Гипотеза. Дедукция. Индукция.


Білімдер:

- қисын пәні мен оның маңызын, даму тарихын біледі;

- логика пәнінің заңгерлер үшін маңыздылығын біледі;

- логиканың негізгі категорияларын: ұғым, пікір, ойқорытындысын біледі;



Іскерліктер:

- шектеу, қорытындылау, бөлу, анықтау түсініктермен негізгі операцияларды жүргізеді;

- ойқорытындысын жасай алады;

- логиканың негізгі заңдарын қолданады.



БҚ5

БҚ 6


ЖКП 00

Жалпы кәсіптік пәндер

ЖКП 01

Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының тарихы

Мемлекет пен құқық теориясының пәні және әдістері. Мемлекет ұғымына түсінік, оның пайда болу себептері. Басқару тұрпаты және мемлекеттік аймақтық құрылыс тұрпаты және мемлекеттік-саяси режим. Мемлекеттің қызмет ету бағыттары және-механизмі. Құқықтық мемлекет, оның негізгі ерекшелік белгілері. Құқық ұғымы, оның мәні мен мағынасы. Құқық нысандары, олардың құрылымы. Нормативтік -құқықтық актілер, оларды жүйелеу. Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқық. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет. Жеке адам, құқық, мемлекет. Қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу механизмі. Қазіргі қоғамдағы заңдылық және құқықтық тәртіп.



Білімдер:

- мемлекет пен құқық теориясының негізгі терминдерінің жалпы сипаттамасын біледі;

- мемлекет пен құқықтың пайда болу заңдылықтарын біледі;

- құқық нормаларың түсінігі және оның элементтерін біледі;

- заңға сыйымды тәртіп түсінігіне және құқық бұзушылықты жою жолдарына бағдар береді;

Іскерліктер:

- құқықтық қатынастарын негізгі белгілерін анықтайды;

- құқықты жүзеге асыру нысандары мен әдістерін қолданады;

- басқару, құрылым және саяси режим нысандарын ажыратады;

- заңи терминдерді қолданады;

- құқық салаларын ажырата алады;

- заңдар мен заңға тәуелді актілерді ажырата алады.


БҚ 6

ЖКП 02

Конституциялық құқық

Азаматтықтың құқықтық негіздері. Қазақстан Республикасы Президентінің мәртебесі мен құзыреті. Қазақстан Республикасы Парламентінің мәртебесі мен құзыреттілігі. Заң шығару процесі. Қазақстан Республикасы Үкіметтің мәртебесі мен құзыреті. ҚР Конституциялық Кеңесінің мәртебесі. Қазақстан Республикасының сот жүйесі.



Білімдер:

- конституциялық құқық жүйесін біледі;

- конституциялық құқықтың негізгі институттарын ажыратады;

Іскерліктер:

- құқықтық қатынастар субьектілерінің құқықтары мен міндеттерін белгілейді.



БҚ 6

ЖКП 03

Әкімшілік құқық

Мемлекеттік басқару ұғымы, әдісі және басқару нысаны. Басқару актілері. Мемлекеттік қызмет түсінігі және оның қағидалары. Әкімшілік іс жүргізу, оның сатылары. Әкімшілік құқық бұзушылық және жауаптылық. Әкімшілік құқықтық санкциялар. Әкімшілік жаза қолдану.



Білімдер:

- әкімшілік іс жүргізудің субьектілерін, қағидаларын, түсінігін, әкімшілік жауапкершіліктің негізгі белгілерін, әкімшілік құқық бұзушылық және оның құрамын біледі;



Іскерліктер:

- әкімшілік құжаттарды құрастырады.



БҚ 6

КҚ 7


ЖКП 04

Еңбек құқығы

Еңбек құқығының пәні және қайнар көздері. Халықты жұмыспен қамтуды құқықтық реттеу.

Ұжымдық шарттар мен келісімдерді жасасу тәртібі.

Кәсіптік одақтар. Еңбек шартының мазмұны және оны жасасу тәртібі. Жұмыс уақыты және тынығу уақыты. Еңбекке ақы төлеу, өтемақы төлемдері мен кепілдіктер. Еңбек тәртібі. Еңбек және ұжымдық шарт тараптарының материалдық жауапкершілігі. Әлеуметтік қорғаудың түсінігі және түрлері.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының құқықтық жағдайы. Азаматтардың жекелеген санаттарын зейнетақымен қамсыздандыру ерекшеліктері. Жәрдемақылардың ұғымы мен түрлері.


Білімдер:

- еңбек құқығының жүйесін, принциптерін, әдістерін және еңбек құқық қатынастарының мазмұнын біледі;

- еңбек және ұжымдық дауларды шешу тәртібін біледі;

- азаматтардың жекелеген санаттарына зейнетақыны тағайындау және төлеу тәртәбән біледі.



Іскерліктер:

- еңбек және ұжымдық шарттардың жобасын құрастырады;

- материалдық залалды өтеу тәртібін біледі;

- мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды есептейді.



БҚ 1

БҚ 3


БҚ 6

ЖКП 05

Қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу құқығы

Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығының түсінігі, міндеттері және жүйесі. Қылмыстық құқықтың принциптері мен қайнар көздері. Қылмыстық заң, оның кеңістіктегі және мезгілдегі күші. Қылмыс және қылмыс құрамы. Қасақана қылмыс істеу сатылары және оның ұғымы. Қылмыстардың көптігі. Жазаның жүйелері және түрлері. Жаза тағайындау. Қылмыстық жауаптылықтан босату.

Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі. Іс жүргізу әрекеттерінің жүйесі. Қылмыстық процесске қатысушылар. Қылмыстық іс қозғау тәртібі. Сотта іс жүргізу. Үкім. Үкімге шағым және наразылық білдіру тәртібі.


Білімдер:

- қылмыстық құқықтың міндеттерін, жүйесін, принциптерін және қайнар көздерін біледі;

- қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату түрлерін біледі;

- қылмыстық іс бойынша іс жүргізу тәртібін біледі;

- қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігін, жүйесін, принциптерін және қайнар көздерін біледі.

Іскерліктер:

- қылмыс құрамының элементтерін ажыратады;

- жазаның жүйесін және жазаның түрлерін ашады;

- соттылық түсінігін сипаттай алады;

- жазалау шараларын анықтайды;

- қылмыстың түрлерін ажыратады;

- нормативтік құқықтық актімен жұмыс істейді;

- қылмыстық процесске қатысушыларды анықтайды.



БҚ 6

КҚ 7


ЖКП 06

Қаржы және салық құқығының негіздері

Мемлекеттің қаржы және қаржылық қызметі. Қаржы құқығының түсінігі, пәні және жүйесі. Қаржылық құқыққатынастар, олардың субъектілері. Мемлекеттің қаржы жүйесі. Ақша айналымы және валюталық реттеу. Бюджет және бюджеттік жүйе, бюджеттік құрылым және оның тәртібі. Мемлекетік кіріс және шығыс. Мемлекеттің салық қызметі. ҚР салық жүйесі. Мемлекеттік салық түсінігі, оның белгілері. Салық органдары, олардың жүйесі мен қызметі. Салық органдары қызметінің мәртебесі. Салық төлеушінің мәртебесі. Салық саласын басқару және салықтарды жоспарлау. Салық міндеттемесі және оның мазмұны. Салыққа әкімшілік жүргізу және оның түрлері. Салық салу саласындағы жауапкершілік. Салық дауларын шешу мерзімі мен тәртібі.



Білімдер:

- мемлекеттің қаржы және қаржылық қызметін, әдістері және функцияларын біледі;

- мемлекеттік қаржыны қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастырудың әдістерін айыра алады;

- бюджеттік жүйенің негізгі қағидаларын, маңызын, түсінігін біледі;

- салық элементтерінің түсінігін, белгілерін, функцияларын, салық элементтерін, салық салу қағидалары мен олардың әдістерін біледі;



Іскерліктер:

- ақша айналымын ұйымдастыру тәртібін реттейді;

- қаржылық бақылау және қаржылық жоспарлау саласын басқару, қаржы құрылысын игереді;

- бюджетке дәрежесіне байланысты кірістің түсуінің міндеттілігі мен кепілділігін айыра алады;

- салық төлеушілер мен салық органдарының мәртебесін айыра алады;

- салықтың түрлерін, төлем және төлемдерді айырады;

- нормативтік-құқықтық актілермен жұмыс істейді, салықтарды есептейді.


БҚ 3

БҚ 6


ЖКП 07

Кадрлық менеджмент

Менеджмент мәні, оның жалпы басқару теориясындағы орны. Ұйым менеджмент объектісі ретінде. Қазіргі ұйым ресурстарының топтастырылуы: материалдық, адам, инвестициялық және ақпараттық. Ұйымның сыртқы ортасы және ішкі құрылымы. Менеджменттің принциптері және функциялары. Мотивация және қажеттілік. Бақылаудың принциптері мен түрлері. Менеджер кәсібі: стиль және имидж. Басшы және қосбасшы. Коммуникациялық процесстер менеджменті. Жанжалдар.



Білімдер:

- менеджмент мәнін біледі;

- ұжымдағы жанжал түрлерін біледі;

Іскерліктер:

- менеджменттің принциптері мен функцияларын меңгереді;

- ұйымның мотивациясы мен қажеттілігін ажыратады;

- шешімді қабылдау моделдерін талдайды;

- ұжымның психологиялық ахуалын анықтайды;

- ұжымдағы жанжал жағдайларын шешеді.



БҚ 3 БҚ 6

ЖКП 08

Маркетинг негіздері

Маркетинг ұғымы және оның әлеуметтік негізі. Маркетингті басқару. Халықаралық деңгейдегі кәсіпкерлік саласында және коммерциялық емес қызметтегі маркетинг концепциясы.

Маркетинг кешенін дайындау: нарық мүмкіндіктерін талдау, жаңа нарық түрлерін анықтау, маркетингтік шаралар. Маркетинг қызметін және маркетингтік бақылауды ұйымдастыру жүйесі. Маркетинг ортасы. Тауарды дайындау: тауарлар, тауар маркілері, орауы, қызмет түрлері. Баға белгілеу және нарық. Халықаралық маркетинг және оның ортасы.


Білімдер:

- маркекетинг ұғымын және оның әлеуметтік негізін біледі;

- маркетинг концепциясын біледі;

- маркетинг қызметі және маркетинг бақылауын ұйымдастыру жүйесін біледі;

- баға белгілеуді, нарықты және тауарларды тарату әдістерін біледі;

Іскерліктер:

- маркетинг кешенін ажыратады;

- маркетинг ортасын анықтайды;

- тауарларды дайындауды меңгереді;

- халықаралық маркетинг мәні мен оның ортасын аша алады.


БҚ 3 БҚ 6

ЖКП 09

Іскерлік қатынастардың этикасы мен психологиясы.

Этика оқу пәні ретінде және оның жүйесі. Әлеуметтік мекеме қызметкерлерінің құқықтық мәдениеті. Іскерлік қатынастардың этико-психологиялық негіздері. Маманның құқықтық мәдениеті.



Білімдер:

- қызмет этикасының ерекшелігін, басқару стилдерін біледі;



Іскерліктер:

- көпшілік алдында сөз сөйлеу құрылымын әзірлей алады;

- ұжымдағы әлеуметтік -психологиялық ахуалын меңгереді.



БҚ 6

БҚ 7


ЖКП 10

Құқықтық ақпаратты автоматтандырып өңдеу

Информациялық қоғам және информациялық мәдениет туралы түсінік. Операциялық жүйелер. MS Windows операциялық жүйесі. Файлдық жүйеге амалдар қолдану. Компьютерлік желілер. Интернет. Ақпаратты MS WORD текстттік процессоры көмегімен өңдеу. Электрондық кестелерді есептерді шешу мақсатында пайдалану. Іс жүргізуді автоматтандыру құралдары.



Білімдер:

- кәсіпорынның жұмысын ұйымдастыру барысында ДК маңызы мен орнын біледі;



Іскерліктер:

- ақпаратты өңдеу әдістерін және іс жүргізуді автоматтандыру құралдарын қолданады.



БҚ 1

БҚ 4


БҚ 5

БҚ 6


ЖКП 11

Мемлекеттік тілде іс жүргізу

Мемлекеттік іс жүргізу және іскерлік корреспонденцияны ұйымдастыру. Құжат түрлері және оларды жіктеу. Іс қағаздарының тілі мен стилі. Жеке құрам құжаттары. Ақпараттық-анықтамалық құжаттар. Құжаттарды тіркеуге және есепке алу. Мекеме қызметін құжатпен қамтамасыз етуге компьютерді пайдалану.



Білімдер:

- іс жүргізу және коррсепонденция туралы түсінікті біледі;

- құжат туралы түсінікті, олардың қызмет түрлеріне қарай бөле алады;

Іскерліктер:

- қызмет құжаттарының тілі мен стилінің түсінігін меңгереді.



БҚ 6

КҚ 8


АП 00

Арнайы пәндер

АП 01

Азаматтық құқық

Азаматтық құқық пәні, жүйесі, әдістері және қайнар көздері. Азаматтық заңдардың уақыт, кеңістікте және тұлғалар арасында қолданылуы. Азаматтық құқықтық қатынастар. Азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері және субъектілері. Мәмілелер туралы ұғым, түрлері, мәміле жасаудың нысаны мен шарттары. Мәміленің жарамсыздығы. Өкілдік және сенімхат. Сенімхат нысаны, тәртібі, мерзімі. Сенім ауысуы. Мерзімдерді есептеу және талап қою мерзімі. Міндеттемелік құқық. Міндеттемелердің орындалуы. Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету. Конкурстық міндеттемелер. Интеллектуалдық меншік құқығы. Авторлық және сабақтастық құқықтар. Мұрагерлік құқық. Отбасы құқығының ұғымы, мәні, жүйесі, әдістері. Неке. Некеге тұру. Некені тоқтату, оның жарамсыздығы. Ерлі-зайыптылардың құқықтық қатынастары: жеке және мүліктік құқық. Отбасы. Баланың туу тегін белгілеу. Ата-аналармен балалардың құқықтық қатынастары. Ата-ана құқықтарынан айыру және оларды шектеу. Бала (ұл немесе қыз) асырап алу. Қорғаншылық және қамқоршылық. Қорғаншылық пен қамқоршылықты белгілеудің құқықтық тәртібі. Патронат. Алименттік міндеттемелер. Азаматтық хал актілері.



Білімдер:

- міндеттеменің пайда болу ұғымын, түрлерін және негіздерін біледі;

- азаматтық құқық субъектілері мен объектілері ұғымын біледі;

- мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен игіліктерді біледі;

- отбасы құқығының ұғымы, пәні, әдістері және принциптерін біледі;

- некеге тұру тәртібі мен шарттарын сипаттайды;

- ата-аналармен балалардың, ерлі-зайыптылардың құқықтық қатынастарын біледі.

Іскерліктер:

- заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарын құрастырады;

- коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғаның ұйымдастыру құқықтық нысанын ажыратады;

- мәміленің түрлерін, олардың жарамдылығы мен жарамсыздығын ажытады;

- меншік құқығы мазмұнын, пайда болу және тоқтату негіздерін айқындайды;

- міндеттемелердің жекелеген түрлерін құрастырады;

- мұрагерлік негізін, заң бойынша мұрагерлік кезегін белгілейді.

- ата-ана құқықтарынан айыру және оларды шектеу негіздерін белгілейді;

- некеге тұру, тоқтату және оның жарамсыздығы туралы арызды құрастырады;

- нормативтің құқықтық актілермен жұмыс істейді;

- алимент мөлшерін анықтайды.


БҚ 2

БҚ 6


КҚ 1

КҚ 2


КҚ 5

КҚ 8


АП 02

Азаматтық іс жүргізу құқығы

Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні, қағидалары және қайнар көздері. Азаматтық сот өндірісінің түсінігі, міндеттері мен оның түрлері. Азаматтық іс жүргізу құқықық қатынастары және олардың субъектілері. Азаматтық іс жүргізу құқығының қатысушылары.

Азаматтық істердің ведомстволық бағыныстылығы және соттылығы. Сот өкілдігі. Талап мерзімнің түсінігі, маңызы, түрлері. Сот шығындары. Талап қою құқығы және талап беру тәртібі. Талап арыз. Бірінші сатыдағы сот өндірісі. Азаматтық істі қо?ғау және оны сотта қарау. Сотта іс қарау. Заңды күшіне енбеген сот қаулылырына шағым және наразылық білдіру.


Білімдер:

- азаматтық сот өндірісінің түрлері мен сатыларын белгілейді;

- соттың құрамын анықтайды;

- соттылық және ведомстволық бағыныстылықтың ұғымына түсінік береді;

- сот дәлелдеу және дәлелдемелерінің мәнін біледі;

Іскерліктер:

- үшінші жақтарды және олардың құқықтық жағдайын айқындау;

- сот шығындарын есептейді;

- талап арыз элементтері мен түрлерін белгілейді;

- талап арыз құрастырады;

- сотта істі қарау бөлімдерін ажыратады;

- сот отырысы хаттамасын құрастырады;

- нормативтік актілермен жұмыс істейді;

- процессуалдық құжаттарды құрастырады.


БҚ 2

БҚ 6


КҚ 1

КҚ 2


КҚ 5

КҚ 7


КҚ 8

АП 03

Патенттік құқық

Патенттік құқықтың пәні, әдістері және жүйесі. Патенттік құқықтың қайнар көздері. Өнеркәсіп меншігі. Өнер табу ісін, пайдалы модельді, өнеркәсіп үлгілерін және интеллектуалдық меншіктің өзге де объектілерін құқықтық қорғау. Патентке түсінік және оның түрлері. Патенттік сараптама. Өнеркәсіп меншігі объектілерінің патент қабілеттілігі. Өнер табыстың патент қабілеттілігінің шарттары. Пайдалы модель үлгісінің патенттік қабілеттілігінің шарттары. Өнеркәсіп үлгісінің патент қабілеттілігінің шарттары. Өнеркәсіп меншігі құқығының субъектілері. Патент иегері, оның құқықтары мен міндеттері. Өнеркәсіп үлгілерін, пайдалы модельді, өнертабысты пайдалануға беретін ерекше құқық. Патенттің іс-әрекеті. Патент иегерлерінің құқықтарын қорғау.



Білімдер:

- өнеркәсіп меншігі ұғымын біледі;

- өнеркәсіп меншігі құқығының субъектілерін біледі;

- патенттік құқықтың негіздерін біледі;



Іскерліктер:

- патент түрлерін анықтайды;

- патенттік сараптамалардың сатыларын белгілейді;

- патенттік қабілеттілігінің шарттарын анықтайды;

- патенттік өтінімдерді құрастыра алады;

- патенттік сараптамаға арналған құжаттарды құрастырады;

- патент беруге өтінім құрастырады.


БҚ 2

БҚ 5


БҚ 8

КҚ 1


КҚ 2

КҚ 4


КҚ 9

АП 04

Патенттік қызметті ұйымдастыру

Қазақстан Республикасындағы патенттік қызмет. Қазақстан Республикасындағы патенттік қызметтің пайда болуы қалыптасу кезеңдері. Патенттік қызмет әрекеттерінің құқықтық негіздері. Патенттік қызмет органдарының міндеттері мен функциялары. Қазпатент - өнеркәсіп объектілерін қорғау саласындағы мемлекет монополиясын қамтамасыз ететін мемлекеттік патенттік ұйым. Қазпатенттің құқық тары мен міндеттері. Әділет министрлігі - Қазпатент меншік құқығының өкілетті органы. Патенттік сенім білдіретін өкілдер қызметі және оның міндеттері.



Білімдер:

- Қазақстан Республикасындағы патенттік қызметтің қалыптасу кезеңдерін беледі;

- патенттік қызмет органдарын біледі;

- патенттік сенім білдіретін өкілдер қызметінің міндеттерін біледі;

- Қазақпатенттің құрамын біледі;

- патентік қызметтің міндеттері мен функцияларын білнді;



Іскерліктер:

- патенттік сенім білдіретін өкілдер қызметіні құқықтық мәртебесін анықтайды;

- патенттік қызмет органдарының функцияларын ажырата алады;

- патент қызметінің түрлерін белгілей алады.



БҚ 2

БҚ 5


БҚ 8

КҚ 1


КҚ 2

КҚ 4


КҚ 5

КҚ 9


АП 05

Интеллектуалдық меншік құқығы

Интеллектуалды меншік құқығына түсінік және оның объектілері. Интеллектуалды меншік объектілеріне берілетін жеке мүліктік және мүліктік емес құқықтар. Интеллектуалды меншік объектілеріне берілетін айрықша құқықтар. Авторлық құқық және сабақтас құқық. Авторлық құқық және сабақтас құқықтың объектілері. Осы құқықтар субъектілерінің құқықтарын реттеу. Өнеркәсіп меншігі. Өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге құқық. Селекциялық жетістіктерге құқық. Интегралдық микросызбалар топологиясына құқық. Ашылмаған ақпаратты заңсыз пайдаланудан қорғау құқығы. Азаматтық айналымға, тауар мен қызмет көрсетуге қатысатындардың дараландыру құралдары.



Білімдер:

- патенттік құқықтың қайнар көздерін біледі;

- интеллектуалдық меншік объектілерінің ерекшеліктерін беледі;

- азаматтық айналымға, тауар мен қызмет көрсетуге қатысатын дараландыру құралдарын біледі.



Іскерліктер:

- интеллектуалдық меншік объектілерінің түрлерін анықтайды:

- жай және айрықша лицензияларды ажырата алады;

- интеллектуалды меншік объектілеріне берілетін жеке мүліктік және мүліктік емес құқықтарды белгілейді;

- лицензияны құрастырады.


БҚ 2

БҚ 5


БҚ 8

КҚ 1


КҚ 2

КҚ 4


КҚ 5

КҚ 7


КҚ 9

АП 06

Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың негіздері

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау – азаматтық құқықтарды қорғаудың түрлері. Тұтынушы және оның құқықтары. Тұтынушылардың құқығын бұзушылығына түсінік және оның түрлері. Арам ниетті бәсеке. Жалған ақпарат беру. Белгілі бір құпия мәліметті (нау-хау) құқық иегерінің рұқсатынсыз жариялау. Интеллектуалдық меншік құқығының объектілерін заңсыз пайдалану. Тұтынушылардың құқығын қорғау нысандары. Тұтынушылардың құқықтарын сот тәртібімен қорғау.

Тұтынушылардың бұзылған құқығын қорғау туралы сот талаптары.

Талаптардың соттылығы және тұтынушының бұзылған құқықтарын қорғау туралы істерді қарау ерекшеліктері. Тұтынушының бұзылған құқықтарын қалпына келтіру туралы сот қаулыларын орындау тәртібі. Айыппұл – тұтынушы құқығын бұзғандығы үшін жауаптылықтың негізгі түрі ретінде.



Білімдер:

- тұтынушылардың құқығын қорғау заңдарын біледі;

- тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы негізгі түсініктерді біледі;

- арам ниетті бәсекеге түсінік біледі;

- тұтынушылардың құқықтарын сот тәртібімен қорғауды біледі;

Іскерліктер:

- тұтынушылардың құқығын қорғау түрлерін және нысандарын белгілейді;

- талаптардың соттылығын ажырата алады;

- тұтынушының бұзылған құқықтарын қалпына келтіру туралы талап арыздарды құрастырады;

- жауапкершіліктің түрлерін ажыратады;

- құжаттардың бланкілерін құрастырады;

- тұтынушылардың құқытарын қорғаудың құқықтық негіздерін біледі.


БҚ 2

БҚ 6


БҚ 8

КҚ 1


КҚ 2

КҚ 7


КҚ 9

АП 07

Патенттік өндіріс

Патент: патент, алдын ала берілетін патент. Патенттік сараптама. Өнеркәсіп меншігі объектілерінің патент қабілеттілігі. Патентке құқық. Патент алу. Өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге, интеллектуалдық меншік құқығының өзге объектілеріне патент беру туралы өтінім беру. Өтінім берудің құрамы. Өнертабыстың, пайдалы модельдің, өнеркәсіптік үлгілердің басымдылығы. Өтінімдерді сараптау. Патент туралы мәліметтерді жариялау. Өнертабысты, пайдалы модельду, өнеркәсіптік үлгіне және интеллектуалдық меншік құқығының өзге де объектілерін тіркеу және оларға патент беру. Патенттік баж.



Білімдер:

- патент қабілеттілігінің шарттарын біледі;

- патент түрлерін біледі;

Іскерлік:

- патент беру құқығын анықтайды;

- патент беру туралы өтінім түрлерін ажыратады;

- патент беру туралы өтінім құрамын анықтайды;

- патент беру өтініміне сараптама жүргізе алады;

- баспаға патент туралы мәліметтерді құрастырады;

- патент алу құқығын тіркей алады;

- патенттік бажды есептейді;

- патент беру құжаттарын құрастырады және толтырады.



БҚ 2

БҚ 4


БҚ 6

БҚ 8


КҚ 3

КҚ 4


КҚ 6

КҚ 8


КҚ 9

АП 08

Кәсіпкерлік құқық

Кәсіпкерлік және шаруашылық қызметке түсінік. Кәсіпкерлік құқықтың түсінігі, жүйесі, принциптері. Кәсіпкерлік шарттардың түсінігі және түрлері. Кәсіпкерлік құқықтық қатынастардың субъектілері мен обьектілері. Банкроттық. Кәсіпкерлердің мүліктік құқығы мен мүддесін қорғау. Кәсіпкерлің қызметті антимонополиялық реттеу. Стандартизация және сертификацияны жүзеге асыратын органдар жүйелері, олардың құзыреті. Сыртқыэкономикалық қызмет.



Білімдер:

- кәсіпкерлің құқықтың түсінігін, пәнін, әдістерін, жүйесін біледі;

- кәсіпкерлік шарт түрлерін біледі;

- антимонополиялық заңдарды біледі.



Іскерліктер:

- кәсіпкерлік шарттар түрлерін құрастырады;

- нормативтік құқықтық актілерді қолданады.


БҚ 3

БҚ 6


КҚ 7

АП 09

Рационализаторлар мен өнертапқыштардың құқықтық мәртебесі

Өнертабыс және рационализаторлық ұсыныстың түсінігі және сипаттамасы. Авторлық және қосалқы авторлық құқық. Авторлық құқықтың субъектілері: рационализаторлар және өнертапқыштар. Рационализаторлар және өнертапқыштарға берілетін жеке мүліктік және мүліктік емес құқықтар. Рационализаторлар және өнертапқыштарға берілетін айрықша құқықтар. Рационализаторлар және өнертапқыштардың қоғамы, олардың қызметі.



Білімдер:

- өнертабыстың патент қабілеттік (қорғау қабілеттілік) өлшемін біледі;

- рационализаторлық ұсыныстар мен өнертабысты құқықтық қорғау ерекшелігін біледі;

- патент түрлерін біледі;



Іскерліктер:

- рационализаторлық ұсынысты қолдану фактісінің құқықтық маңызын анықтайды;

- өнертапқыш және рационалды ұсынымдарды қорғау нысанын анықтайды;

- рационализаторлар мен өнертапқыштардың құқығын қорғауды анықтайды;

- құжаттарды құрастырады және толтырады.


БҚ 2

БҚ 6


КҚ 1

КҚ 2


КҚ 4

КҚ 5


КҚ 9

АП 10

Патенттік сенімді өкілдерінің құқықтық жағдайы

Патентке сенім білдіру өкілдерін мемлекеттік тіркеуге алу. Патенттік өкілдік. Қазақстан Республикасының патент беру өкілдерінің құқықтық мәртебесі. Патентке сенім беру өкілінің өкілеттіктері. Патентке сенім беру өкілдерінің нысандары және шарттық негіздері. Еңбекке ақы төлеу. Патентке сенім беру өкілдерінің жауапкершілігі. Патентке сенім беру өкілдерінің қызметін аттестаттау және тіркеу тәртібі. Патентке сенім беру өкілдерінің қызметінің тәжірибесі.



Білімдер:

- патенттік өндіріске қатысушыларды біледі;

- патентке сенім білдіру өкілдерінің қызметінің нысанын біледі;

- патентке сенім беру өкілінің құқықтық мәртебесін біледі;

- патентке сенім беру өкілдерінің халықаралық ұйымдарын біледі;

Іскерліктер:

- патентке сенім беру өкілдерінің қызмет нысандарын ажыратады;

- патентке сенім беру өкілін аттестациялау тәртібін анықтайды.


БҚ 2

БҚ 6


КҚ 1

КҚ 2


КҚ 4

КҚ 5


КП 00

Кәсіптік практика

КП 01

Кәсіптік практика

Іскерліктер:

- патентке құқықтық анықтайды;

- патент беру өтініміне сараптама жүргізеді;

- басылымға патент туралы мәліметтерді құрастырады;

- патентке құқықты тіркейді;

- патенттік бажды есептейді;

- патент беруге құжаттарды құрастырады және толтырады;

- патенттік өтінімдерді құрастыра алады;

- патенттік сараптамаға құжаттарды құрастырады.

Дағдылар:

Ресімдеу, есеп беру, патенттік материалдарды, рационализаторлық ұсынымдар мен зерттеулерді, куәліктер мен авторлық куәліктерді беруді жүйелеу тәртібін жүргізеді.



КҚ 1

КҚ 2


КҚ 3

КҚ 4


КҚ 5

КҚ 6


КҚ 7

КҚ 8


КҚ 9


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   141




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет