Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары және үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы



бет42/141
Дата08.07.2018
өлшемі2,01 Mb.
#48691
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   141

      Ескерту: ЖБП– Жалпы білім беретін пәндер; ЖГП– Жалпы гуманитарлық пәндер; ӘЭП - Әлеуметтік-экономикалық пәндер; ЖКП – Жалпы кәсіптік пәндер; АП – арнайы пәндер; БҰАП – жұмыс берушілердің талаптары бойынша білім беру ұйымдары анықтайтын пәндер; ӨО – өндірістік оқыту; КП – кәсіптік практика; АА – аралық аттестаттау; ҚА – қорытынды аттестаттау; КДДБ – кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілік беру; К – консультация; Ф – факультативтік сабақтар.

      ТжКБ-ның МЖМБС-на сәйкес пәндердің тізімі үлгілік оқу жоспарында орындауға міндетті болып табылады. Бақылау нысандары (курстық жұмыстар, бақылау жұмыстары, емтихандар), пәнді оқыту тәртібі үлгі болып табылады және оқыту нысанына, мамандықтардың ерекшеліктеріне, жергілікті және басқа да жағдайларға (жайлар) қарай, о.і. жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес өзгертілуі мүмкін.

      *Білім беру ұйымы анықтайтын пәндерге арналған сағат көлемі жалпы кәсіптік және арнайы пәндер циклдарының сағат көлемін (25% дейін) қысқарту есебінен ұлғайтылуы мүмкін.

      **Қорытынды аттестаттауға ұсынылатын нысандар: пәндер бойынша кешенді емтихан АП 05, 14, 15

      Өндірістік жабдықтар және техникалық оқыту құралдарының тізімі шамамен тиісті біліктіліктің пәндері бойынша білім беру бағдарламаларының мазмұнына қарай анықталады.

      Нақты оқу орнын жабдықтау үшін оқу-өндірістік жабдықтар және техникалық оқыту құралдарының тізімі жұмыс оқу бағдарламаларын есепке ала отырып, кадрлар даярланатын серіктес кәсіпорынмен бірлесіп анықталады. Бұл ретте саланың даму келешектерін есепке алғанда, IT-технологиялар, 3D-технологиялар, АКТ, қашықтықтық, модульдік, дуалдық, кредиттік оқытуды ескеру ұсынылады.



 

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 15 маусымдағы
№ 384 бұйрығына 28-қосымша

      "Әртіс орындаушы, концерттік бағдарламалардың дыбыс операторы" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламалары

      Ескерту. 28-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.01.2016 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       Пәндер циклдері және кәсіптік практика бойынша білім беру оқу бағдарламасының мазмұны (орта буын маманы)

Цикл (пәндер) индексы

Пәннің, практиканың атауы мен негізгі бөлімдері

Қалыптасатын білімдер,іскерліктер мен дағдылар

Қалыптасатын құзыреттер коды

ЖБП. 00

Жалпы білім беретін пәндер

ЖГП. 00

Жалпы гуманитарлық пәндер

ЖГП 01

Кәсіптік қазақ (орыс) тілі

Мамандықтары бойынша кәсіби қарым- қатынас жасау үшін қажетті лексика- грамматикалық материалдар (1200-1400 лексикалық бірлік); кәсіпке байланысты мәтіндерді аудару техникасы; кәсіби қарым- қатынас.



Білімдер:

кәсіби терминологияны;

қазақ (орыс) тілі жүйесін және қарым-қатынас жасау тілдік құралдарының ережелерін.

Іскерліктер:

аударма жасау техникасын білу;

сөздіксіз ауызша және жазбаша бағдарламалық тілдік материал аясында аударма жасау.


БҚ 6

КҚ 3.1.9


ЖГП 02

Кәсіптік шетел тілі

Мамандықтары бойынша кәсіби қарым- қатынас жасау үшін қажетті лексика- грамматикалық материалдар (1200-1400 лексикалық бірлік); кәсіпке байланысты мәтіндерді аудару техникасы; кәсіби қарым- қатынас.



Білімдер:

кәсіби териминологияны;

шет тілінің жүйесін және қарым-қатынас жасау тілдік құралдарын пайдалану ережелерін.

Іскерліктер:

аударма жасау техникасын меңгерген;

аудармасыз, ауызша және жазбаша бағдарламалық тілдік материал аясында аударма жасау.


БҚ 6

КҚ 3.1.9


ЖГП 03

Дене тәрбиесі (ырғақ)

Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы дене тәрбиесінің ролі.

Тұлғаның дене тәрбиесі және жан-жақты дамуының негіздері. Кәсіби қолданбалы дене тәрбиесі.

Қимыл үйлестігін, болашақ кәсіби артистік қызметке қажетті дене мүшесінің икемдігі мен дене мүсінінің сұлулығын қалыптастыруға арналған ырғақтық гимнастика сабағы.



Білімдер:

дене тәрбиесінің адамның жалпы мәдени, кәсіби және әлеуметтік дамуындағы рөлі жайлы;

салауатты өмір салтының негіздерін;

Іскерліктер:

дене тәрбиесі және сауықтыру қызметті денсаулықты нығайту, өмірлік және кәсіби мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдалану.



БҚ 12

КҚ 3.1.10



ӘЭП 00

Әлеуметтік-экономикалық пәндер

ӘЭП 01

Мәдениеттану

Мәдениеттану және оның қоғам өміріндегі ролі. Мәдениет теориясы. Мәдениеттің қалыптасуы мен дамуы. Мәдениет туралы көне және орта ғасырлық түсінік. Ренессанс кезеңіндегі мәдениет. Капитализм құндылығындағы жүйелер;

Өз халқының мәдени- тарихи құндылықтарын тану, ұлттардың жалпы адамзаттық мәдениетке жетуі. Қазақстан мәдениетінің даму кезеңдері. Орта ғасырдағы Қазақстан халықтарының мәдениеті, оның салт-дәстүрі халықтың қөркем өнері. Қазіргі Қазақстан мәдениеті.


Білімдер:

тақырыптар бойынша материал: қоғам және мәдениет, мәдениет және өркениет, мәдениеттің дамуы, дәстүрлер, жалғастық, жаңашылдық. Мәдениеттегі ұлттық және жалпы адамзаттық.

өз халқының, ұлттық мәдени-тарихи құндылықтары, жалпыадамзаттық мәдениет жетістіктерімен үндестікті;

қазақстан мәдениетінің даму кезеңдерін, көнеден қазіргі заманға дейін мәдениеттің дамуын;



Іскерліктер:

мәдениеттану ұғымдарын еркін пайдалана білу;

материалдық және рухани мәдениеттің ерекшеліктерін түсіндіре алу.


БҚ 8

БҚ 9


ӘЭП 02

Философия негіздері

Философия пәні, дүниежүзілік философиялық ойлардың рухани негіздері; адам табиғаты мен оның тіршілігі;

Адам және Құдай; адам және космос; адам, қоғам, өркениет, мәдениет; тұлғаның бостандығы мен жауапкершілігі, адамзаттық таным мен қызметі; ғылым мен оның ролі; адамзат жаһандық кең мәселелердің қарсаңында.


Білімдер:

әлем туралы философиялық, ғылыми және діни көзқарастар, адам өмірінің мәні туралы;

ғылым мен ғылыми танымның рөлі туралы, оның құрылымы, формалары және этикалық мәселелері туралы;

адам мен қоғам өміріндегі философияның рөлін;

философиялық білімнің болмыс туралы негіздерін;

таным процесінің мәнін;

әлем туралы ғылыми, философиялық және діни көзқарастардың негізін;

тұлғаның қалыптасу жағдайларын;

өмірді, мәдениетті, қоршаған ортаны сақтауға қатысты жауапкершілік пен ерік туралы ұғымдарды;

ғылым, техника және технологиялардың дамуы мен жетістіктерін пайдаланумен байланысты әлеуметтік және этикалық мәселелерді;



Іскерліктер:

адамның биологиялық, әлеуметтік және дене тәрбиесі, рухани бастаулардағы мінез-құлқын анықтау;

адамның ой-санасының, саналы, санасыз жүріс тұрысының мәнін талдау;

қоғамдағы адамдармен арадағы адамгершілік қарым-қатынастарды реттеу;

болмыстың, таным, құндылықтар, еркіндік және өмірдің мәніндегі жалпы мәселелерін қарастыру, олардың азаматтық және болашақ маманның мәдениетін қалыптастыру;


БҚ 4

БҚ 5


БҚ 9

ӘЭП 03

Әлеуметтану және саясаттану негіздері

Әлеуметтанудың міндеті. Әлеуметтік тұжырымдама.

Қауымдастықтың әлеуметтік талдауы; әлеуметтік процесстер, институттар, ұйымдар. Әлеуметтік сұрақ қоюдың әдістері. Саясат және қазіргі қоғамдағы саясаттың рөлі. Саясат және саясаттану, шетелдік әлеуметтік саяси ойдың дамуы және пайда болу кезеңдері, оның идеялары мен теорияларының өзгерістері мен тегі туралы жүйелі түсінік. Әлеуметтік топтар және оның саясаттағы рөлі. Саяси билік жүйесі, пайда болуы, саяси мәдениет және оның компоненттерінің ерекшеліктері. Халықаралық қатынастар және ішкі саясат. Қазіргі заманғы жаһандық мәселелер және оны жеңу жолдары.


Білімдер:

әлеуметтану ұғымы;

қоғамның әлеуметтік құрылымын, оның критерийлерін;

әлеуметтану зерттеулерінің түрлерін;

саясаттанудың ғылым және оқу пәні ретінде түсінігінің болуы;

саяси билік туралы ұғымды;

азаматтардың негізгі саяси құқықтарын;

негізгі халықаралық ұйымдарды;

халықаралық қатынастардың негізгі принциптерін;

қазіргі заманғы глобалдық мәселелерді;



Іскерліктер:

биліктің мәнін, саяси тұлғаларды анықтау;

Қазақстандағы, әлемдегі жалпы саяси қарым-қатынастар мен процесстерді түсініп, өз мамандық аясында қолдана білу;

саяси жүйелер туралы көзқарас қалыптастыру.



БҚ 6

БҚ 7


БҚ 8

ӘЭП 04

Экономика негіздері

Тарихи доспардағы экономикалық теория. Жекеменшіктің маңызы, түрлері мен формалары; Бәселестіктің ұғымы, түрлері, қызметтері. Қазақстан Республикасындаға нарықтық экономика негіздерінің қалыптасуы. Сұраныс, ұсыныс, нарықтық баға. Кәсіпкерлік және жеке еңбек қызметі. Кіріс, қосымша кіріс. Экономиканы мемлекеттік реттеудің түрлері. Ұлттық және әлемдік валюта жүйесі.



Білімдер:

экономикалық теорияның жалпы ережелерін;

меншіктің формалары мен түрлерін;

Қазақстанның нарық жүйесінің қалыптасуын;

кәсіпкерлік формаларын;

Іскерліктер:

экономикалық ақпаратты тауып, пайдалана білу;

экономикалық терминдер мен ұғымдарды ажырата білу; -экономика әлемінде бағдар таба білу.


БҚ 8

БҚ 11


ӘЭП 05

Құқық негіздері

Құқық, түсінік, жүйе, деректеме. Қазақстан Республикасының Конституциясы

- құқық жүйесінің түйіні.

- Адам құқығының жалпы декларациясы. Тұлға, құқық, құқықтық мемлекет. Заңгерлік жауаптылық және оның түрлері. Құқықтың негізгі тармақтары, Қазақстан Республикасының соттық жүйесі, құқыққорғау ұйымдары.



Білімдер:

адам мен азаматтың құқы мен еркі, олардың жүзеге асу механизмдерін;

кәсіби қызмет аясындағы құқықтық және адамгершілік-этикалық нормаларды;

Іскерліктер:

маманның кәсіби қызметін реттейтін нормативті-құқықтық құжаттарды пайдалану.



БҚ 7

БҚ 8


ЖКП 00

Жалпы кәсіптік пәндер

ЖКП 01

Музыкалық психология мен педагогика негіздері

Музыкалық психология пәні. Музыканы қабылдау. Жеке айырмашылық психологиясы. Қабілеттілік, дарын. Музыкалық қабілеті. Музыкалық қызмет психологиясы. Музыкалық педагогика пәні. Музыкаға оқыту құралдары, әдістері, түрлері мен негізгі принциптері.Музыкалық-білімділік тұжырымдамалар. Қазақстандағы және шет елдегі музыкалық білім беру жүйесі.



Білімдер:

- музыкалық психология мен музыкалық педагогиканың қалыптасуы мен даму тарихын;

- психологиялық-педагогикалық және музыкатану ғылым жүйесіндегі музыкалық педагогика мен психологияның орны және қолданбалы мәні;

- Музыкалық педагогика мен психологияның қазіргі принцип негізіне жататын тұжырымдары мен тәсілдері;

- қазіргі уақыттағы ғылымның жетілуінің негізгі бағыттарын, музыкалық білімнің парадигмасын;

- қазіргі уақыттағы музыкалық білім беру мен музыка мәдениетінің мәселелерін;

- педагогика мен психологияның жас ерекшелігінің негіздерін;

- балалар музыка мектебіндегі балалармен жұмыс істеу ерекшеліктерін;

- музыкалық сабақтарды ұйымдастыру жүйесі мен әдістемелері, формалары, негізгі принциптерін;

Іскерліктер:

- музыкалық білім беру саласындағы заманауи психологиялық-педагогикалық тұжырымдаманы еркін бағдарлай білу;

- алған білімдерін жеке музыкалық-шығармашылық қызметінде, музыкалық –педагогикалық жұмысында және күнделікті өмірінде пайдалану;

- қазіргі заман негізіндегі талапқа сәйкес толық музыкалық-педагогикалық процессті ұйымдастыру;

- музыкалық қабілетінің қазіргі заманғы тестілеу әдістемесі диагностикасын,психикалық процесстерінің даму деңгейін,психикалық жағдайын т.б.пайдалану.


БҚ 3

КҚ 3.1.3


ЖКП 02

Музыкалық сауаттылық

Музыкалық мазмұн құрылымы, музыкалық тіл элементтері: лад және тоналдік түсінігі, интервал, аккорд, музыкалық сөз снтаксисі, ноталық мәтін талдау; музыкалық шығарма мазмұны контекстінің айқын тәсілдерінің мінездемесі, музыка тілін клавиатурада және жазба түрінде қолдану әдістері. Нота жазбасы (нота, ұзақтықтар, кілттер, альтерация және пауза белгілері; метр, (такт, өлшем, дирижерлау) және ритм (синкопа, ұзақтықтарды топтастыру).



Білімдер:

музыка тілінің маңызды элементтері және олардың өзара байланысы;

музыка сөзінің заңдылықтары, түрлі музыкалық теория заңдылықтары, түсініктер, анықтама, терминология.

Іскерліктер:

дыбысқатарын, интервалдар, аккордтар құру және ойнау;

интевалдар мен аккордтарды тоналдікке көшіру;

ноталық мәтінді талдау.



БҚ 1

БҚ 3


КҚ 3.1.4

ЖКП 03

Музыка теориясы

Музыкалық жүйе. Дыбыс белгілері.

Музыкадағы уақыт аралығы. Интервалдар. Лад және тоналдік. Аккордтар мен үндестік. Музыкалық синтаксистердің элементтері. Хроматизм, альтерация және энгармонизм.Тоналдік аралықтардың типтері. Әуен фактура. Транспозиция. Секвенциялар. Аккордтық емес дыбыстар және мелизмдер, нота жазуының қысқарту белгілері.


Білімдер:

тональді және модальді дыбысқатарларын, диатоникалық және хроматикалық интервалдар, аккордтар (үшдыбыс, септаккорд, нонаккорд құру принциптері, мажор мен минор тональдіктерінің өзара байланысы.

музыкалық материалдың мазмұндық фактурасы;

қарапайым және күрделі өлшемде вокалдық және аспаптық музыканы топтастыру принциптері;



Іскерліктер:

клавиатураны кез-келген октавада және "соль", "фа", "до" кілттерінде еркін меңгеру;

тональдік жоспарды анықтау, хроматикалық, диатоникалық және аккордтық, аккордтық емес дыбыстар, шағын музыкалық үзінді формасын;

қарапайым және күрделі өлшемде вокалдық және аспаптық музыканы топтастыру;

белгілі әдістермен транспозиция жасау;

белгілі бірдауысты әуенді теру және оған сүйемелдеу жасау.



БҚ 1

БҚ 3


КҚ 3.1.4

ЖКП 04

Гармония

Классикалық гармонияның негізгі заңдылықтарын үйрену. Музыкадағы гармония атқарымдары (конструктивті-композициялық, фоникалық, ладтық). Атқарымдық, атқарымды аккордтар жүйесі, гармониялық айналым. Әуен мен бас дыбысына гармония жасау. Толық атқарымдық жүйе. Хроматикалық жүйе: ладтағы аккордтардың альтерациясы, хроматикалық секвенция, бірінші дәрежедегі туыстас тональдіктер ауытқуы және модуляция.



Білімдер:

бағдарлама көлеміндегі классикалық гармонияның музыкалық ұйымдастырудағы теориялық негіздерінің заңдылықтарын (бірінші дәреже туыстас модуляциясына дейін);

әуен және бас дыбыстарын гармонизациялаудың негізгі ережелері;

классикалық және романтикалық гармонияның маңызды заңдылықтары;

гармонияның айқын және формақұру мүмкіндіктері;

Іскерліктер:

музыкалық мазмұнды ладтық жүйе көзқарасынан талдау, дыбысқатарларының ерекшеліктері (диатоникалық немесе хроматикалық ладтарды, ауытқу және модуляция қолдану), гармониялық жүйе (гармонияның модальді және атқарымды жағы), материалдың фактуралық мазмұны (фактура типтері), музыкалық материалды мазмұндау түрлері;

гармониялық көрсеткіштерді музыкалық шығарма мазмұны контекстінде мінездеу;

үйренген құралдарды фортепианодағы жаттығуларда қолдану, аккордтарды түрлі әуенде дауыстардың тар және кең қалыптарында орындау, каданстың барлық түрлерін, гармониялық айналымдарды, диатоникалық және хроматикалық секвенцияларды, қысқа модуляциялық формула және период түрінде бірінші дәрежедегі туыстас тоналдікке модуляция ойнау;

үйренген әдістерді гармонизацияға арналған жазбаша тапсырмаларда қолдану;


БҚ 1

БҚ 3


БҚ 10

КҚ 3.1. 4



ЖКП 05

Сольфеджио

Курс негізі – музыкалық есту қабілетін дамыту. Музыка теориясы, гармония курстарында алған білімді практикалық тұрғыда қолдану:

- есту қабілеті арқылы дыбыстап айту және анықтау;

- парақтан әндету;

- музыкалық диктант жазу техникасын дамыту.


Білімдер:

теория музыкасы мен гармония негіздері.



Іскерліктер:

әуендету және есту арқылы анықтау: тональдіктер, ладтар, басқыштар, интервалдық және аккордтық реттіктер, ауытқу және модуляция;

период түрінде жатқа бір-екі дауыстық диктант жазу;

ұсынылған бір және екі дауыстық музыкалық мысалдарды тез әрі таза әуендету.



БҚ1

БҚ 3


КҚ 3.1.4

ЖКП 06

Қазақ музыка әдебиеті және фольклор

Қазақ ұлттық фольклорының негізгі түрлері мен жанрлары; халық әні, қазақ ұлттық аспаптық музыкасы, эпос.

Дәстүрлі ауызекі кәсіби өнер; аймақтық мектептер (әндік және аспаптық).

Дәстүрлі жазба кәсіби музыкасының қалыптасуы; Қазақстан композиторларының шығармашылығы және негізгі жанрлардың дамуы; Қазақстанның қазіргі таңдағы музыкалық өнері.



Білімдер:

қазақ халқының бай мұрасы-көне тұрмыс -салттық ән және аспаптық фольклордың бір бөлігі, сонымен қатар ХХ-ХХІ ғасырдағы кәсіби композиторлық музыкасын;

қазақ музыкасының негізгі даму кезеңдерін;

ежелгі музыкалық өнер және музыкалық тілдің арнайы элементтерінің дамуы;

20 ғасырдың музыкалық өнері-өзекті мәселелер, даму тенденциялары;

тарихи кезеңге бөлу және отандық фольклордың жанрлық жүйесі;

халық шығармашылығын зерттеудің әдістемесі;

фольклордың синкретикалық формасын;

халықтық және композиторлардың әндері мен күйлерін білу және ажырата білу;

аймақтық әншілік және аспаптық мектептердің стильдік ерекшеліктері;

қазақ музыка мәдениетінің негізгі тарихи даму кезеңдері, негізгі бағыттар, стильдер мен жанрлар;

ұлттық композиторлық мектептердің құрылуы;

қазақ композиторларының шығармашылық өмірбаяндары;

бағдарламаға енген симфониялық, камералық- вокалдық, камералық-аспаптық және өзге де жанрлардың үлгілерін білу.



Іскерліктер:

ноталық мәтін және әдебиетпен жұмыс жасай білу;

білімін жазба және ауызша түрде кәсіби тұрғыдан сауатты жеткізе білу;

аймақтық мектептер мен кәсіби композиторлардың жеке- стильдік сипаттарын ажырата білу;

музыка мәдениетінің бүкіл кезеңіндегі қазақ композиторларының шығармаларын тани, әрі талдау жасай білу;

қазақ музыка әдебиетіне жататын әдебиеттерді ойнау, берілген тақырыптар бойынша рефераттар жазу.



БҚ 1

БҚ 3


БҚ 7

БҚ 10


КҚ 3.1.5

ЖКП 07

Әлем музыка әдебиеті

I бөлім: Еуропа елдерінің музыка әдебиеті. Музыка өнері түрі және оның айқын құралдары. XVII ғ. дейінгі музыка мәдениеті. XVII-XVIII ғасырлардағы музыка өнерінің жанрлық түрлерін құру және дамыту. XVII-XVIII ғасыр композиторларының шығармашылығы.

II бөлім: орыс музыка әдебиеті. Орыс музыкасының өзіндік ерекшелігі (XI ғ.). Халық музыкалық шығармашылығы (XII-XVI ғ.ғ). XVIII-XIX ғасырлар аралығындағы ақсүйек музыка мәдениеті. XIX-XX ғ.ғ. композиторлар шығармашылығы.


Білімдер:

музыка өнерінің мәдениет жүйесіндегі орны мен рөлі;

музыка мәдениеті дамуының негізгі тарихи кезеңдері;

шет еуропалық және орыс музыкасының көне, антикалық кезеңнен қазіргі заман кезеңі және ХXғ. музыка өнері дамуының негізгі кезеңдері;

дәстүрлі ұлттық, фольклорлық музыканың ерешеліктері;

батыс және шығыс еуропа, Ресей композиторларының өмірі мен шығармашылығы;

симфониялық, фортепиано, опералық, камералық-вокалдық, камералық-аспаптық т.б. музыка өнері жанрларының бағдарламалық деңгейі(есту қабілеті, нота мәтіні).

Іскерліктер:

түрлі бағыт, стиль және жанрдағы музыкалық шығармаларды ажырата білу;

музыкалық шығарма мазмұнындағы айқын көрсеткіштерді бейнелеу;

кез-келген музыкалық шығармаларды келесі параметрлер бойынша талдау: стилдік ерекшеліктер, жанрлық мінездеме, форма құрылымының ерекшелігі, фактура, метроритм, ладтық ерекшеліктер;

шағын музыкалық фрагменттерді нота бойынша және жатқа орындау;

оқу және шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында түрлі ақпарат көздерін қолдану.



БҚ 1

БҚ 3


БҚ 10

КҚ 3.1.5


ЖКП 08

Музыкалық шығармаларды талдау

Музыка түрлері мен жанрлары. Жалпы талдау туралы түсінік. Кезең, қарапайым түрлер.

Күрделі түрлері. Вокалды – камералық музыка түрлері.

Қарама-қарсылық құрас-тырмалы және шоғыр-ланған түрлері. Рондо және варияциялық түрлері. Сонаталық түрі және оның әр түрлілігі. Циклдық түрі. Еркін және аралас формалар.



Білімдер:

тарихи қалыптасқан музыкалық формалардың заңдылығын білу;

музыкалық ойлау мен форма түзудің дамуы туралы;

қарапайым және күрделі формаларды анықтау, вариациалық және сонаталық, рондо-сонатаны;

циклдық және аралас формалар туралы ұғым; музыкалық форманың бөліктері туралы;

вокалдық шығармалардағы форматүзуші ерекшеліктер туралы.



Іскерліктер:

кәсіби түрде талдау жасай алу және музыкалық формаға байланысты нота мен есту арқылы еркін анықтама жасай білу;

музыкалық шығарманы жанр, стиль, дәуір және композитордың жеке стиліне қарай қарастыра алу;

музыкалық шығарманы мазмұн тұтастығы және көркемдік форма жағынан талдау жасай білу;

музыкалық шығарманың маңызына дұрыс баға беру.


БҚ 1

БҚ 3


БҚ 10

КҚ 3.1.4


КҚ 3.1.5


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   141




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет