Қолхаттың мазмұндық-құрылымдық жүйесі:
– құжаттың аты;
– қолхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі);
– қолхат алушы туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі);
– алынғат заттың атауы (егер ақша болса, көлемі санмен де, жазбаша да көрсетіледі);
-қайтарылатын нақты уақыты;
– қайтара алмаған жағдайдағы шарты;
– қолхат жазылған күн;
– тараптардың қолы;
– мекеме мөрі.
Сөздік:
қолхат- расписка
азамат- гражданин
мерзім-срок
кепілақы- задаток
қарыз- долг
ақша- деньги
уәде- обещание
қайтарып беру- вернуть, возвращать
алу-брать
кабылдап алу- принять
уақытында-вовремя
кепіл ақы- задаток
Үлгі:
Қолхат
Мен ИИТ-02-17 тобының студенті Мәлік Нұршаұлы, университеттің қазақ тілінде оқу залынан уақытша пайдалану ушін «Қазақстан» энциклопедиясын (бағасы 1000 теңге) алдым. Кітапты бір аптада қайтарып беремін деп міндеттенемін. Жеке куәлік нөмірі …
15 ақпан ,2003ж. (қолы)
Расписка
Я, студент группы ИИТ-02-17 Малик Нуршаулы, взял в читальном зале «Қазак тілі» для временного пользования энциклопедию «Казахстан» (стоимостью 1000 теңге). Обязуюсь вернуть книгу в течении недели.
Номер удостоверения личности.
15 февраля, 2003 г. (подпись)
Қолхат
Мен,Әйгерім Асылбекқызы Қозыбаева Алматы қаласы Таугүл-1 шағын ауданы 84 үй, 31 пәтердің тұрғыны, жеке басымның куәлігі №123456789 ҚР ІІМ-гі берген, Алматы қаласы Абай даңғылы, 25 үй, 64 пәтерде тұратын азамат АрманМұхитұлы Асқаровтан, жеке куәлігі №123456789 ҚР ІІМ-гі берген 3000(үш мың)АҚШ долларын алдым.
2003 жылы 15 қыркүйекте жасалган келісім-шартқа сәйкес 2003 жылгы 10-шы қыркүйектен 10 желтоқсанга дейін алынған ақшаның пайызын төлеп түруға міндеттенемін. Пайыз көлемі келісім-шартта көрсетілген. Азамат Асқаров Мұхитүлы Арманның міндетін орындауына басқа талабым жоқ.
10.12.2003жылқолы
Қолхат
Мен, ФИТ-02-Іқ тобының студенті Ержан Бауыржанұлы Хайрош, университеттің сызба-геометрия кафедрасынан штангенциркуль (500 теңге) алдым. Штангенциркульді бір жетіде қайтарып беремін деп міндеттенемін. Жеке куәлік №11655223.
24.03.03колы
Х.Б.Ержанның қолын растаймын.
СЕНІМХАТ – сенім білдірілген тұлғаға сенім білдіруші атынан (кәсіпорын, азамат) қандай да бір іс-әрекетті асыруға құқық беретін, олардың өзара келісімін куәландыратын құжат. Сенімхат мекеме атынан да, жеке адам атынан да беріледі. Ол мекеме атынан мәміле жасауға, материалдық құндылықтар мен ақша алуға немесе басқа да түрлі әрекеттер жасауға сенім білдіріп, құқық береді. Ресми сенімхаттар мекеме бланкіне рәсімделеді.
Сенімхат мекеме атынан берілсе, арнаулы бланкке жазылады да, мекеме басшысының қолы мен мөрі басылады.
Егер сенімхат жеке адам тарапьшан берілсе, сенімхат иесінің аты-жөні, құжатының аты мен нөмірі жазылып, колы қойылады. Төменгі жағына мекеме басшысы не нотариус сенімхат иесінін қолын растап, мөр басады.
Достарыңызбен бөлісу: |