Техникалық және кәсіптік білім беру


Іс қағаздарды жүргізу қағидалары



бет8/101
Дата25.01.2022
өлшемі219,2 Kb.
#114106
түріКонспект
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   101
Байланысты:
тірек конспект мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізу
шешім 12.04.-19.04, Басқару стилінің қызметкерлердің қызмет жағдайларымен қанағаттануына әсері, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, Ағылшын тілі (2), нау3 лек, 8-наурыз Құттықтау, 9 дарис Аритмиялар. Кардиомиопатиялар. Кардионевроздар (1), 9 дарис Аритмиялар. Кардиомиопатиялар. Кардионевроздар, Документ Microsoft Word (6), ЕРИТИНДИЛЕР ТЕОРИЯСЫ-УМКД (1), 6В05101 биохим 2021, кәсіби

Іс қағаздарды жүргізу қағидалары

1. Жалпы ережелер


      1. Іс қағаздарды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалары) «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 167-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке сот орындаушысының іс қағаздарын жүргізудің тәртібін анықтайды.
      2. Заңның 8-бабына сәйкес атқарушылық іс жүргізу және оны жүргізумен байланысты іс-қағаздарын жүргізу тілі сот шешімінің немесе орындауға жататын өзге де құжаттың тілін ескере отырып белгіленеді.
      Атқарушылық іс-қимылдар жасаған кезде атқарушылық іс жүргізуге қатысушылар, егер олар атқарушылық іс жүргізілетін тілді білмейтін болса, өзінің бастамасымен немесе сот орындаушысының ұсынысы бойынша аудармашыны тарта алады.
      3. Іс қағаздарын және мұрағатты ұйымдастыру мен дұрыс жүргізу жеке сот орындаушысына жүктеледі.
      4. Жеке сот орындаушысының лицензиясының қызмет етуі тоқтатылған кезде жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы уәкілетті органның тапсырмасы бойынша лицензиясының қолданылуы тоқтатылған жеке сот орындаушысының мұрағатын, ағымдағы шоттағы қаражаттарын басқа жеке сот орындаушысына беру, сондай-ақ сот орындаушысының лицензиясын алып, уәкілетті органға беру және жеке сот орындаушысының жеке мөрін жою шарасын қабылдайды.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 27.02.2015 № 126 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет