4. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:(Түсіндірудің әдіс-тәсілі)
Сабақтың тақырыбы :«Үгілмелі қамыр әзірлеу» Жоспары: 1. Үгілмелі қамырдан дайындалатын тағам түрлері 2. Үгілмелі қамыр дайындау рецептурасы 3. Үгілмелі қамыр дайындау тәсілдері Жаңа сабаққа кіріспес бұрын бәріміз мына жұмбақтарға назар аударайық.
Бір құдықтың екі түрлі суы бар,
Қайнатса екеуі де мұзға айналады. (жұмыртқа)
Жатып қарасам екеуі де аппақ,
Татып қарасам тәтті – ақ. (қант)
Суықта мұз болып қатады,
Ыстықта балқып жатады. (май)
Ақ тікенді бүктедім,
Көк есекті жүктедім. (астық) Жұмбақтардың шешуі – біздің бүгінгі сабағымызда дайындалатын тағамымыздың құрамына қосылатын азық – түліктер екен. Қане, балалар кім айтады? Үгілмелі қамырдан қандай тағамдар дайындалады?Сонымен балалар«Өнерлі қол – бақытқа жол» деп біздер сіздермен сабақта үгілмелі қамырдаң жасалған кондитер бұйымдарымен таныстық.